Білім беру, ғылым және техника



Дата11.04.2023
өлшемі15,29 Kb.
#81496

Орындаған студент -Ериснбек Серикгул
Тобы-ФӨТ-21-013
Тексерген-Турсунбаева Салтанат Джалгасбековна


Білім беру, ғылым және техника
Ғылым және білім философиясы біріншіден, ғылыми-танымдық қызметті сипатын зерттейтін философиялық бағыт, екіншіден, ол білім жүйесін дамушы жүйе ретінде, адам қызметінің елеулі арнасы ретінде зерттейтін философияның бір бөлімі.Ғылым философиясы ХХ ғасырдың ортасында философияның бір тарауы ретінде пайда болса, ал философиялық бағыт ретінде ХІХ ғасырдың орта шенінде қалыптасқан еді: О. Конт, Г. Спенсер т.б.
Ғылымның пайда болуы туралы мәселе өзгеше күрделі. Бүгінгі таңда да ол туралы көзқарастар әртүрлі. Негізінен, пікірлер, біріншіден, ғылымның пайда болған уақыты мәселесіне, екіншіден, ғылымның шыққан орнына, үшіншіден, ғылымның пайда болуын негіздеуге болатын белгілерге қатысты өрбиді. Негізгі ұстаным – ғылымның алғашқы бұлақтары, – адамның еңбек құралын дайындауды бастағанын жан-жануарлар әлемінен бөліп көрсету шамасына қарай, – сол ең бір алыс замандардан (1,5-2 млн. жылдар бұрын) бастау алады деген тұжырым болып табылады. Көпшілік ғалымдар ғылым – ол қазіргі заманғы адамзат дамуының өркениетті кезеңінің жемісі деген ойға ден қояды. Біріншіден жағдайда біз философиялық зерттеулердің бағыттарының бірі ретінде технология философиясы туралы айтып отырмыз (ғылым философиясымен, дін философиясымен немесе құқық философиясымен қатар), екінші жағдайда біз бір нәрсе туралы айтуға болады , мысалга үмкіндиктер бірақ әлі де дамымаған , жетилмеген, философиялық ілім (мұнда аналогы, мысалы, өмір философиясы).Ғылым және білім философиясы біріншіден, ғылыми-танымдық қызметті сипатын зерттейтін философиялық бағыт, екіншіден, ол білім жүйесін дамушы жүйе ретінде, адам қызметінің елеулі арнасы ретінде зерттейтін философияның бір бөлімі.Техника тәжірибе, біліммен тығыз байланысты. XVII ғ. Алғаш еңбек машинасы жасалды. Техника жалпы тұрғыдан қарағанда адамды табиғатпен байланыстыратын, тек байланыстырып қана емес, табиғатқа әсер ететін және оның құпиясын ашып, пайдасын өзіне игеріп, қоғамды дамытуға қолданатын күш. Қазір адам қосымша энергия қуатын теңіз толқынынан, жел күшінен, күн сәулесінен ала бастады. Қазір мұның бәрі күрделі жолға қойылды. Ірі су электрстанциялары былай тұрсын, атом электр станциялары жұмыс істеуде. Қазіргі автоматтандырылған жұмыспроцестерін қолданып олардың дамуын үдету үшін адам программа жасайды, жұмысын бақылайды.Техника – деп жазды Карл Ясперс, – адамдардың күнделікті өмірін, қоршаған ортаны, еңбек процесі мен қоғамды түбімен өзгертіп, күшпен басқа салаға, жаппай өндіріс саласына көшірді, бүкіл өмірді кейбір техникалық механизмге, бүкіл планетаны бүтін бір фабрикаға айналдырды» (Ясперс К. Всемирная история философии. – М., 2000. – 113 б.).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет