Бизнес жоспар
1 2 Байланысты:БИЗНЕС ЖОСПАР
Жобаның ұйымдастыру жоспарыЖобаны жүзеге асыруда басты ұйымдастыру кезеңі 2020 жылдың шілде және желтоқсан айларында орын алатыны күтілуде. Жобаны жүзеге асырудың күнтізбелік жоспары
МАРКЕТИНГТІК ЖОСПАРНарық талдауы Қазіргі таңда құс шаруашылығы саласында да үнемі ізденіс қажет. Бір орында тұрып қалуға әсте болмайды. Себебі, нарықтық экономикадағы тегеурінді бәсекелестік өндірісті үнемі жаңғыртып, техникалық және технологиялық жағынан жаңарып отыруды талап етеді. Өнімді арттыру үшін құс фермалары уақыт талабына сай технологияларды пайдалануға тиіс. Ол үшін қомақты қаражат керек. Оның үстіне өндіріс құрал-жабдықтары мен оның қосалқы бөлшектері өз елімізде өндірілмейді. Құс шаруашылығына қажет жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала сақтану үшін қолданылатын дәрі-дәрмек те, құстарға берілетін азықтың қоректік сапасын жақсартатын биологиялық қоспа да сырттан әкелінеді. Соңғы жылдары құс шаруашылығы саласын мемлекет тарапынан қолдау бар. Оны бұл салада жұмыс жасап жатқандар кәдімгідей сезінуде. Құс өсірушілер одағы бұл саладағы біраз мәселелердің шешілуіне мұрындық болып жүр. Салада жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді мемлекеттік органдардың назарына салып, жұмыс-шы тобының кеңестеріне қатысуда. Құс етіне сұраныс жыл өткен сайын ар-та түсуде. 2000 жылдары бар болғаны 53,2 тонна құс етін пайдалансақ, қазіргі сұра-ныс 250-300 мың тонна екенін айттық. 2000 жылдары кісі басына шаққанда жылына 3,6 келі құс етін тұтынатын болсақ, қазір бұл көрсеткіш 20 келіге жақын. Елдің әл-ауқатының жақсаруы олардың дастар-қан мәзірінен де байқалады. Қай кезде де тұтынушы қалтасына қарай сауда жасайтыны белгілі. Бір қуанарлығы, елдің құс етіне деген сұранысы артқан сайын, оны өндіру көлемі де ұлғайып келе жатқан-дығы. 2000 жылдары елімізде бар болғаны 16,7 мың тонна құс етін өндіріп, негізінен, импортқа тәуелді болсақ, жыл өткен сайын отандық өндірушілердің адымы ашылып, тек өткен жылдың өзінде 138 мың тонна құс етін өндіргенін әңгімеміздің басында тілге тиек еттік. Демек, елде құс шаруашылығы саласының болашағы зор екенін осы деректерден-ақ аңғаруға болады. Болашағы бар, қолдан келетін осындай кәсіпті жергілікті тұрғындардың игергені қажет-ақ. Өнімді өткізу жоспары Өнімнің бағасы өзіндік құны мен бәсекелестердің бағаларына негізделіп, құрылады. Бұл жағдайда нарықта қалыптасқан баға деңгейіне маңызды көңіл аударылады. Бұл жүйеге сәйкес бағаның қалыптасуы нарықта орын алған бәсекелестік жағдай мен шаруашылықтың ахуалы ескеріледі. Жоба ұсынушы өнімді сатуда барлық бағытта жұмыс жасайды. Бұл дегеніміз: нарықтағы базар сияқты сауда орындарында тікелей сатуды да, Интернет желісінде де, басқа да жолдарды қамту көзделіп отыр. Тұтынушылар Шаруашылықтың тұтынушылары: Ақжар ауылы,Жосалы кенті, Қармақшы ауданы мен Қызылорда облысының тұрғындары мен кәсіпкерлері. SWOT-талдау
ӨНДІРІС ЖОСПАРЫӨнім сипаттамасыТағамдық жұмыртқалар қоректік заттектердің бәрі болатын бағалы тағамдық өнім. Калориялы жөнінен тағамдық жұмыртқаның қондылығы орташа сиыр етіне парапар. Тамаққа негізінен тауық, бөдене, мысыр тауығы жұмыртқасы пайдаланылады. Тағамдық жұмыртқаның сапасын бағалау үшін стандарттар мен техникалық шарттар белгіленген: осылар бойынша, сондай ақ сақталу мерзімі мен әдісіне қарай, сапасы мен массасы есепке алынып, диеталық және асханалық болып бөлінеді. Диеталық жұмыртқалар жаңа, сапасы жоғары, суық температурада ұсталмаған, тұтынушыға 7 күннен артық сақталмай жеткізілген жұмыртқа. Тағамдық жұмыртқаның құрамында 26% құрғақ заттек, соның ішінде 12 – 13% протейн, 12% липид (липидтің 99% сары уызы болады), 1% көмірсулар және 1% минералды заттектер бар. Тағамдық жұмыртқаның ақуызында 60% ке жуық алмастырылмайтын аминқышқылдары, ферменттер соның ішінде лизоцим және глюкопротейд авидин болады. Сары уыздың түсі оның құрамындағы каратиноидтердің болуына байланысты. Тағамдық жұмыртқа құрамында сондай ақ микроэлементтер (20 – дан астам), дан астам, А, В, Е, Д және басқа витаминдер болады. Тағамдық қасиеттерінің әсіресе ұзақ сақтаған кезде сақталуы үшін оларды меланжға және жұмыртқа ұнтағына айналдырады. Мелогок 8 – 10 ай, жұмыртқа ұнтағы 2 жыл сақталады. Құстардың белгілі бір кезең (ай, жыл) ішінде жұмыртқалауы жасына, тұқымына, қорасы мен қоректік жағдайына байланысты. Тауық 4, 5, 6 айдан бастап, күркетауық 6, 5, 8, соң жұмыртқалай бастайды. Бір жылға есептегенде тауық 150-280, күркетауық 100 – 150, жұмыртқа табады. Құстар 10 жылға дейін және одан да көп уақыт жұмыртқалайды. жүктеу/скачать 96 Kb. Достарыңызбен бөлісу: 1 2 |