Құрамында белгісіз санды білдіретін әріпі бар теңдік теңдеу деп аталады. Мысалы, 2+x=7 теңдеу. 5 саны 2+x=7 теңдеуінің шешімі болады,себебі теңдеудегі х-тің орынына 5-ті қойсақ (2+5=7)дұрыс теңдігін аламыз. Математикада теңдеудің шешімін теңдеудің түбірі деп атайды. Теңдеудегі әріптің орынына қойғанда оны дұрыс теңдікке айналдыратын сан теңдеудің шешімі немесе түбірі деп аталады.