Бірін өз отбасы турап жесе, екінші нанды ылғи терезенің алдына қоя салады. Мұхтаждар жесін деп. Сол нанды терезенің алдына қойған сайын әйел алыс сапарға шыққан ұлы үшін дұға жасайды
Бірін өз отбасы турап жесе, екінші нанды ылғи терезенің алдына қоя салады. Мұхтаждар жесін деп. Сол нанды терезенің алдына қойған сайын әйел алыс сапарға шыққан ұлы үшін дұға жасайды. Бірнеше ай бойы баласынан хабар жоқ, баласының аман - есен үйге оралуын тілейді екен.
Бірде ол терезе алдына қойған нанды бір бүкір адамның күнде келіп алып жүргенің байқайды. Бірақ алғыс айтудың орнына әлгі бүкір: «Сен жасаған жамандық сенде қалады. Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады!» дейді екен.Әйел естіп алғыс айтудың орнына мұнысы нес деп кемпірге ызаланыпты. Осылай көп күн қайталанады. Алғыс сөз естімеген әйел шыдамай, бір күні осы не істеп жүрмін мен деп ойланады. «Неде болса, әлгі түрі ұсқынсыз бүкірден құтылайын» деп ойлайды да, екінші терезенің алдына қоятын таба нанға у қосып пісіреді. Піскен нанды терезе алдына қояйын дегенде қолы дірілдеп, мен не істедім деп қорқып кетеді де, нанды отқа тастай салады. Қайтадан басқа нан пісіріп, терезе алдына соны қояды. Бүкір күнде қайталайтын сөзі айтып, нанды әкетеді. Сол күні кешкісін есікті біреу қағады. Есікті ашқан әйел өз ұлы екенің көріп, қуанып кетеді. Баласының түрі адам шошырлық. Аш, жалаңаш, жүдеп - жадаған, үстінде жыртық киім.
- Апатай, үйге жеткеніме шүкір. Қалаға жете берер жерде адасып, артынша аштықтан көзім тұмантып, құлап қаппын. Бір бүкір кісі қолындағы нанымен бөлісіп, аман қалдым. Ол болмағанда өліп кетер ем, - дейді. - Бүкірдің күні бойы талғажау ететіні бір нан екен. Соның өзін маған берді, - дегенді естігенде әйел көзіне жас алып,жылап жібереді. Есіне таңертең у қосып пісірген нан түседі. Сол нанды отқа тастамағанда өз баласын өз қолымен өлтірген болар еді - ау... Әйел бүкірдің күнде қайталайтын: «Сен жасаған жамандық сенде қалады. Сен жасаған жақсылық өзіңе қайтады!» дегенін осы сөзді жан - жүрегімен анық түсінеді.