Бірінші сынпқа барумен болатын кедергілер



Дата11.12.2022
өлшемі0,7 Mb.
#56403
Байланысты:
Бірінші сыныпқа барумен болатын кедергілер

Бірінші сыныпқа барумен болатын кедергілер


Орындаған: Артықбаева Умида Нарбайқызы
Тобы: БОПӘ – 20/3
Қабылдаған: Ажибаева Роза Елибайқызы
Мектепке бала хрусталь шыныдай өте нәзік психикамен келеді. Баланың қай пәнге зейіні барына мән беріп, қалағанын оқуына мүмкіндік жасаса, жаман оқушы болмас еді.
Бір бала – көру арқылы білімді қабылдайды. Екіншісі – есту арқылы құлағына қағып алып, ертеңіне апайынан естігенін әріпін түсірмей айтып береді. Қызығы, олар өмірде де солай қалыптасады.
Бала психикасының қалыптасуына, болашақта өзіне қажетті жолын табуына бастауыш сыныптың атқарар ролі өте маңызды.
Білім министірлігі оқу жоспарын бар балаға бірдей деңгейде бекітеді. Талап етеді. Ең үлкен қателік: талапты орындауға барлығының мүмкіндігі бірдей ме жоқ па ескермейтіні.
1 – ші кедергі
Бір бала жылдам қабылдаған сабақты, екінші бала тап солай жылдам қабылдауы тиіс деп қарау, табиғатынан қабылдау қабілеті баяу бала үшін ең ауыр жаза. 
2 – ші кедергі
Табиғатымнан баяу қабылдаймын. Әлі күнге солай. Алғашқы күннен Үздік сыныптасым екеумізді бір партаға отырғызды. Ол апайдың тапсырмасын заулата оқып шығады. Мен әр сөйлемнің аяғына дейін оқып шығамын дегенше жан терім шығатын. Нәтижесінде ол – 5, мен – 2 аламын.
Апайымыз сабақты ең алдымен оған оқытатын. Заулата оқып шыққанына риза болып, мен сияқтылардың бетіне топастығымызды басатын. Ұяламын. Барымды саламын. Еш болмайды. Әр тоқсан сайын болатын ата-аналар жиналысы мен үшін соттан бетер болатын.
3 – ші кедергі
Өз басым партада жеке отырғанды қалайтынмын. Біздегі тағы бір кері әсер ететін мәселе – бір партада екі, немесе үш баланың отырғаны.
Күннің орта беліне дейін бір партада өзгемен бірге отырғаннан жаным сығылатын. Еркін қимылдағым, жаным қалай қаласа солай отырғанды армандайтынмын.
Ал, маған оның отырғаны, дәптерге қалай жазғаны, қаламсабын қалай ұстағаны ұнамай, жынымды келтіретін. Сабақ сайын қасыңдағы жыныңа жақпайтын жанның әдетіне шыдаудың бала үшін қаншалық азаптығын білім саласы неге ескермеске?
Шетелдік тәсілге қарасаңыз, әр баланың жеке орындығы бар. Әр бала жеке орындықта – жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік береді.
4 – ші кедергі
Бала өзіне қажеттіні қабылдайды. Санасы қажетсінбеген ақпаратты миын тесіп тастасаң да қабылдамайды. 
Ол үшін күллі сынып алдында намысына тиіп ұрсу, директорге сүйрелеу, ата-анасына арыздану дұрыс емес. Шындығында еш нәтиже бермейді. Керісінше – өшпенділікті өршітеді.
Үздіктің қасымда отырғаны уақыт өте келе жанымды егейтін болды. Әсіресе, бақылау сабағында. Ол, әлбетте, ең алдымен жазып қояды. 
Мен пысылдап отырғанда намысыма тиетіндей мысқылмен қарағанын көргенде, өлтіріп тастағым келетін. Мектеп қабырғасында төбелестің туындауына осындай жайттар тікелей әсер ететінін басымнан кешкендіктен айтамын.
Балаға бейтарап қарауға болмайды. Кішкентай баланың бойында қатыгездік басым. Өзінен тайсақтайтын баланы көрсе қорлап, табанға салғанды ұнатады.
5 – ші кедергі
Қорлыққа ұрынған баланың бойында өмірлік үрей қалыптасып қалмауына отбасынан қолдау көру – бала үшін өте маңызды фактор. Қателігін кешіре отырып қолдау көрсете, қорғай білсе, бала бойында сенімділік қалыптасып, өтпелі кезеңдегі жаман әдетке ұрынудан аман алып шығады.
Ата-анаң мен ұстазың өзіңді түсінетінін сезініп өскен баланың бойында үрей болмайды. Кез-келген қиындықтан аман шыға біледі.
Егер бала отбасында мейіріммен, махаббатпен өссе, айналасын қоршаған қатігездік пен нашақорлық секілді қасыретті бойына сіңірмей, кері лақтырып тастайтын қабылетпен жетілед
Табиғи қабілетіңе бола жазалану – қатыгездікке жетелейтін өте қауіпті фактор. Ата-анаң мен ұстазыңның жаратылған болмысыңды түсініп, барыңды қабылдай білгені – бала үшін ең үлкен бақыт екенін ескерген жөн.
Міне, таразының екі басын аз да болса саралауға тырыстым. Әлбетте, құзырлы министрлік ескерсе, сарапталса.
Қорытынды:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет