Білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Аудандық білім саласы бойынша барлығы 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі



Дата24.04.2023
өлшемі1,7 Mb.
#85936

Білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы
Аудандық білім саласы бойынша барлығы 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі
Бөлім арқылы -12
Білім беру ұйымдары арқылы - 8
Балабақша
арқылы – 1
Мектеп және
бөлім арқылы – 1
    • Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидасындағы 1-қосымшаға сәйкес, "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес, "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығының қосымшасына сәйкес, "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығының 9-қосымшасына сәйкес, "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес, "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес, "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығына сәйкес, Экстернат нысанында оқыту және "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
    • Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес, "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына сәйкес, Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды беру қағидаларына 2-қосымшасы негізінде "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;
    • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 Бұйрығының Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі;

Қарағанды облысы білім басқармасының 19 қыркүйек 2022 жылғы № 575 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарына бара отырып ішкі бақылау жүргізу:
16-ақпан Ә.Бөкейхан атындағы ТМ (РО) жанындағы интернаты» КММ, «Ж.Кеңесбаев атындағы ЖББМ» КММ
17-ақпан «Ә.Ермеков атындағы ЖББМ» КММ
20-ақпан «Ақши НОМ» КММ, «Ә.Болғанбайұлы атындағы НОМ» КММ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет