Бөж Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері



Дата18.12.2023
өлшемі46,26 Kb.
#140525
түріКодекс

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика, басқару жəне құқықтану факультеті
Құқықтану кафедрасы



Бөж


Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген принциптері

Тексерген: Паридинова Айгүл


Орындаған: Нурымбет АҚНИЕТ
Тобы: ЗҚТ111-F

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қылмыстық процесс мазмұны мен ұғымы.
Қылмыстық іс жүргізудің жалпы сипаттамасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Қылмыстық процесс принциптері негізінен Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген және бекітілген, сонымен қатар Қылмыстық іс жүргізу кодексінде басқа да заңдарда айкындалған.«Ргіпсірuт» сөзі — принцип, латыннан шыққан, бір нәрсенің негізі немесе негізгі бастамасы, шығу жағдайы дегенді білдіреді.
Қылмыстық процесс ұғымы мен мазмұны
Қылмыстық процестің принциптері деп қылмыстық процестің сипаты мен мәнін анықтайтын, қылмыстық сот өңдірісінің субъектілеріне бағытталған, мемлекеттік-билік талаптарын айкыңдайтын, жетекші құқықтық нормаларды, негізгі идеяларды атау қабылданған.
Қылмыстық процестің жалпы және жеке (нақты) нормала-рының өзара байланысы барлык кылмыстық істер бойынша қолданудың тұтастығы мен тәртібін, сот өндірісіндегі Заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді және қылмыстық процесс принципі ретінде оның бір немесе бірнеше сатыларында әрекет ететін мән-жайлар танылуы мүмкін.


АПК 22 қағида көрсетілген. Осы қағидалардың біреуі қылмыстық іс жүргізуде бұзылуы соттың шешімін жарамсыз деп тануға негіз болады.


Заңдылық
Сот төрелігiн соттың ғана жүзеге асыруы
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау
Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу
Жеке басқа қолсұғылмаушылық
Қылмыстық iстер бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Жеке өмiрге қолсұғылмаушылық. Жазысқан хаттардың, телефон арқылы сөйлескен сөздердің, пошта, телеграфарқылы және өзге де хабарлардың құпиясы
Тұрғынжайға қолсұғылмаушылық
Меншiкке қолсұғылмаушылық
Кiнәсiздiк презумпциясы
Қайтадан соттауға және қылмыстық қудалауға жол бермеушілік
Сот төрелігiн заң мен сот алдындағы теңдiк бастауларында жүзеге асыру
Судьялардың тәуелсiздiгi
Сот iсiн жүргiзудi тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негiзiнде жүзеге асыру
Iстiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу
Дәлелдемелердi iшкi сенiм бойынша бағалау
Қорғалуға құқығы бар куәнің, күдіктiнiң, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету
Білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету
Куәлiк айғақтар беру мiндетiнен босату
Жариялылық
Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi
Процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi
Процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы

Қылмыстық процесс принциптері мынадай белгілермен сипатгалады:





  • қылмыстық процесс принциптері барлық қылмыстық ісжүргізу қызметінде қолданылады;

  • олар қоғамдык дамудың нақты әлеуметтік-экономикалық шарттарына сәйкестендіріледі;

  • принциптер қылмыстық сот өндірісін жүзеге асырудың негізі болып табылады

  • қылмыстық процесс принциптері құқықтық нормалардабекітілген идеяларды айқындайды;

  • кылмыстық процестің жеке принципі басқалармен тығыз байланысты болады және бірыңғай жүйені құрайды.

Қылмыстық сот өңдірісінің барлық принциптері құқықтық, негіздер жиынтығын, яғни принциптер жүйесін құрайды.


Қылмыстық процесс принциптерінің мәні.
Қылмыстық процесс принциптерінің мәні сот әділдігі органдарының іс жүргізу барысындағы шешім қабыддау кезіңде заңдылықтың сақталуымен тұжырымдалады.

Қылмыстық процесс принциптерінің жалпы сипаттамасы


Қылмыстық іс жүргізу принциптерін қарастыра келе, олардың ішінен сот әділдігі органдарынын қызметінде бұзылуы жиі орын алатын, өте мәнді болып есептелетін бірқатар принциптеріне тоқталған жөн.
Заңдылық принципі. Заңдылық принципі — құқык саласын-дағы оның ішінде қылмыстық процестегі жетекші принцип, мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлык саласында да әрекет ететін, әмбебеп, жалпы мемлекеттік, жалпы кұкықтық кон-ституциялық принцип. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 3,4, 6, 7, 8, 12—19, 25, 26, 5—77 және баска баптарында карастырылған.
Қылмыстық сот өндірісіңце заңцылық принципі ҚР Қылмыстык іс жүргізу кодексінің 10-бабыңда бекітілуімен айрықша маз-мұнға ие болады. Бұл қүкыктық принцип сотты, прокурорды, тергеушіні, анықтау органдарын және басқа да қылмыстық процеске қатысушыларды занды дәл сақтауға міндеттейді.
Қылмыстық процестегі зандылык принципі оның сақталу кепілділігімен тағайындалады. Олар:
-қылмыстық процестегі баскару функцияларын ҚПК көзделген тек басқаруға окілетті мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар ғана жүзеге асыруға тиіс.
- Қылмыстық іс жүргізу әрекеттері занда көзделген ісжүргізу қалпында жүзеге асырылады;
- Барлық іс жүргізу әрекеттері тек занды негізі бар жағдайда ғана жүзеге асырылады;
- Дәледемелер мен айғактарды жинақтау және нақтылау қылмыстық іс жүргізу заңында кәзделген тәртіп пен ережелерге сәйкес жүргізіледі;
- Занды бұзу жолымен алынған дәлелдемелерді қолдануға тыйым салынады;
- Қылмыстық іс жүргізу кодексіне кайшы келетін зандарға жол берілмейді;
- Басқару органдары мен лауазымды адамдар, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын сақтауда, олар үшін занда көзделген өз біліктілігі шеңберінде ғана қатаң әрекет етуі тиіс;
- Қылмыстық іс жүргізу кызметі барысындағы шешім қабыддау қылмыстық және іс жүргізу нормаларына негізделуі тиіс.
Қылмыстық процестің әртүрлі сатысыңдағы қылмыстық іс жүргізу өндірісі барысында қылмыстық іс жүргізу заңының бұзылуы іс жүргізу шешімдерінің күшін жоюға әкеліп соғады.
Кінәсіздік презупциясы.
 «Адамның кінәлі екеңцігі занды түрде күшіне енген сот үкімі танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі. Айыпталушы езінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады». Бұдан кінәсіздік презупциясы қайсыбір адамның айыпталушыға жеке басының қарым-қатынасы емес, объективті құкықтық жағдайды анықтайтындығын білу маңызды.
Өзінің мазмұны бойынша қарастырылып отырған принцип қылмыстық процестің мынадай конституциялық идеяларын қамтиды:

  • кінәсіз бірде-бір адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиісті емес және сотталмауы керек.

  • занда көзделген тәртіптен және негіздерден басқаша болса ешкім де кінәлі ретінде тартылмауы керек.

  • айыпталушының кінәсін дәлелдеу сот талқылауына қатысушы айыптаушының міндетіне жатады.

  • айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес (ҚР Конституциясы мән-жай жан-жақты, толық және объективті зерттелуі тиіс 
    Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі

  • Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу зандарын қолдануда туындаған күдіктің барлығы да айыпталушының пайдасына шешілуі тиіс;

  • Егер үкім сот мәжілісінде сотқа ұсынылған дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылса, ол негізді және занды деп танылады

  • Сот әділдігін заң мен сот алдындагы тендік негіздерінде жүзеге асығу. Сот әділдігі заң мен сот алдындагы тендік негізінде жүзеге асады. Қылмыстық сот ісін жүргізу барысында ешкімді шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге катысы, сенімдері, тұрғылық-ты жері бойынша немесе өзге де кез келген мән-жайлар бойынша қандай да болсын кемсітушілікке ұшыратуға болмайды

Заң барлық азаматтарға қатысты бір ғана іс жүргізу тәртібін белгілейді. Қылмыстық істің соттауға жататындығы жөніндегі ереженің болуы бұл принципке қайшы бола алмайды, себебі, азаматтарға ешқандай жеңілдік берілмейді, мәселен, олардың ісі, бірінші сатының өзіңде-ак, аудандык сотта емес, облыстык сотта қаралған жағдайда да. Бірдей іс жүргізу мәртебесі бар күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге, куәгерге, сотталушыға және басқалардың барлығы үшін де заң тең құқықтар мен міндеттер жүктейді.


Бұл адамдардың әлеуметтік, лауазымдық жағдайларына немесе діни көзқарасына байланыссыз, олар үшін тек ҚР ҚПК нормалары қолданылады, ал бұларға арналға басқаша алып тас-тау немесе ерекше Кодекс жоқ дегенді біддіреді.
Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтыгы негізінде жүзеге асыру. Бәсекелестік — айыптау, қорғау функцияларын ажырататын және негізделген, әділ шешім шығару мақсатындағы сот әділдігін жүзеге асыратын қылмыстық процестің принципі. Қылмыстық сот ондірісіне қатысушы тараптардың құқықтары тең, оларға ҚР Конституциясы, Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша оз айқындама-ларын қорғауға бірдей мүмкіндік берілген. Тараптар қылмыс-тық сот өндірісінде өзінің айқындамасын дербес және сотқа, басқа да органдар мен адамдарға тиәуелсіз қорғаудың әдістері мен құраддарын тандайды.

Тараптар сотқа дәледдеме беруде және іс жүргізу айқында-масын қорғауда тең құқықтар қолданылады. Бұл принцип соттың істің мән жайын анықтау үшін объективті шындықты белгілеуге белсенді ықпалын тигізеді. Заң шығарушы кылмыстық процеске бірден-бір қатысушы қылмыстық іс жүргузі заңында кезделген тек қана өзінің кызметін атқаруын қарастырған. Ол процеске қатысушы басқаның қызметін атқара алмайды. Мысалы, прокурор соттың қызметін, куәгер — айыпталу-шының, тергеуші — сарапшының, т.б.



Заң сот талқылауына катысушылар жүзеге асыратын іс жүргізу қызметтерінің сипатын анықтайды:

  • прокурор мемлекеттік айыптауды қолдайды

  • Қорғаушы қорғауды жүзеге асырады

  • сот сот билігі органы ретінде айыптау мен қорғау қызметтерінен ажыратылған сот әділдігі функциясын жүзеге асырады.


Істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу. Қылмыстық процестің бұл принципінің мәні соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтау жүргізуші адамның істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығы, толықтығы және объективтілігі үшін занда кезделген шаралардың барлығын қолдану, айыптыны айғақтайтын да ақтайтын да сол сияқты жазаны жеңілдететін де ауырлататын да анықтау міндеті болып табылады.
Қылмыстық процестегі жан-жақтылыкты зерттеу дегеніміз дәлелдеулерге қатысты іске маңызды деп танылатын барлық мән-жайларды ашып көрсету болып табыладыСол сияқты айыптау үкімі болжауларға негізделуге тиісті емес, және сот талқылауы барысында сотта-лушының қылмыс жасаудағы кінәсі соттың дәлелдемелерінің жиынтығымен бекітілген жағдайда ғана қаулы шығарылады
Зерттеудің толықтылығы деп іс бойынша негізделген шешім қабылдау үшін қажетті дәлелдемелер жиынтығы қамтамасыз етіліп барлық мән-жайлардың анықталғаны түсіндіріледі.
Қылмыстық процесті зерттеудің объективтілігі соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушы адамның дәлелдемелер жинаудағы, тексерудегі және оны бағалаудағы теріс қылыққа жол бермей әділдік көрсетуін біддіреді.
Іс материалдарын зерттеудің объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында заң судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, қорғаушы, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сарапшы және аудармашы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге өздерінің қаты-сын жоққа шығаратын мән-жайлар болған кезде кылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудан шеттетілуге міндетті немесе оларға қылмыстық процеске қатысушылар қарсылық біддіретінін мәлімдеуге тиіс
Күдіктінің, айыпталушының және сотталушының қорғану құқығын қамтамасыз ету. Бұл принциптің құкықтық кепілдігі қылмыстық іс жүргізу баптарында көзделген. Бұл құқықты олар жеке өзі де, қорғаушының кемегімен де жүзеге асыру мүмкіңцігі бар. Қорғану құқығы — бұл күдіктінің айыпталушының қылмыс жасау күдігінен айыптаудан қорғану максатындағы өзін ақтау үшін бұл айыпты немесе күдікті жоққа шығару мүмкіндігін беретін, өзінің бұл қыл-мыска қатысы жоқ екендігін, бұл туралы айғақтар мен дәлелдемелер келтіретін немесе жауаптылықты жеңілдететін іс жүргізу құқықтарынң жиынтығы.
Тек айыптаушының айқындамасы мен қылмыстық іс бойынша сот талкылауы барысында объективті шындықты айқындау мүмкін емес, сондықтан күдіктіні айыпталушыны және сотталушыны қорғау құқығы мен пайда болған күдік немесе тағылған айыпты жоққа шығару үшін заң белгілеген іс жүргізу құқықтарының барлық жиынтығымен қамтамасыз етпей, қылмыстық процесті жүргізуге болмайды.
Қылмыстық процесті жүргізуші орган күдіктіге, айыпталушыға, оның ұсталуы, қамауға алынуы, тінту жүргізілуі, ол жөнінде кылмыстық істің козғалуы және басқа да іс жүргізу әрекеттері туралы түсінік беруге міндетті

Бұл орайда күдікті не айыпталушының төмендегідей құқықтары бар:



  • өзінің не жөнінде күдікті немесе айыпты екенін білуге;

  • түсініктеме беруге, өз жауабын өз қолымен жазып беруге;

  • дәледдемелер келтіруге;

  • өтініш айтуға және карсылык білдіруге; қорғаушы алуға;

  • айыптау қорытындысы жасалып болған соң, істі барлық материалдарымен танысуға;

  • өзі қатысқан тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға;

  • анықтаушыға, тергеушіге, судьяға, прокурорға, сондай-ак сарапшыға, маманға, айғақ адамға (куәгерге), сот отырысы хатшысына және аудармашыға қарсылық біддіруге, өзінің наразылығын айтуға;

  • үкімге немесе сот қаулысына шағым білдіруге. 
    Қорғану құқығы оны жүзеге асыру кепілдігімен ажырамас бірлікте. Анықтаушы адам, тергеуші, прокурор және сот күдіктінің, айыпталушының не сотталушының занда тыйым са-лынбаған құраддар және әдістермен қорғану мүмкіндігін қам тамасыз етуге, сондай-ақ олардың жеке және мүлікті құқықта-рын қорғауға шаралар қолдануға міндетті 

Жариялылық.
Жариялылық — азаматтар мен жұртшылық ақпарат алуға мүмкіндік беретін, қылмыстық сот өндірісінің ашық болуын қарастыратын, қылмыстық процесс принципі. Бұл принцип кобіне сот талкылауы сатысына тән болып келеді. Со-нымен қатар, ол кылмыс процесінің басқа кезендерінде де кездеседі.
Қылмыстық істерді талқылау барлық соттар мен барлық сот сатыларында ашық жүргізіледі Нақты іс бо-йынша қатысушы болып табылмайтын азаматтар сот мәжілісі залына еркін кіріп, тындап, сот процесін көруге құқығы бар.
Сот өндірісіндегі жариялылықка шектеу қою мүмкіндігі ту-ралы адам құқығын және негізгі бостандықты қорғау туралы европалық конвенцияның алтыншы бабында айтылады, онда: «Баспасөз бен көпшілік барлық сот талқылауына не оның бөлімдеріне моральдык тұрғьщан, қоғамдық тәртіпті не демо-кратиялық қоғамдағы үлттық қауіпсіздікті сақтау тұрғысынан жіберілмеуі мүмкін, сол сияқты егер бұл жасы толмағандар мүддесі талап ететін болса немесе тараптаардың жеке өмірін қорғауға қатысты болса, кейде соттың пікірі бойынша өте қажет ерекше жағдайларда жариялылық сот әділдігі мүддесін бүзатын болған кездерде жіберілмейді».
Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының жариялылығын шектеуге, ол мемлекеттік құпияны қорғау мүдделеріне қайшы келгенде ғана жол беріледі.
Бұдан басқа жабык сот талқылауы соттың уәжделген, дәлел-демелерге толы каулысына сәйкес темендегі істер бойынша іске асырылады:

  • жасы толмағандардың қылмыстары туралы;

  • жыныстық қылмыстар туралы;

  • іске қатысушы адамдар өмірінің құпиясы туралы мәліметтерді жария етпеу максатындағы іс-әрекет

Қорытндылай келе, қылмыстық процестік Кодексте көзделген қағидаларың сақталуы міндетті.Қылмыстық процесс принциптерінің біреуі сақталмауы мыналарға әкеліп соғады:



  • соттағы қылмыстық істі алып тастауға және оны қайтадан қосымша тергеуге жіберуге немесе жаңадан сот тергеуін жүргізуге;

  • анықтау, тергеу оргаңдарының немесе кылмыстық іс бойынша сот шешімдерін алып тастауға,жарамсыз деп тануға;

  • қылмыстық іс бойынша тергеуде жинақталған материалдарды дәлелдемелік күші жоқ деп тануға.



Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Қaзaқстaн Республикaсының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ.
2 Қaзaқстaн Республикaсының Конституциясы.
3 2012 жылғы 14 желтоқсaн «Қaзaқстaн-2050» Стрaтегиясы қaлыптaсқaн мемлекеттің жaңa сaяси бaғыты ҚР-ның Президентінің хaлқынa жолдaуы
4Егемен Қaзaқстaн. 15 желтоқсaн 2012 ж. - №437-438. – С. 4-7.3 2014 жылғы 4 шілдедегі Қaзaқстaн Республикaсының Қылмыстық-процестік кодексi
5Қылмыстылықпен күресудің қaзіргі зaмaнғa мәселелері" тaқырыбындaғы хaлықaрaлық ғылыми-прaктикaлық конференция мaтериaлдaры. – Aлмaты, 2003. – Б. 145-150.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет