Мәденеит және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Орындаған: Тлеухан Ақжарқын
Курс: 1
Группа: 103А
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін,оған мағыналық жағындағы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып көрейік.Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін ұғым-өркениет.Өркениет (цивилизация) сематикалық жағынан алғанда (латын тілінің-“civilis”сөзі) азаматтық дегенді білдіреді.Римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған,басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған.Яғни, “өркениет” олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы,қалалық мәдениеті,заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.

Мәдениет және өркениет
Мәдениеттанушы Г.Чайлдтың пікірінші, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы,жазбаша мәдениттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі,азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда,бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі- мәдени әрекет. Әрекеттану-жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі,тіршіліктің тірегі.Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді