Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшеліктері тақырыбына 2 тест сұрағы



Дата27.10.2022
өлшемі15,7 Kb.
#45855

  1. Білім берудің жаңа бағыттарының басты ерекшеліктері тақырыбына 2 тест сұрағы

1-ші сұрақ: 12 жылдық білім беру беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруге міндетті емес.
А. Өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін құзыреттілік
В. Кәсіптік қызметімен айналысу құзыреттілігі
С. Балалардың өз-өзімен жұмыс жасай білу қабілетін зерттеу құзыреттілігі
Д. Балалардың өз-өзімен жұмыс жасай білу қабілетін дамыту құзыреттілігі
Е. Педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті

2-ші сұрақ: Болашақ педагог заман талабына сай қандай болу қажет?


А. Жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы
В. Ата-анамен байланыс жасаушы
С. Оқушымен жеке жүмыс жасаушы
Д. Балаларға бағыт-бағдар беруші
Е. Оқушының деңгейін өзгелермен салыстырушы


  1. Білім берудің тұжырымдық үш үлгісі тақырыбына 1 тест сұрағы

1-ші сұрақ: Білім берудің жаңа үлгісіндегі іскерлік сипат неге бағытталған?
А. Өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыру
В. Шығармашылық қабілетті қалыптастыру
С. Балаларды деңгей деңгейімен оқытуды жою
Д. Балалардың топпен дамуына көңіл аудару
Е. Оқушылардың шығармашылықпен мектептен тыс айналысуын қадағалау

  1. Білім берудің жаңа бағыты бойынша өзіндік ұсыныс жасау

Менің ойым 5-6 сыныптарда математика курсы аптасына 5 күн оқиды. Сол бес күннің бірінде балаларды математика сабағы емес логика сабағы деп енгізсе керемет болатын еді. Себебі математика оның ішінде математика логика баланың ойын, тез ойлану қабілетін жаттықтыратын бірден-бір пән.

  1. Лекцияда айтылған адамдардың іс-тәжірибесін қарап, ұнаған 2 адамның идеясын жазу

Ырсбек Мәуіт
Бұл кісінің маған бастауыш сыныптарда балалардың логикалық ойлауын дамыту идеясы өте қатты ұнайды. Себебі, кейбір оқушылар 5-6 сыныпқа келгенде қарапайым нәрселерді түсінбей, қарапайым есептерді шығара алмай отырады. Бұған басты себеп баланың бастауыш сынып кезінде логикасын дамытпауында. Бастауыш сынып оқушылары тек қарапайым есептерді шығара алуы жеткіліксіз. Қосу азайту бөлу және көбейтуден бөлек оқушы жан-жақты ойлана білу керек. Ол үшін бастауыш сыныптардағы математика курсындағы тақырыптарды қайта қарастыру қажет деп есептейді. Тағы бір идеясы балалардың олимпиада есептерін шығару үйренуін, Қазақстанның болашақ олимпиадалық резервін бастауыш сыныптардан бастау керек идеясы өте керемет. Дарынды әрі логикасы мықты дамыған оқушыларды кішкене кезден олимпиадалық, стандартты емес есептерді шығаруға үйрету керек. Себебі ол оқушылар үшін мектеп стандарт есептер қызық емес болып қалуы мүмкін. Бұл баланың регресс жасауына себеп болуы мүмкін.
Ұлан Үсенов
Бұл кісінің бір артықшылығы химия пәнін аниме стилінде түсіндіреді. Мен мектеп кезінде химия сабағына қатты қызықпайтынмын. Және аниме көрушілер қатарынан емеспін. Алайда осы екі дүниені қосу арқылы көп оқушыларға химия оңай жолмен түсіндіре алды. Карантин кезінде, одан кейінде Тик-Ток желісінде көріп қалып, паракшасын бір қараймын деп бір сағаттай үңіліп қалғаным есімде.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет