Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
Құндылықтарды дарыту
Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
«Менің елім- Қазақстан» тақырыбын өту барысында өз Отанымыз туралы ой – пікірлерін ортаға салып, Отандарыңа арнап салған суреттерін көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.
«Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбын өту барысында өз Отанымыз туралы ой – пікірлерін ортаға салып, Отандарыңа арнап салған суреттерін көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады.Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан жәнеАргентинадан кейін 9-орын алады. Біздің еліміз Франциядан 5 есе,Италиядан 9 есе, Англиядан 11 есе үлкен. Мысалы, республика жерінеҰлыбритания, Франция, Испания, Германия, Аустрия, Нидерланд жәнеЖапония мемлекеттері сыйып кетер еді. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды.