Біржан-қазақ халық музыкалық мәдениетің шоқтығының бірі Музыка



Дата15.04.2023
өлшемі17,21 Kb.
#82684

Біржан-қазақ халық музыкалық мәдениетің шоқтығының бірі
Музыка-өнердің бір саласы. Фальклорлық сатыда ол көбіне наным-сенім жүйесімен байланыста көрінетін болса, тарихи дәуірлерде кәсіби сипатқа ие болады. Қазақ халқының музыкалық мәдениеті де сан ғасырларды артқа тастап, дамып, жетіліп келе жатқан мәдени құбылыс.
Кез келген халықтың өзіне тән ұлттық мәдениеті, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи-этнографиялық ерекшеліктері болады.
20 ғасырдың бас кезінен Қазақ музыка фольклорының кәсіби негізде зерттелуі А.Затаевич, В.Успенский, В.Беляев, А.Жубанов, Б.Ерзакович, П.Аравиндер, ізденістерінен бастау алады. Қазақтың әншілік және күйшілік дәстүрін бергі жерде зерттеген ғалымдар санатына Г.Бесенова, А.Темірбекова, С.Кузембаева, Ү.Жұмақова, Б.Қарақұлов, С.Елеманова, А.Мұхамбетова, К.Жузбасов, А.Құнанбаева, Т.Қоныратбай қосуға болады.
А.Жұбанов көбіне 19 ғасырдағы әнші-күйші композиторлар шығармашылығын зерттеді. Халқына мұра болып қалған еңбектері «Замана бұлбұлдары» мен «Ғасырлар пернесі».
80-жылдары музыкантану ғылымында біршама ізденістер байқалды. Оған Б.Ерзакович пен З.Қоспақовтың музыка фольклорының тарихнамасына арналған зерттеулері, халқымыздың дүлдүл өнерпаздары-Жаяу Мұса, Абая, Ақан сері, Біржан сал, Қорқыт, Шәкәрім шығармаларына арналған жинақтар куә. (Т.Қонырат «Қазақ музыкасының тарихы» Алматы «Дәуір». 3-4бет)
Халқымыздың ғасырлар тереңінен жеткен музыка өнерлі үлкен екі арнада көрінеді. Олар: ән және аспаптық дәстүр. Зерттеущілердің анықтауынша, бұл екеуінен ерте туғаны ән жанры.
А.В.Затаевич сөзі бойынша: «Музыкалық шынайлығымен, жүректік жылулығымен, рухани мазмұндығымен, табиғи күші және сұлулығымен бірде-бір ән қазақтікімен тендесе алмайды», деген сөздері көңілге қуаныш ұялатады, бізді мақсаттандырады.
Ерте дәуірлерде ән, өлең бөлінбей, біртұтас күйінде болған. Оның ізі Қазақ халқының бақсылық дәстүрінен 19 ғасырға дейін көрініс тауып келді. Ондағы бақсы әрі әнші, әрі ақын, әрі композитор. Ол өзі тартып отырған қобыз сарынына қосылып ән салады және әруақтарға бағыштап өлең айтады. Сөйтіп бір өзі өнердің үш түрін қатар атқарады. Мұны өнердің біртұтастығы немесе синкреттік белгісі дейміз. (Т.Қонырат «Қазақ музыкасының тарихы» Алматы «Дәуір»2011. 18бет)
XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының әншілік өнерін сөз еткенде Біржан сал есімі айрықша көрінеді. Ол-ақын, әнші, композитор ретінде қазақ музыка мідениетін дамытып, биік белеске көтерген тұлға. Арқа жерінде ақындық-әншілік және коспозиторлық өнердің көркем үлгісін жасап, Біржан Қожағұлұлы —қазіргі Ақмола облысының, Еңбекшілер ауданында дүниеге келген. Әкесі Тұрлыбайдың тұңғышы, атасы Қожағұл қолында өсіп, тарихта Қожағұлұлы болып қалды. Жастайынан көзге түсіп ауыл арасында «әнші бала» атанып, халық әндерін орындап, өсе келе той-думандарға арнап шақыратын дәрежесіне жеткен. Осы салада едәуір жаңалық әкеліп, ән, айтыс, орындаушылық мәдениетінің шоқтығын көтерген халык композиторы, деп бағалаймыз.
Ә.Марғұланның, Ғафу Қайырбеков, Баянғали Әлимжановтың айтуы бойынша Біржан сал-сері, әнші композиторлардың бәрінің әкесі, ұстазы болған. Олар поэзия мен музыканы ұштастырып, қазақ мәдениетін өздерінің көркем шығармашылығымен байыта түскен. Біржанның әндері, айтыс өлеңдері сол кездегі қазақ тұрмысына қатысты күрделі мәселелерді қозғайды. Оның шығармалары қазақ музыкасындағы өрлеу бағытының көрінісі болды.
Композитор Біржан сал әндерінің басты тақырыбы-сүйіспеншілік пен махаббат. Осы сезім оның шығармаларының басым көпшілігіне арқау болған. Тіпті әлуметтік мәселелерге арналған әндерінен де ғашық жүрек лүпілі естіліп тұрады.
Біржан әндері қазақтың халық әндеріне өте жақын бірақ өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. «Ләйлім шырақ», «Жамбас сипар», «Ғашығым», «Ақтентек», «Көкек» нәзік сезімді, сулулыұқты жырлаған. Әлеуметтік мән-мазмұныменде «Жанбота» «Адасқақ», «Көлбай-Жанбай» құнды.
Біржан сал Қожағұлұлы қазақтың дара туған ерекше дарынды дана тұлғаларының бірі, табиғатынан өнер үшін айрықша жаратылған құбылыс, нағыз феномен. Ол заманында аса биік дауысына жан теңеспеген ұлы әнші, таңғажайып әндері ел жүрегінен мәңгі орын алған үздік композитор, өлең сөздің сұңғыла шебері, арқылы туған ақтангер ақын. Егер оның суырып салма айтыскерлігіне келсек, «Біржан мен Сараның» айтысы бұл дәстүрлі ұлттық өнеріміздің классикалық үлгісіне айналған теңдесі жоқ алтын мұра.
Қазақ музыка өнерінің аса көрнекті қайраткері, академик Ахмет Жұбанов өзінің «Замана бұлбұлдары» атты, көп жылдар бойында жүргізген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі ретіндегі кітабында Біржан сал жайлы асыл пікір білдірді. Онда: «Біржан қазақтың халық музыка мәдениетінің алыбы. Оның өмірі, творчествосын терең зерттеу, үлкен, терең, жан жақты еңбегін жарыққа шығару біздің бүгінгі таңдағы ардақты борышымыздың бірі. Біздің де «бүгінгі таңдағы» ардақты борышымыз ақын, әнші, композитордың шығармашылық алтын мұрасын ақындық, музыкалық, әлеуметтік эстетикалық, философиялық негізде жан жақты түрде түбегейлі зерттеп ел қолына жеткізу деп білеміз. Біржан-қазақ музыкасындағы дара құбылыс. Оның әндері қазақ музыкасын интонациялық тұрғыдан байыта түскен қымбат қазына. Біржан салдын еңбеңгі-онын өнері қалтқысыз адал, таза, асқақ, терен мазмұнды әндері мен өлендері. Ол әлі кунгк тірі! Ел аузында! Халық жадында, ұрпақ санасында! Ұлтымыздың рухани әлемінде!Өйткені оның жаны бар, қаны бар жалпы адамдық мазмұн мәні бар!
(Martebe.kz сайтыннан)

Қолданылған әдебиеттер



  1. Т.Қонырат «Қазақ музыкасының тарихы» Алматы «Дәуір»2011. 155-160б

  2. Бохай Қожаұлы «Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары» Алматы «Елтаным баспасы»2015. 493бет


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет