Биология және биотехнология факультеті



бет1/4
Дата30.11.2022
өлшемі33,51 Kb.
#53856
түріҚұрамы
  1   2   3   4


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Биология және биотехнология факультеті
МӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанның ботаникалық географиялық картасы

Орындаған: Төлеуғалиева С.Т
Тексерген:б.ғ.к., доцент Божбанов А.Ж


Алматы, 2022
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстанның табиғат жағдайлары.
Қазақстан орасан зор Еуразия материгінің орталығында жайласқан. Ол дүниежүзіндегі аса ірі 10 мемлекеттің қатарына кіреді. Қазақстан жерінің ауданы 2,724 млн км2 .Еуразия материгінде Ресей федерациясы, Қытай және Индиядан кейін 4 орын, ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін 2-орын алады. Қазақстан аумағы солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шань тау жоталарының етегіне дейін 1600 кмге және батыста Еділдің төменгі ағысынан Алтайға дейін 3000 км-ге созылып жатыр. Орасан зор алқапты алып жатуының нәтижесінде мұнда алуан түрлі табиғат кешендері орын алады. Елдің батысы Шығыс-Еуропа, шығысы – Алтай-Саян, орталығы – Орталық Қазақстан, шығысы – Жоңғар Сауыр-Тарбағатай, оңтүстік-шығысы Орта-Азия таулы, оңтүстігі – Тұран физикалық-географиялық аймақтарына кіреді. Оның жазықтық бөлігін 4 табиғат зонасы кесіп өтеді (орманды-дала, дала, шөлейт және шөл). Қазақстан аумағы қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктеріде жайғасқан. Сондықтан оның жерінде қоңыржай белдеудің табиғат жағдайлары орын алады,ал қиыр оңтүстігі субтропиктерге өтпелі өңірге кіреді.
Жер бедері.
Жерінің үштен бірін ойпаттар мен аласа жазықтар, жартысынан астамын биік жазықтар, үстірттер және қыраттар мен ұсақ шоқылар алып жатады. Биік таулар республика аймағының 1/5-ін қамтиды. Қазақстан аумағы морфоқұрылымы жөнінен жазықтық платформалық және жасарған таулы аймақтар болып басты екі бөлікке бөлінеді. Қазақстан аумағының Еуразияның терең түкпірінде мұхиттардан әсіресе ылғалдың негізгі көзі Атлант мұхитынан алыста орналасуы оның климатының ерекше континенттік сипатын тудырады. Оның басты белгілері: температураның тәуліктік және жылдық амплитудалары үлкен, ауа құрғақ, қыс солтүстігінде ұзақ, әрі суық, оңтүстігінде қысқа болғанымен, суық, жазы жаппай ыстық. Ауа температурасы жыл, маусым және тәулік ішінде үлкен мөлшерде өзгереді. Оның географиялық таралуы күн радиациясының түсу мөлшеріне, ауа массаларына және жер бедеріне байланысты. Абсолюттік минимум температура – 50°–55°С-қа жетеді. Абсолюттік минимум оңтүстік аудандарда – 30°С-тан аса қоймайды. Жаз барлық жерлерде ұсақ әрі ыстық. Оған себеп радиациялық жылудың мол келуімен қатар, құрылықтың үстінде ауа массаларының жақсы қызып, трансформацияға ұшырауы. Шілденің орташа температурасы Қазақстанның солтүстік аудандарында 19–20°С, ал қиыр оңтүстікте 28–29°С-қа дейін барады. Абсолюттік максимум солтүстікте 38+40°С, оңтүстікте 45+46°С. Атмосфералық жауын-шашын Қазақстан аумағында аз түседі. Ол Қазақстанның Еуразия материгінің түкпірінде және ылғалдың негізгі көзі – Атлант мұхитынан алыста жатуымен байланысты. Жазық қуаңшылық аудандарда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері400 – 100 мм аралығында. Орманды дала зонасында 350 – 400 мм, дала зонасында 300 – 250 мм жауыншашын жауады. Ал шөлейтпен шөлді жерлерде жылдық жауын шашын мөлшері 200 – 100 мм.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет