Биологиялық қауіпсіздіктегі өндірістік жағдайлар Жоспар



бет1/6
Дата30.09.2024
өлшемі4,52 Mb.
#146153
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
biosafety


КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
Алматы – 2024
Биологиялық қауіпсіздіктегі
өндірістік жағдайлар
Жоспар
  • Кіріспе
  • Персоналдарға қойылатын талаптар
  • Негізгі өндірістік жағдайлар
  • Биологиялық қауіпсіздіктің негізгі аспектілері
  • Қорғаныс деңгейлері
  • Өндірістегі биологиялық қауіпсіздік шаралары
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін технологиялар
  • Қорытынды

КазНМУ им. С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Кіріспе
Биологиялық қауіпсіздік – адам денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін биологиялық агенттерден қорғауға бағытталған шаралар жиынтығы.
Биологиялық қауіпсіздік әртүрлі салаларда маңызды: медицинада, ауыл шаруашылығында, ғылыми зерттеулерде, фармацевтика және биотехнологияда.
КазНМУ им. С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Персоналдық принциптер
Дәрі-дәрмектің дұрыс өндірілуі кадрларға (персонал) байланысты. Сондықтан өндірушінің жауапкершілігіне жататын барлық міндеттерді шешу үшін кәсіпорында білікті кадрлардың жеткілікті саны болуы керек.
Әрбір қызметкер өзінің жеке міндеттерін түсінуі керек және құжатпен ресімделуі керек. Барлық персонал өз қызметтеріне қатысты тиісті өндірістік тәжірибе қағидаттарын білуі керек және өз міндеттеріне сәйкес бастапқы және тұрақты оқытуды, соның ішінде гигиеналық оқытуды алуы керек.
КазНМУ им. С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Персоналдарға қойылатын жалпы талаптар
• Өндірушіде қажетті біліктілік пен практикалық тәжірибесі бар қызметкерлердің жеткілікті саны болуы керек.
• Жоғары басшылық сапа менеджменті жүйесін енгізу және оның тиімділігін үнемі жақсарту үшін жеткілікті және сәйкес ресурстарды анықтауы және қамтамасыз етуі керек.
• Өнім сапасына қауіп төну мүмкіндігін жою үшін кез келген қызметкердің жауапкершілігі шектен тыс болмауы керек.
КазНМУ им. С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Қызметкерлерді оқыту
• Өндіруші еңбек міндеттері өндірістік және қойма аумақтарында немесе бақылау зертханаларында болуды талап ететін персоналды, сондай-ақ қызметі өнімнің сапасына әсер етуі мүмкін басқа да персоналды оқытуды қамтамасыз етуі керек.
• Сапа менеджменті жүйесі мен GMP қолдану теориясы мен тәжірибесін қамтитын негізгі дайындықтан басқа, әрбір жұмысқа қабылданған қызметкер өзінің қызметтік міндеттеріне сәйкес бастапқы дайындықтан өтуі керек.
• Ластану қауіпті аймақтарда жұмыс істейтін персонал (мысалы, таза аумақтарда немесе жоғары белсенді, улы, жұқпалы немесе сенсибилизациялық заттармен жұмыс істейтін жерлерде) арнайы дайындықтан өтуі керек.
КазНМУ им. С.Д.АСФЕНДИЯРОВА


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет