Ботагөз романы



бет1/2
Дата19.03.2023
өлшемі22,82 Kb.
#75494
  1   2

Сәбит Мұқановтың “Ботагөз” романын И. Гофманның фреймі бойынша талдау


«Ботагөз» романы - қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді шебер бейнелеген келелі шығарма. Ботакөз” романы сахара өңіріндегі алапат саяси қозғалыс қарсаңындағы халық өмірін өрнектеумен басталып, жалпы республика көлемінде Кеңестер билігінің орнығу мерзімін баяндаумен аяқталады. Романовтар әулетінің үш жүз жылдық династиясын тойлау алдындағы 1912-1913 жылдар “Тұңғиықта” атты бөлімнің сюжеттік арқауын тартады. Шығармадағы кеңістік аумағы оқиға барысының Итбай ауылы, Бурабай қаласы, Омбы, Петербург төңірегінде, одан кейін алтын өндіретін жердегі поселок, Ержан, Байтөбет ауылдары, Қызылжар, Минск, Н. Қалаларының, Меңіреу атты ну орманның қосылуы нәтижесінде мол мекендік өлшемде өтуі мезгіл рухын эпикалық тыныс, психологиялық нанымдылықпен сомдауға жол ашқан. Романдағы көркемдік уақыт Асқар, Ботакөз, Амантай, Кузнецов, Бүркітбай, Итбай, Кулаков, Мадияр сынды діңгек кейіпкерлердің характер қырларын, дүниетанымдық ізденістерін әрекеттік аяда мейлінше сенімді ашып көрсетуге жағдай тудырады. Заман әсері адамдардың мінез-құлық, ынта-аңсарын толық билеп, қоғамның әлеуметтік, моральдық-этикалық келбетін кескіндейді.
Ал талдамас бұрын “Фреймді” түсіндіре кетсек
Фрейм Ағылшынның «рамка» сөзі шындықты құрылымдауға қатысты кең ауқымды ұғымдарды білдіреді, кең мағынада ол «форма». Гофман жағдайдың формальды анықтамаларын жасайтын қабылдау перспективасын білдіреді. Фрейм – процессуалдық білім – «қалай екенін білу» немесе субъектінің не шығармашылық жағын, не оның функционалдық аспектісін сипаттайтын әрекеттер тізбегі. Әдетте, фреймдерді субъект танымайды, оларды түсіндіру және түсіндіру әрекеті қабылдаудың ұйымдаспауына әкеледі. Мысалы, егер сіз өз сөзіңізді бақылайтын болсаңыз немесе мінез-құлықтың мотивтері мен мақсаттарын талдасаңыз, онда сөйлеу келісілмеген болуы мүмкін, ал мінез-құлық девиантты болуы мүмкін. Фреймнің лексикалық эквиваленттері фрейм, схема, жоспар, шаблон, сценарий, гештальт, прототип, парадигма (лингвистикада), дисциплинарлық матрица (ғылымда). Когнитивтік психологияда қабылдау мен есте сақтауды ұйымдастыратын формальды схемалар кодтау жүйелері деп аталады - олар алынған ақпараттың шегінен шығуға мүмкіндік береді. М.Минскийдің пікірінше, фрейм – стереотиптік жағдайды бейнелеуге арналған білім құрылымы.
Оны былайда түсіндіруге болады Мысалы әрбір жағдай үшін әр адамда өз рамкасы болады ол сол рамканын ішін ғана көріп оның сыртына мән бермейді. Екі адам бір жаңалықты көрдік делік. Және бір күні кездесіп екеуі талқылағанда екеуінің ойлары әр түрлі бір біріне қарсы болып шығады. Әр қасысы өзінің ойы дұрыстығын дәлелдегісі келеді. Осылай оның бәрі фрейм болып келеді.

Негізгі бөлім:


Енді басты талдауға келетін болсақ Фрейм - адамдар әлемде өздерін түсінетін белгілі бір тұтастық түрін білдіретін ұғым. Бұл адамның оқиғаны әр түрлі қабылдауы.
Роман желісі бойынша бұндай жағдай Амантай халқының шабуылдан қашқаннан кейін Амантай мен Асқардың арасында болады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет