Тапсырма: Контекстік синонимдер және олардың стильдік қызметі.
Мақсаты: Тіліміздегі синонимдердің бірнеше түрі бар: лексикалық синонимдер, фразеологиялық синонимдер, морфологиялық синонимдер мен синтаксистік синонимдер. Бұл синоним сөздердің бәрі сөйлеудің әр түрлі сипатын білдіреді. Әр түрлі жағдайда қолданылады. Сондықтан олардың мағыналық реңдері біркелкі емес. Бірі жағымды, бірі жағымсыз, бірі кекесінді, бірі тұрпайы қолданылатынын зерттеу.
Талқылау сұрақтары: 1 Синоним сөздердің әр стильде қолданылу ерекшелігі
2 Синонимдер сияқты дублет сөздердің әр түрлі стильдік қызмет атқаруы
Тапсырма: Ұсынылған әдебиеттерді, газет-журналдарды, монографиялық еңбектерді пайдалана отырып баяндама дайындау.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. Балақаев М. және т.б. Қазақ тілінің стилистикасы. -А., 2001 ж.
2. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениеті. -А., 2000 ж.
3. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. -А, 2004 ж.
4. Қабдолов З. Сөз өнері. -А, 2003 ж.
5. Айғабылов А. Қазақ тілінің лексикологиясы. -А, 2004 ж .
6. Айтқазин Қ. Кәсіби лексика мәселелері. -А, 2000 ж.
Баяндама мен хабарламаны рәсімдеуге қойылатын талаптар: Баяндама толық 4 бетке дейін (суретті қоса есептегенде) Word 6.0, 7.0 for Windows 97-2000 редакторында, А4 (210х297) форматты парақта дайындалып берілуі тиіс, қолданылатын шрифт – Times New Roman, Kz Times New Roman. Интервал – 1. парақтың барлық жағынан 25 мм алаң қалдырылуы тиіс.
Материал төмендегі ретте орналасады: 1 қатар тастап – баяндаманың тақырыбы (бас әріптермен), 1 келесі қатарда мекеменің және қаланың аталуы, бір қатардан соң резюме (тақырыпсыз курсивпен) қазақ (орыс тіліндегі баяяндамалар үшін) немесе орыс (қазақ тіліндегі баяндамалар үшін) және ағылшын тілдерінде келтіріледі. Осыдан кейін бір қатар тастап, баяндаманың негізгі мәтіні басылады.