Бөлімі: Сурет салу Тақырыбы: Жау – жау, жаңбыр. Мақсаты: Білімділік



Дата01.02.2023
өлшемі14,25 Kb.
#64241

Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Жау – жау, жаңбыр.
Мақсаты:
Білімділік: сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру, балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін іс-әрекетке бере білуге үйрету;
Дамытушылық: іс-әрекет барысында бейнелегендерін музыка әуенімен қимыл-қозғалыста үйлестіре білуге бағыттау;
Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бұлттар бейнеленген үлгі сурет.
Қажетті құрал-жабдықтар: көгілдір түстімайлы карандаш , әрбір балаға ақ қағаз (жоғарғы бөлігіне бұлттар белгіленген), сүрткіш.
Тілдің үштұғырлылығын жүзеге асыру: жаңбыр – дождь-rein

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық
қозғаушылық

Педагог балалардың назарын өзіне аударып, жұмбақ айтып береді, оның шешімін табуды ұсынады.
Тырс-тырс тамады,
Тереземді қағады.
-Бүгін күн қандай? Ашық па? Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұр ма?
Балалар, бүгін күн салқын, жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса, жаңбыр жауады.
-Тақтадағы суретке қараңдаршы, бұл не? Түсі қандай?
-Жаңбыр жауғанда қандай дауыс естіледі?
-Кәне тығдап көрейік.
-Қалай тамып тұр екен?
Педагог үстел үстін саусақтарымен тысырлатып, жаңбыр дыбысын бейнелейді.
-Ой жаңбыр қалай қатты құйып жауып кетті. Енді екі алақандарыңды тізелеріңі қойып, шапалақтап көріңдер.
Балалар педагогпен бірге аяқтарын тарсылдатып дыбыс шығарады, бұл жаттығулар балаларға жағымды көңіл күй сыйлайды.
Көркем сөз оқу.
Жауын-жауын жауады,
Бәрін суға малады.
Біз қарындаш аламыз,
Тамшыларды саламыз.

Балалар жұмбақтың шешуін табады.
-Жаңбыр.
Ауа райы туралы білгендерін айтады.

-Бұлт.
-Түсі көк.


-Тырс-тырс
Балалар тамшылар дыбысын тыңдайды.
-Тырс-тырс тамып тұр.
Балалар да педагог әрекетін қайталап жасап көреді. Балалар педагогтің айтқанын қайталайды.

Ұйымдастыру-
шылық-
ізденістілік

-Енді көк майлы карандашты пайдаланып қағазға жаңбыр тамшыларын түсіреміз.Қараңдар бұлттан төмен қарай тамшылар түсіп келеді.
Бірнеше үзік қысқа сызықтармен салып қөрсетеді. Қағаз бетіне шаштыра салуды қадағалайды. Жұмыстарына басшылық жасап, аяқталған жұмыстарын мадақтайды.
Музыка әуенімен «Жаңбыр тамшыларын тосамыз» деген қимылды ойын ұйымдастырады. Балаларға үзік сызақтар мен тамшыларды барлық қағаз бетіне көбірек салу керектігі түсіндірілді.
Балаларға берілетін қағазға гүлдердің суреті алдын –ала салынған болуы тиіс.Нөсер жаңбыр жауып, гүлдерді әбден суға қандырды деп әңгіме жүргізіледі.

Көк майлы қарындашты алып, сурет салуға кіріседі. Балаларға қағаз бетіне шашырата жаңбыр тамшыларын бейнелейді.
«Жаңбыр тамшыларын тосамыз» деген қимылды ойын ойнайды. Балалар
қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын көп етіп түсіреді.

Рефлексиялық түзетушілік

Педагог балалардың салған суреттерін мадақтайды. Көрме ұйымдастырылады.

Балалар өздерінің еңбектері туралы әңгімелеп береді.Достарының салған суреттерін тамашалайды.



Күтілетін нәтиже:
Біледі: табиғат құрлыстары жайлы қарапайым түсініктерді.
Игереді: жаңбырдың жауу түрлері жіне оны қағаз бетіне түсңру ерекшеліктерін.
Меңгереді: қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын үзік сызықтар арқылы салуды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет