Бөлім бойынша жиынтық бағалау -2 Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты



Дата18.10.2023
өлшемі75,4 Kb.
#117912
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:
100 жаңа есім –серпілістің кепілі.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау -2



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
11.3.1.1 - таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу;
11.4.1.1 - мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу;
  • Тезис - бұл дәрістің, баяндаманың, шығарманың негізгі идеяларының бірін қысқаша пайымдайтын тұжырымдама.
  • Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптыңтоптама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Ол - кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.

Тұңғыш Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ерлердің есімін ел жадында сақтауға ықпалын тигізетін бір мәселе айтылғанды. Н.Назарбаев: «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан-алуан этнос өкілдерінің тарихы» деген болатын.

Тұңғыш Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ерлердің есімін ел жадында сақтауға ықпалын тигізетін бір мәселе айтылғанды. Н.Назарбаев: «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй билеріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан-алуан этнос өкілдерінің тарихы» деген болатын.

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі»

1-тапсырма

Берілген мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Мәтіннің мазмұнына сай тақырып қойыңыз.

Топырақтан иленіп кірпіш жасалған сияқты, дыбыстан құралып сөз жасалады. Кірпіштен қалап түрлі үй жасауға болатын сияқты, сөзден бірігіп түрлі әңгіме құрайды. Үйдің түрлі болып шығуы-балшығынан, кірпішінен, әсіресе қалауынан болатыны сияқты, әңгіменің түрлі болып шығатыны-тілдің дыбысынан, сөзінен, әсіресе сөздің тізілуінен.

Айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтады.Сондықтан ол ойын басқалар түсінетіндей айту керек. Ол үшін айтушы әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыстап сөйлем құрауы тиіс. Адам ана тілін жасынан үлкендерден есту арқылы үйренеді. Содан соң тіл танытқыш кітаптардан жетілдіреді. Одан әрі жазушылардың шығармаларын оқып үйренеді.

Қазақ тілі қазақ ортасындағы бәріне бірдей ортақ мүлік болғанымен, әркім әр сөзді өзінше қолданады. Мысалы, біреу «амансыз ба?» деп, біреу «есенсіз бе?» деп, біреу «сәлемет жүрсің бе?» деп амандасады. Бірақ бәрінің ой-мақсаты бір. Бәрінікі де амандық білу, амандық сұрау, бірақ әркім әртүрлі сөз қолданып, өзінше сұрайды.

Әркім өз қалауынша алып тұтынған сөз сол адамның тілі болады.

А.Байтұрсынұлы

А)Қазақ тілі

Ә)Ана тілі

Б) Сөз құдіреті

В) Менің тілім – бабам тілі

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша әр абзацқа тән ұғымды ретімен көрсетіңіз.

2-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша әр абзацқа тән ұғымды ретімен көрсетіңіз.

А) Анамның тілі

Ә) Әр адамның сөз қолданысы әртүрлі

Б) Туғаннан адам ана тілін үйренеді.

В) Сөздер бірігіп әңгіме құрайды.

3-тапсырма Берілген мәтін бойынша орфографияға сай емес жазылған сөздерді тауып, қатесін жөндеп жазыңыз.

Кино – техника мен өнердің қосынды туындысы, әдебиет пен музыканың, бейнелеу өнері мен актерлік ойынның басын қосқан құдірет десек те болады. Кино – синтетикалы өнер, онда әдебиет те, сахналық – актерлік өнер де, музыка да, сурет те бірігіп бас қосады. солардың бас қосқан жерінен бүгінгі ұлттық мәдениеттің хал-жағдайын, халықтың өткені мен бүгінін көруге болады. Қазақ киносы десек, көз алдымызға «қыз жібек, «менің атым қожа», шәкен айманов қойған «қозы көрпеш-баян сұлу» фильмдері түсетіні анық. иә, бұл фильмдер қазақтың рухын көтеретін, еліміздің тарихын дәріптейтін, қазақ мәдениетін паш ететін кинолар екені де даусыз. Олардың барлығы қазақ халқының сонау ұзақ жылдар тарихында, шексіз –шетсіз даласында болған түрлі оқиғаларды, халықтың рухында, мінезінде көрінуге тиіс түрлі салттарды көрсетті.

4-тапсырма

Ғылыми стильге тән белгіні көрсетіңіз.

1.бейнелі сөз орамдарының жиі қолданылуы

2.сөздердің ауыспалы мағынада жұмсалуы

3.айтылатын ойдың дәл, анық берілуі

4.эмоционалды-экспресивті сөздердің көп кездесуі

5-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды тезис түрінде жазыңыз.

5-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі ойды тезис түрінде жазыңыз.

Римдік Марк Туллий Цицерон ғылымды тастай түйілген жұдырыққа ұқсатса, шешендік өнерді саусақтары сала-сала болып жазылған ашық алақанға балайды. Ғұлама тастай түйілген жұдырық бейнесі арқылы ғылыми ойдың бұлтартпас дәлелдігін, нақтылығын баса көрсетсе, ашық алақан арқылы шешендік өнерге тән жүйелілік пен бейнелілікке назар аударады. Сөйте отырып, ол шешендік өнердің мәні мен мағынасы ғылымға негізделетінін көрсетеді. Бұл – Цицерон сөз өнеріне тән басты қасиеттер қатарына ойдың тереңдігін, бұлтартпас дәлелдігі мен нақтылығын да қосып отыр деген сөз.

 

  • Мәтінді оқып, негізгі ойды тезис түрінде жазады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет