Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар



Дата02.06.2023
өлшемі36,53 Kb.
#97961

Жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Кеш жарық, қымбатты ұстаз - аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 - наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей ____________________________________________________________ әсем әнімен ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: 

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыздың құрметіне
____________________________________________________________________________________________ әнімен сахна төріне шақырамыз.

Жүргізуші: 

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті үнді биіне береміз.

Жүргізуші:

Ана деген – бастауы ұлылықтың.
Ана деген - рәмізі сұлулықтың.
Ана деген - бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

Олай болса __________ қарсы алайық.
Өнеріне сүйсініп тамсанайық.
Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!

Жүргізуші:

Бұралып біздің қыздар билеген де,
Шығыстың асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар
Құрбылар айтыңдаршы қандай адам - _____________өнерпаздарының биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Келесі кезекті күйге береміз. Сахнада ________________________________________ "______________________" күйін орындайды.

Жүргізуші:

Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары.

Келесі кезекте ______________________ "________________________________" атты поэзиялық туындысымен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: 

Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен.
Ән айтпақшы ______________________ - қыздарыңыз сіздерге
Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен, - дей келе _______________________________ «________________» атты шығармасымен ортаға шақырамыз.


Жүргізуші: 

Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
Өнерімен көрерменді тәнті ететін
Балалар келді міне толқып, тасып.

Жүргізуші:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
_______________________________________________- әсем әнімен ортаға шақырамыз.

Құрметті қонақтар, біздің бүгінгі шағын ғана мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті. Шуақты күндерде кездескенше!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет