БӨрінің СҮті ббк 84 (5 каз)-5 Ə 20 Қр мəдениет министрлігінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата15.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#9898
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1

3

БӨРІНІҢ СҮТІ               

УДК 821.512.122

ББК 84 (5 каз)-5

Ə 20


ҚР Мəдениет министрлігінің «Əдебиеттің əлеуметтік 

маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Əбіл С. 

Бөрінің сүті. Өлеңдер жинағы. /Серік Əбіл. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары 

қауым дастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014.  – 192 бет.

ISBN 978-601-7023-72-0

Көк  бөріні  кие  тұтқан  текті  еліне  «Бөрінің  сүті»  атты  жыр  жинағын 

ұсынып отырған қытайлық қандасымыз Серік Əбілдің шығармашылығы 

мінезділігімен  де,  жан-жақтылығымен  де  ерекшеленеді.  Адуын  ақын, 

сыршыл сазгер, құймақұлақ күйші,  əнші, диктор бауырымыздың жырлары 

қазақы  пайымдауларға,  өнер  тілін  нəзік  түсінушілікке,  ізденімпаздыққа 

суарылған.  Бөрінің  сүті – тəңірдің  құты  болып  сіңген  ақын  жырлары 

оқырман көңілін ұдайы баурап, ұлт табиғаты, адам мінезі, ел мен жер, өмір 

туралы  сан  алуан  ойларға  жетелейді.  Миллионнан  астам  қазаққа  қоныс 

болған Шыңжаң өңіріндегі жəне атажұрттағы белгілі адамдарға арналған 

арнау  өлеңдерінің  өзі  де  автор  танымының  тереңдігін,  поэтикалық 

қуатының тегеурінділігін көрсетеді. 

 

 

 



 

 

 



УДК 821.512.122

 

 



 

 

 



 

ББК 84 (5 каз)-5

ISBN 978-601-7023-72-0 

 

© Əбіл С., 2014



 © 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы 

 

   «Атажұрт» баспа орталығы, 2014



  

АРМАН ДЕГЕН  

Арман жоқ сағынышқа жетелемес,   

Селдетер сезімімді сетер елес.  

Кереметің кеткен соң табындырып,   

Келбетің де көкейден кетер емес.  

 

Халық əні сияқты қайталаған,   



Бір саз бар шырқалатын сай- саладан.  

Алда күннің арманын көп айтады,   

Басқа келген бақытын байқамаған.  

 

Күй боп қалған күмбірлі күлкің елес,   



Аңсарын аймалауды кім тілемес.  

Адассам да сандаған сапарымнан,   

Адасуым арманнан мүмкін емес.  

 

Түсінерсің тірлікті санаң барың,   



Жұмылғанша қашанғы жанарларың.  

Қол жеткеннің бəрі де табысқа тəн,   

Тек жетпеген істерің жан арманың.  

 

Жапырағын жая алмас жалған бүрлер,   



Құлпырады таң сайын алуан гүлдер.  

Келер кездің бəрі де үмітке тəн,   

Нағыз арман артыңда қалған күндер.  

Арман деген артыңда қалған күндер.  

 

Ə 20


4

5

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

 ЖЕЛТОҚСАНЫМ  

Желтоқсаным жеттің бе жыл айналып,   

Көңіл толқып тұрғаны-ай ылайланып.  

Күндеріңді күйіме қосайыншы,   

Домбырамның құлағын бұрай қалып.  

 

Желтоқсаным,  жеттің бе бұлыңғырлап,   



Ойың омбы қасат қар, қырың қырбақ.  

Өтесің- ау жəне бір ажым сыйлап,   

Кетесің- ау жəне бір жылымды ұрлап.  

 

Желтоқсаным күтіп ем сені асығып,   



Тастайсың- ау тағы бір бел асырып.  

Туған жерге аңсарым ауа беред,   

Көкіректен сағыныш кені ашылып.  

 

Көл жастанып көсілген байтақ жерім,   



Əндерімді кешіңде айтар ма едім.  

Желтоқсаным,  желіңді желмая етіп,   

Жетаралға бір барып қайтар ма едім,   

 

Қыраттардан із шалып атты аңшылар,   



Табиғатқа сəн сыйлап ақ тамшылар.  

Соғымбасқа шақырып бірін- бірі,   

Күнде той боп ауылда жатқан шығар.  

 

Сапар айы деп сенен сенім алып,   



Ат үстінде тербеліп сері халық.  

Кеш кірген соң кеңесін жалғастырар,   

Меш түбінде қайтадан келіп алып.  

 

Желтоқсаным аңсаттың сахарамды,   



Күнде боп жатқан сахнамды.  

Аңсаттың- ау ақ көңіл жандарымды...  

Əрбір үйден табылар ата- анамды.  

 ТОЙ ЖЫРЫ



  

Болыпты бір сараң бай баяғыда,   

Таяздан түбінде бақ таяды да.  

Бір тоқты қимай күңнің қалжасына,   

Бір жұтта сүйеніпті таяғына.  

 

Боқ дүние ақыр басын жалмапты екен,   



Мал түгіл ұрпағы да қалмапты екен.  

“Тойдан аяған тоқтың топырақ боп,   

Жанарыңа құйылып зарлатса екен. “  

Деп əлгіні бір кəрия қарғапты екен...  

 

Ендеше тойдан тілек артылмасын,   



Бабалар балалардан əн тыңдасын.  

Сараңның салты бізге сарқыт емес,   

Тірлікте өз тойымыз сарқылмасын.  

 

Той, міне, бақыт гүлі ашылатын,   



Ананың ақ шашуы шашылатын.  

Той, міне, бабамыздан қалған дəстүр,   

Шаттықты шарасынан асыратын.  

 

Той, міне, əсем биге басатұғын,   



Түсіндей түрленетін масатының.  

Той, міне, бір өмірлік жиғандарын,   

Ата- ана бір- ақ күнде шашатұғын.  

 

Қазекем той дегенде сабылады,   



Той қылмас торқа жиып не қылады.  

Қамшының сабындай- ақ қайран ғұмыр,   

Осындай күндерімен мағыналы.  

 

Жайғандай айдынға кеп қаз қанатын,   



Той, міне, аққу – ару назданатын.  

Той, міне, азаматтар айдарынан,   

Жел естірер желпініп мəз болатын.  


6

7

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Өмірді өнерменен жетелейік,   

Аз күнде не қыламыз өте кейіп.  

Қанеки,  ағайындар, той шарабын,   

Тостағанға толтыра көтерейік...  

 

ҚҰЛАН ҒҰМЫР  

Тек өзіңдей түсінбейді қашандағы ел сені,   

Əйтеу əр кез бір ауыр ой баса беред еңсені.  

Текке кетіп жатқан жоқ па осы менің уақытым,   

Тыныш жанның тырнағы да тез өседі деуші еді.  

 

Тырнақ алып тұрғанымда сол сезімнен селт еттім,   



Селт еттім де ертең жайлы ойлануға серт еттім.  

Дəл енді осы  “андағыңды шашпай көміп тасташы “,   

Деген жардың кеңесінен жаным кейіп шер төктім.  

 

Заман тыныш,  тасыды ырыс,  қайтеміз біз семірмей,   



“Құлан ғұмыр “ жырғамайды тойған жерден шегінбей.  

О,  жалған- ай,  менің қара тырнағымды қойғанда,   

Бабалардың басы-дағы қалды емес пе көмілмей...  

ТҮЛКІ ТІРЛІК  

Арамзалар түбінде бір болады екен шын мазақ,   

Түсіну де қиын тіпті тірлік деген сын ғажап.  

Қара таудың баурайында тұратын қос кəрия,   

Ұл мен келін дүние сап тартты өмірден тым азап.  

 

Сойыл шіркін сорлыларға бұрын тиед емес пе,   



Шал мен кемпір немересін айналдырып кеңеске.  

Бес тауықтың жұмыртқасын тірлігіне талшық қып,   

Жатты сол бір жапандағы жан баспайтын белесте.  

 

Жығылғанға жұдырығын аямады тағдыр да,   



Қарашада қызыл түлкі қар аралас жаңбырда.  

Түн жамылып келді-дағы қырып біткен тауықты,   

Бұлаң қағып кете берді бөленгенде таң нұрға.  

 

Көңіл тасып бара жатты атқандай- ақ бақ таңы,   



Залал салу қашандағы залымдардың мақтаны.  

Бірақ-тағы, əзəзілдің белден аса бергенде,   

Оны қарттың қағып түсті кеше құрған қақпаны.  

 

Сыр сыйлайды сезінгенге дəуіріңнің дастаны,   



Қоғам деген қайнап тұрған қара бастың қасқаны.  

Қыран жоқта түлкілердің ашық деуші ем аспаны,   

Міне, өмір өрнектері түсіндірді басқаны.  

 

АЗУ ТІСІМ 



 

Ауысып шабысына текірегі,   

Астымда ала құнан секіреді.  

Ұшып түстім анадай жерге барып,   

Жануар бір сүрініп кетіп еді.  

 

Осылай омақасты батыр-екең,   



Ат мінсе абайлаған ақыл екен.  

Саудырап азу тісім түсті алдыма,   

Шошып кетсем түс көріп жатыр екем.  

 

Оқыс деген əрдəйім таяуда екен,   



Енді қалған өмірде жаяу кетем.  

Ертесі хабар келді ауыл жақтан...  

Келмеске аттаныпты аяулы əкем.  

 


8

9

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

АҒАЖАН – АСҚАРЫМ  

Бір жолы біз саяхаттап шыңға шықтық тамаша,   

Шыңда тұрсаң таулар-дағы сезіледі аласа.  

Төрт түлікті дарқан дала дастарқанға ұқсайды,   

Ақ бөрікті асқарларды аталарға баласақ.  

 

Біреу жеміс беру үшін жейді өзіндік құрбанын,   



Сондықтан да басқаларға бодау болу шын дарын.  

Елітіп тым шаттансам да еске алдым,  мен сол сəтте,   

Шыңдарға да мынау таулар таған болып тұрғанын.  

 

Əне сонда көз алдыма келе қалды жан ағам,   



Ол мен үшін қиындықты саусақпенен санаған.  

Бар орай мен мүмкіндікті баспалдақ қып жолыма,   

Өзі көрген қырсықтарды қызығына балаған.  

 

Бұл күндері сонау сайда егіндігін баптайды,   



Əлі-дағы бар асылын маған ғана сақтайды.  

Сондықтан да тек сезімін серік еткен сері іні,   

Тұрмыс деген тұсауыңды ойланып та жатпайды.  

 

Саяхаттап жүрсем-дағы бере алмадым саған қол,   



Түсінерсің,  шаршамайтын жан едің ғой,  шамаң мол.  

Өзің барда мен өзгеден сірə төмен тұрмаспын.  

Ардақтым- ау, айналайын асқар тауым, аман бол.  

 

Қанат бітсе қарға болмай əліңе сай қыран бол,   



Деуші едің ғой,  оған-дағы қажет екен шыдам мол.  

Биігіне жердің шығу оңайырақ əрине,   

Ал,  ендеше ел биігі деген нағыз бұраң жол.  

 

Мұны-дағы менен жақсы білесің ғой,  жан аға,   



Сені ойласам бір сағыныш орнай беред санаға,   

Жауап беру қиын екен,  қиын екен дариға- ай,   

Халық деген қасиетті нағыз таудай данаға.  

ҚҰМЫРЫСҚАЛАР  

Санақсыз құмырысқалар қайшалысып,   

Тынымсыз тіршілігін жатты жасап.  

Бір кезде илеулерін басып- жаншып,   

Шапқылап өте шықты атты жасақ.  

 

Қарап тұрдым күңіреніп күйіне де,   



Тағдырлары тапталды табандарда.  

Теңдігі жоқ теңселген дүниеде,   

Шамаң келмес істерге шараң бар ма.  

 

Көптігін де көңілге тоқ санағам,   



Берекесі олардың тастай бекем.  

Өмірдегі кей істер ұқсамаған,   

Толғандырып адамды тастайды екен.  

 

Еңбекші деп жəне де ел мақтайды,   



Ал,  мен болсам шынымен жек көремін.  

Тоғышарға қашанда тамақ қайғы,   

Терең ұғым екен ғой тек дегенің.  

 

ЖАҒАДАҒЫ ЖАРТАСҚА  

Келер дейсің оңына бəр іс қашан,   

Өмір мəнсіз өзіңді сəл ұстасаң.  

Жақсы күндер кешуің қиын екен.  

Жақсы көрген жаныңнан алыстасаң.  

 

Жағадағы ақынға теңіз бүгін,   



Тіл қатқандай оқы деп лебіз жырын.  

Аунақшыған толқынға айттым сонда,   

Жүрегімнің өзіңмен егіздігін.  

 

Серік керек құлға да,  патшаға да,   



Бұлбұл мен Гүл сəн берген бақшаға да.  

10

11

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Мені көріп сыңарын есіне алды- ау,   

Алысқа ұшты анау бір ақ шағала.  

 

Бақытымсың бастағы бал қыз- құсым,   



Сағынышым бір əнді салғызды шын.  

Жараспай- ақ тұрғанын жаным сезед,   

Жағадағы жартасқа жалғыз мүсін.  

 

Телміремін теңіздің толқынына,   



Малынғандай махаббат мол сырына.  

Гүлдей жайнап жанымда тұрар ма едің,   

Айқастырып қолыңды қолтығыма.  

 

Көкжиектен көсілген көзімді алмай,   



Күбірлеймін қасымда өзің бардай.  

Теңіздейін тербеліп сезім балдай,   

Телефонға қол салдым төзім қалмай.  

 

ҚҰЛЖАМ МЕНІҢ  

Сұлу Сайрам құлағыңа,   

Тағып қойған сырғам ба едің.  

Аунар ма едім құрағыңа,   

Айналайын,  Құлжам менің.  

 

Талқыға кеп Тəкеңдейін,   



Сүйер ме едім жырдан керім.  

Əшім жатқан əкемдейін,   

Күй кернеген Құлжам менің.  

 

Қабанбайдың таққан тұмар,   



Төсінен тұр жыр атылып.  

Хас-Күнесім жатқан шығар,   

Бұрымыңдай бұратылып.  

 

Бір барсам-ау жəйім түсіп,   



Əсет əнін айтар ма едім.  

Бір самауыр шайыңды ішіп,   

Бір дем алып қайтар ма едім.  

 

Ақ шағала ауылыңда,   



Ататұғын таңым күліп.  

Алмаң ба əлде аруың ба?    

Жүр ғой əйтеу сағындырып.  

Салмаң болып салынармын,   

Бақаның боп табыламын.  

Басқұрың боп таңыламын,   

Шарапатты шаңырағым!   

 

Қолдап,  қорғап Қызай ана,   



Сауық- Сайран құрған жерім.  

Орда тіккен үйсін баба,   

Құдыретті Құлжам менің.  

 

ҚАРА САЛЫ  

Мен сені көп жыл тақтым қара салы,   

Қара салы өзіме жарасады.  

Талай таңға куəсің қаңтардағы,   

Көрдім қанша биік пен аласаны.  

 

Аман адам асудан сан асады,   



Жарасады өзіме қара салы.  

Қыздар берген ескірмес естелік деп,   

Құрбыларым қалжыңдап қарасады.  

 

Оларға қарсылық қылғаным жоқ,   



Қызығы мол жанмын ғой қырларым көп.  

Əйтеу менің қылт еткен қылықтарым,  

Елестейді елдерге сырларым боп.  


12

13

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

САҒЫНДЫМ, АҒА 

 

Қазан айы құс қайтты жылы жаққа,   



Енді еркеңнің оқылар жыры жатқа.  

Ақыл айтып жатасың,  жаным аға,   

Кейде тіпті түсіме кіріп ап та.  

 

Қайтқан қазға тұрамын қимай қарап,   



Сезім шіркін,  кеудеге симай барад.  

Топ- топ болып жүретін Жетаралдың,   

Сағындырды шілі де  шимай қанат.  

 

Сағындырды сары күз сартақтайды,   



Туған жері кімдерді аңсатпайды.  

Əйтеу менің əнге əуес жүрегімді,   

Шалқар елдің шабыты шаршатпайды.  

 

Ұшып өткен төбемнен қаз қатары,   



Жүрегімнің жыр отын маздатады.  

Аға,  саған сол сəтте айтқым келер,   

Ар жағымда бөлек бір наз жатады.  

 

Дұшпаным көп,  жан аға,  досым аз ғой,   



Қуат берер ініңе қосын аз ғой.  

Бекежаннан қансырап жатқанында,   

Сəлем айтқан Төлеген осы қаз ғой.  

 

Осы қаз ғой қалқыған Үліңгірдей,   



Қанат қаққан менің де жырым бірге.  

Қайтқан қазға ұқсайтын түйелі көш...  

Ұмытқам жоқ солардың бірін мүлде.  

 

Қалай,  аға,  бұл жылы қырдағы дəн,   



Сый алдың ба далаңның сырмағынан.  

Мынау біздің қапырық қаламызда,   

Биылғы күз бөлекше жылдағыдан.  

 Леп еседі өзгеше өпкен желден,   

Кей күндері сияқты көктем келген.  

Күз көктемге ұқсаса несі жақсы,   

Жеміс алу керек қой текке терден.  

 

Мейлі қандай дегенмен қыс таяды,   



Істемейді бұл күнде күш баяғы.  

Отардағы оттарға мосы болар...  

Үш қазақтың жаздағы үш таяғы.  

 

СƏЛЕМ САҒАН  

Сан ойлар сабылысып санамда арман,   

Жолдарға бастым қадам тарамданған.  

Оңаша отырған бір сəтте мынау,   

Сəлем хат жазайыншы саған, қарғам.  

 

Жырларым шыныменен ұнады ма,   



Шыдады ма төзімің сынағыма.  

Жым- жылас жатқанымда ой түсіріп,   

Назды үнің келе берді құлағыма.  

 

Ай аттап,  жыл жылжыды үндемедім,   



Білгім кеп сезіміңнің бір дерегін.  

Елесің ескірмейді есімдегі,   

Қашан да қасымдасың күнде менің.  

 

Адаспайды арманнан асықпаған,   



Жаңа мың жыл қойыпты басып қадам.  

Сияқтанад сырғалым сырымды айтсам,   

Мен əлемге,  ал,  əлем ғашық саған.  

 

Сəтті болып жылдың бас күндері де,   



Бермесем де басқаға жүлдені де.  

Алайда ай болды əйтеу бір жұмысым,   

Ұмытылғандай болып жүргеніме.  


14

15

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Достықты қашан жаным ұмытқалы,   

Көңілім, сені кімдер суытпады.  

Сырымды білмей жатып сырғалы ақын,   

Қалайша жатсынбады,  жуықтады.  

 

Жоқ сырымды білмейді демейінші,   



Ақын ғой,  ана ғой ол сенейінші.  

Сырлары сыртқа шықпас сырлылар ғой,   

Қызбен де дос болып бір көрейінші.  

 

Келмейді кей істерді жіліктегім,   



Есімде ессіздермен жініккенім.  

Үндес боп сияқтанған сый табақта,   

Күндес боп кетіп еді жігіттерім.  

 

Жырларың жүрегімді айқара ашып,   



Өмірге болғандаймын қайта ғашық.  

Кетердей келешегім келбеттеніп,   

Сан сұрақ мазамды алып тайталасып.  

 

Жарым түн,  ұйқым келмей отыр əлі,   



Баса алмадым жүректің отын əлі.  

Ай болды сенің салған хаттарыңды,   

Күніне неше қайта оқығалы.  

 

ҚҰМ ЖЫРЫ  

Тарғыл құм таңғажайып дала мынау,   

Көркіңнен көзімді алмай қарадым- ау.  

Тағдырың табиғатпен тамырласқан,   

Түңілме,  құмды түсін,  қарағым- ау.  

 

Таңданам баурайыңа таңдайланған,   



Мұндайда сағым қуып самғайды арман.  

Кім білсін кезіндегі керуеншінің,   

Бейнесі ме,  шөлі бір қанбай қалған.  

 Түйе өркеш,  жолбарыс жон жоталарым  

Ойыма ойпатыңнан от аламын.  

Жырымды жолдарыңа ұқсатам да,   

Сырымды саған бірақ қотарамын.  

 

Жыңғылды,  сексеуілді жылғаларым,   



Сыйлайды сырлы құмдар жырға нəрін.  

Жасылды жаны сезбес жансыздарды,   

Келеді саған əкеп шырғалағым.  

 

Бұйрат құм,  бұйығы құм. Əжімді құм,   



Нар тұлға тұрағым- ау назымды ұғын.  

Жазымыш болса-дағы жазулы ұғым,   

Əніңді əуелетем əзір бүгін.  

 

Самалы сар даланың ескен ерен,   



Керемет келбетіңді кестелеген.  

Қорықпайын десем-дағы ештемеден,   

Сені ойлап секем алып сескенер ем.  

 

Қырқаңды қыдырдым кеп қызды табан,   



Уа,  құмдар,  қойыныңнан көп ізді табам.  

Өзіңді жетектеген жел секілді,   

Уақыт та бастап барад бізді саған.  

 

АҚЫН МЕН АРА  

Ара татып гүлдің нəрін алғашқы,   

Бал ғұмырдың бізге дəмі жалғасты.  

Аралар мен ағаларға сүйеніп,   

Бал татырып іштің талай таңғы асты.  

 

Жолымызда жолсыздықтар бар талай,   



Өте беру мүмкін емес байқамай.  

Гүлге шыбын қонғанымен бəрі бір,   

Бізге шырын бере алмайды қайталай.  


16

17

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

Нəрін беріп кетті аралар талай мың,   

Ақындарды араларға балаймын.  

Балға тойған ішінде сан сарайдың,   

Шыбын жаны шырылдайды талайдың.  

 

КҮЗ КҮМБІРІ  

1  

Қалыпты-ау тағы күз келіп,   



Бермейді уақыт бізге ерік.  

Əлде нені армандап,   

Əлде кімді іздедік...  

 

Қалыпты-ау тағы күз келіп,   



Құлпыртып өңін қыз көрік.  

Сағынып жүрер жан əке,   

Есіме тұрсыз сіз келіп.  

 

Қалыпты-ау тағы күз келіп,   



Жазылар жаңа күнделік.  

Күдікпен күндер өтсе де,   

Үміттен күдер үзбедік... 

 

2  



Қырларды кезген қуалап арман,   

Ертең-ақ еркең шыға алад алдан.  

Жапырақ жүрек қинайды жанды,   

Сап-сары болып қуара қалған.  

 

Жолаушыларым, жолыңды таңда,   



Қанаттыларым, қайыспай самға...  

Сары күз ауыр келері анық,   

Сағынышы бар саналы жанға.  

 

Ұша алған ұшсын,  тоспашы, жаным,   



Қолыңды бұлғап қосташы, жаным.  

Сарала күзгі сарала қазда,   

Барады айтып қоштасу əнін.  

Ұша алған ұшсын,  тоспашы, жаным!   

 

3  


Осыдан жиырма екі жыл бұрын,   

Қолына ұстатып тізгін- шылбырын.  

Оқуға алғаш апарды əке,   

Қара тайына мінгізген бір ұлын.  

 

Кім болары ертең белгісіз онда,   



Əйтеу бір нұрлы салғандай жолға,  

Шаттанды шалқып,   

Шіркін- ай деші!   

Нелерді ойлап жүрді екен сонда.  

 

Түстік- ау солай шиырлы ізге,   



Ақ тілек- арман бұйырды бізге.  

Дəл сол бір сəттер ойымнан шықпай,   

Орала берді биылғы күзде.  

 

Самалы күздің кекілін желпіп,   



Əкелген əке мектепке ертіп.  

Қара тай мінген сол қара ұл менмін,   

Отырған бүгін  «Күз күйін»  шертіп.  

 

Сол жолым екен қиыры құздың,   



Əзірше əйтеу тұйығын бұздым.  

Мінезіндей-ақ бұйығы қыздың...  

Күндері қызық биылғы күздің.  

 


18

19

СЕРІК ӘБІЛ



БӨРІНІҢ СҮТІ               

АЛТАЙДЫҢ ҚЫСЫН АҢСАДЫМ

  

Тірлікте мынау көрсек те қызық қанша мұң,   



Тағдырдың ізі табынып өткен таң сағым.  

Ақ мамықтарға бөленген тəтті арманым,   

Аязды ақпан Алтайдың қысын аңсадым.  

 

Бөрікті таудың көбікті сағым қырлары- ай,   



Көрікті белдің көмкерген жақұт нұрлары- ай.  

Шыршалы беткей ұларлы ұлы шыңдар- ай,   

Ордалы жұртым ойыма түсіп тұрғаны- ай.  

 

Қара гүлі еді- ау,  гүлдердің ерек сарасы,   



Ертегі ғұмыр Ертіс пен  Қыран жағасы.  

Шақшалы шалдың шарапат тұнған тұғыры,   

Бақшалы таудың барады артып бағасы.  

 

О,  менің ғажап меруерт толы мекенім,   



Сағынам əр кез зарыға аңсап жетемін.  

Сезіндім бүгін,  білмеуші ем бұрын не екенін,   

Алтайдың қысы арудың түсі екенін.  

 

Бөрілі белде қырандар самғап қияқты,   



Жараған бура,  жалды айғыр кетпен тұяқты.  

Айбатын сыйлап Алтайдың қысы төсіне,   

Тауларға сыйлы сыр беріп жатқан сияқты.  

 

Қойларын бастар қарағай мүйіз серкелер,   



Тер төгер əлі тебіні бөлек тентек ер.  

Ақ сүңгі далам, елесіңменен еліте бер,   

Шерте бер еркін күніңді енді, ертегі ел!   

 

Ақ сұңқарлары ақ аюлармен сырласып,   



Ақ бөкендері кеткен де шығар шыңды асып.  

Ақ қайыңдарың аруың еді-ау,  шын ғашық,   

Ақ иықтармен қайтар ма едім мұңдасып.  

Жерімнің жүзі қаңтарда қалың қаймақты,   

Тарландар ізі тарихын айтар айбатты.  

Ерімнің ерен ерлігін көріп қайратты,   

Қызыға қарап қиылып талай ай батты.  

 

Алтайдың қысын аңсайды жаным сағынып,   



Маң далам мамық ұлпаларына малынып,   

Тал- теректері сүңгіден моншақ тағынып,   

Аруақты елге сыйлаған шығар ақ үміт.  

 

Əуеніменен əлдилей тербеп əн сағым,   



Өзіңде өткен балалық ғұмыр бал шағым.  

Ақ жолға салған ақ шашу шашып алдымнан,   

Ақ жорға мінген Алтайдың қысын аңсадым.  

 

Киелі тауым кірлетпес жанды аршалым,   



Сағындым сені шалдықтым біраз шаршадым.  

Ойыма түсіп кетеді кейде барша мұң,   

Ардақты анам - Алтайдың қысын аңсадым.  

Айбатты далам - Алтайдың қысын аңсадым!   

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет