Бөлім: Мен – зерттеушімін Бөлімше: 1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі



Дата31.12.2021
өлшемі16,88 Kb.
#23124
Байланысты:
3 сынып жаратылыстану пәніне критериалды бағалау


 3 сынып жаратылыстану пәніне критериалды бағалау, қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалауға мысал

Бөлім: Мен – зерттеушімін

Бөлімше: 1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі

Оқу мақсаты 3.1.1.1 Маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу

Бағалау критерийі Білім алушы • Ғылыми жаңалықтардың адам өміріндегі маңызын сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну

Тапсырма Суреттерге мұқият қара. Қоршаған ортаны танып білу үшін қандай тәсілдер қолданылады? Ғалым деген кім? «Эврика» деген сөзді қалай түсінесің? • Адамзаттың ойлап тапқан ғылыми жаңалықтары олардың өміріне қалай әсер етеді? Мысал келтіре отырып, әңгімеле.

Дескриптор Білім алушы — ғылыми жаңалықтардың адам өміріне тигізетін әсері туралы әңгімелейді; — ғылыми жаңалықтарға мысал келтіреді.

«Жанды табиғат. Жануарлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше 2.2 Жануарлар

Оқу мақсаты 4.2.2.2 Бунақденелілердің тіршілік циклін сипаттау

4.2.2.3 Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды ажырату

4.2.2.4 Симбиоздық қарым-қатынасқа мысал келтіру

4.2.2.7 Жойылу шегінде тұрған жануарларға мысал келтіру

Бағалау критерийі Білім алушы

• Бунақденелілердің даму кезеңдерін атайды

• Жануарларды қоректену түріне қарай жіктейді

• Симбиоздық қарым-қатынаста тіршілік ететін жануарларды атайды

• Жойылу қаупі төніп тұрған жануарларды атайды

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну Қолдану Орындау уақыты 20 минут



1-тапсырма Суретті пайдаланып, көбелектің даму кезеңдерінің атауын жаз. 8 2-тапсырма Көрсетілген жануарлардың қоректену түріне қарай қай топқа жататынын анықта. Кестеге сәйкес нөмірін жаз. 1 2 3 4 Қоректену түрі Нөмірлері шөпқоректі жыртқыш 3-тапсырма a) Суретте жануарлар арасындағы қарым-қатынастың қай түрі бейнеленген? ________________________________________________________________________ b) Осындай қарым-қатынаста болатын жануарларға 1 мысал келтір. ________________________________________________________________________ 4-тапсырма a) Жойылып кету қаупі бар жануарларды «+» таңбасымен белгіле. b) Жойылып бара жатқан жануарларға 1 мысал к елтір.__________________________ 9 Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Білім алушы Балл Бунақденелілердің даму кезеңдерін атайды 1 көбелектің тіршілік циклінің кезеңдерін атайды: — бірінші кезең; — екінші кезең; — үшінші кезең; — төртінші кезең; 1 1 1 1 Жануарларды қоректену түріне қарай жіктейді 2 шөпқоректі жануарларды анықтайды; 1 жыртқыш жануарларды анықтайды; 1 Симбиоздық қарым- қатынаста тіршілік ететін жануарларды анықтайды 3 суретте бейнеленген қарым-қатынас түрін атайды; 1 аталған қарым-қатынас түріне мысал келтіреді; 1 Жойылу қаупі төніп тұрған жануарларды атайды 4 жойылу шегінде тұрған жануарларды анықтайды: — бірінші жануарды; — екінші жануарды; 1 1 жойылу шегінде тұрған жануарларға мысал келтіреді. 1 Барлығы 11 10

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет