Бөлім «Абайды оқы таңырқа» Оқу мақсаты



Дата15.12.2023
өлшемі19,85 Kb.
#138285

6- сынып ____________________________________________
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
Бөлім «Абайды оқы таңырқа »
Оқу мақсаты: 6.2.4.1 әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу
Бағалау критерийі: • оқушылардың өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейін анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану


Орындау уақыты: 15-20 минут



  1. Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңда. Мазмұндама.
Қолғанат
Ерланның атасы түстен кейін ауырып қалды. Ауа райы күрт өзгерді. Күн суыта бастады. Ерланның әкесі мен шешесі жұмыста. Үй іші суи бастаған соң, пешке от жағатын отын жару керек болды.
Ерлан қалыңдау киініп, сыртқа шықты. Есік алдына шығып, аспанға қарап біраз тұрды. Жапалақтап қар жауа бастады. Ерлан қойма ішінен балта тауып алды. Қысқа кесілген ағаштың біреуін алып, балтаны сілтеп қалды. Ағаш екіге бөлінді. Екіге бөлінген ағашты тағы да жарды. Ол бірте-бірте ағаштарды жаруға әбден машықтанып алды.
Оң аяғы қақсап ауырған атасы жаюлы төсекке жата салған еді. Көзі ілініп кетіпті. Бір уақытта көзін ашса, күн кешкіріп қалған екен. Үйде Ерлан жоқ.
Бір кезде сырттан тарс еткен дыбыс естілді. Атасы аяғын жай басып, терезеден сыртқа көз тастады. Ерлан жарып тұр екен. Ол жан-жағына мүлдем қарар емес. Үстіндегі пальтосын шешкен, қолында балта. Ағашты асықпай қояды. Балтаны төбесінен асыра көтеріп, төмен қарай сілтейді. Кепкен ағаш қақ бөлінеді. Атасы Ерланның қолғанат болғанына өте қуанды. (152 сөз)
Түсіндірілетін сөздер: машықтанып, қолғанат.
Жоспар:
1. Үйде кісі жоқ.
2. Ағаш жарып, от жағу.
3. Ауырған ата.
4. Қолғанат Ерлан.

Тапсырма: Осы мәтінді оқығаннан кейін өздерің Ерландай қолғанат болып, үлкендерді қуанышқа бөледіңдер ме? «Ата-ананы қуанышқа бөледім» деген тақырыпта өзің туралы әңгіме жаз.


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл



Білім алушы

-әдеби көркемдегіш құралдарды табады, шығармадағы кейіпкер бейнесін сипаттап жазады;
-өзі туралы әңгіме жазады;

1

-Берілген мәтіннің негізгі ойын анықтайды.
-Мәтін бойынша қарапайым жоспар құрады.



3



Көркемдегіш құралдарды тауып, мәтінннің мазмұнын жоспарға сай жазады.

1

негізгі ақпараттарды табады;

1

Кейіпкер бейнесін сипаттап жазады

1

Мәтіннің мазмұнын автордың ойын және логикалық жүйесін сақтай отырып жеткізеді.

2







-Орфографиялық және тілдік қателіктерді жібермей жазады.

1

-Жазба жұмыстарын орындау барысында каллиграфиялық , пунктуациялық заңдылықтарды қолданады.

1

-Ой жүйелігі

1

-Мәтін мазмұныны дұрыс, барынша толық берілген

1

Барлығы




12


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет