Бөж тақырыбы: Екі қабатты негізі бар протездер жасауға арналған материалдардың салыстырмалы сипаттамасы. Орындаған: Тахан Бекзат Тобы: 201 стоматология Тексерген: Адильбек Бейсенович жоспар
Астана медициналық КеАҚ
Ортопедиялық стоматология және балалар стоматологиясы кафедрасы
БӨЖ Тақырыбы: Екі қабатты негізі бар протездер жасауға арналған материалдардың салыстырмалы сипаттамасы.
Орындаған:Тахан Бекзат
Тобы:201 стоматология
Тексерген:Адильбек Бейсенович
ЖОСПАР:
Алмалы протездердің орнатылуы және олардың ерекшеліктері;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Толық алмалы-салмалы протез бұл-тіс қатарында барлық тістер болмаған уақытта қолданылатын протез. Барлық тістердің болмауы дистрофиялық (тіс жегісі, пародонтоз) және жарақатты процестердің әсерінен тіс-жақ жүйесіндегі функциональды және анатомиялық бұзылыстарға алып келеді. Толық алмалы-салмалы протез көмегімен пайда болатын өзгерістерді тоқтатуға және шайнау қызметін қалыптастыруға, науқастың ішек жолдары қызметін қалыпты жағдайға келтіруге мүмкіндік туғызады.
Тіссіз жақта протезді бекітудің көптеген тәсілдері ұсынылды. Олардың негізіне әртүрлі принциптер мен заттар алынды. Протез жақ сүйегіне бекітудің мынадай әдістері бар:
механикалық,
физикалық,
анатомиялық,
биофизикалық,
биомеханикалық және физикалық-биологиялық.
Механикалық әдіс: XVIII ғасырда Фошар молярлар аймағына бір-бірден оң және сол қапталынан иілген күйде
орналастырылған алтын пластинкалық серіппені қолдануды ұсынған болатын. Кейінен бұл әдіс кең қолданыс тапты, пластинкалы серіппе спиральмен ауыстырылған болатын. Ретенция,
барлық белгілі әдістердің ішіндегі ең кең тарағаны. Ол табақшалы протездерді бекіту үшін түрлі механикалық құрылғыларды қапсырмаларды, (серіппелерді, лигатураларды) пайдалануға негізделген. Қазір бұл әдіс аз қолданылады.
Анатомиялық әдіс: Протездің беку дәрежесі алғашқы кезекте протез тінінің анатомиялықфизиологиялық күйіне байланысты. Альвеола қыры және альвеола бөлігі жақсы білінетін жақ сүйектерде протез неғұрлым тұрақты келеді, себебі шырышты қабық бұлшық еттері, тартпаларының жақ сүйегіне бекуі орны альвеола қырынан жеткілікті алыс болады.
Физикалық әдіс: Тіссіз жақ сүйектеріне протезді орнықтыру үшін адгезия және когезия сияқты физикалық құбылыстарды пайдаланады. Адгезия-екі әртекті денелер жанасқанда, олардың беткі қабаттарында белгілі бір байланыстың пайда болуы.
Когезия-физикалық денеде молекулалар, атомдар, иондардың ұштасуы, молекулааралық әсер және химиялық байланыспен түсіндіріледі. Когезия және адгезия құбылыстары іс жүзінде протездерді бекіту үшін пайдаланылады.
Физикалық-биологиялық әдіс: Соңғы жылдары бекітудің физикалық-биологиялық кеңінен әдістері қолданылады. Олардың мәнісі протездердің адгезия және қызметтік созылуы есебінен бекуінде.
1-ші сынама. Жұтынып ауызды кең ашу. Егер қасық жұту кезінде көтеріліп кететін болса, қасық жиегін артқы төмпешіктен жақ-тіл асты сызығына дейін қысқарту керек. (1 аймақ) 2-ші сынама.Ауызды кең ашу және ерінді алға шығару. Егер қасық көтеріліп кетсе, (алдынан немесе артынан) қасықты сыртқы жағынан қысқартады. (2 аймақ). 3-ші сынама. Тілмен жоғарғы еріннің қызыл ернеуінен жүргізіп өтеді. Егер қасық алға, жоғары көтерілсе, онда жақ-тіл асты сызығының бойымен өтетін қасық шетін қысқартады. (3 аймақ)
4-ші сынама. Тілдің ұшын мұрын ұшына қарай шығару.Қасық жиегін түзету тіл жүгеншесіне қарай ойас етіп жүргізеді. (5 аймақ)
5-ші сынама. Ауызды жартылай жапқан күйінде тілдің ұшын ұртқа тигізу. Қасықтың тіл асты жиегінің орталық
сызығын 1 см қашықтықта түзетулер жасалады. Тілді оңға қозғалтқанда түзету сол жақта, ал тілді сол жаққа қозғалтқанда түзетулер оң жақта жүргізіледі. (4 аймақ)
Гербст бойынша бекіту механизімі (толық басынан): 1-ші сынама. Науқасқа жұтынуын сұрау. Егер қасық түсіп кетсе, онда қасықтың дистальды бөлігін қысқарту қажет. (1 аймақ) 2-ші сынама. Ауызды кең етіп ашу. Егер қасық ығысса, онда оның шетін қысқарту керек. (2 аймақ) 3-ші сынама. Ұрттарды сору. Егер қасық ығысса, ұрт қатпары аймағынан қасық жиегі қысқартылады. (3 аймақ) 4-ші сынама. Ерінді керіп алға шығару түзету қасықтың алдыңғы бөлімінде жасалады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
«Тіс протездерін жасау технологиясы» Алтынбеков, Мирзабеков, Нысанова;