Тақырыбы: Отбасылық психологиялық кеңес беруге кіріспе



Дата26.11.2022
өлшемі58,91 Kb.
#52839

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Р Е Ф Е Р А Т

Тақырыбы: Отбасылық психологиялық кеңес беруге кіріспе

Орындаған: Махатова А


Тобы: МДОжТ-201
Тексерген: Төлебаева Ж.А

Ақтөбе -2022


Жоспар:


  1. Отбасы ұғымы

  2. Отбасы психологиясы және отбасылық кеңес беру 

  3. Ғалымдардын психологиялық кеңес беру жайлы пікірі

Отбасы бұл – некеге немесе туысқандыққа негізделген адамдар бірлестігі, олар тұрмыстық артықшылығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланыстырылған. Отбасы ұғымын әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, құқық, әдептану, тарих, т.б. ғылымдардың қарастыруына байланысты көптеген анықтамаларды кезіктіруге болады. Барлық ғылымдарды бірдей қанағаттандыратын бір анықтама табу өте қиын. Философиялық тұрғыда «отбасы» - қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйымы деп саналса, әлеуметтану ғылымында отбасы - некеде және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ деп берілген. Ал, психологиялық тұрғыда отбасы- ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады. Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Табиғи-биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды [1].
Отбасылық қатынастар бойынша құрылған отбасы анықтамаларының ішінде А.Г.Харчев - «отбасы - бұл жұбайлар арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады, ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктік жауапкершілікпен, қоғамның қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады» - деп берген. Отбасы ұғымына берілген бұл анықтама жалпылама түрде болып табылады [2].
Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург, Д.Горборинко оның қызметтерін ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы мен жаманды бағалау белгілерінің қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жасады. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізді. 
Р. Хиллдің көзқарасынша, отбасы жүйесі келесі белгілерден тұрады: 
1. Отбасы мүшелері бір – біріне тәуелді өмір сүреді, егер біреуінің мінез- құлқы өзгерсе, онда ол барлығына бірдей әсер ететін болады.
2. Отбасы – біршама тығыз, шектеле орналасқан бірлік.
3.Отбасы сыртқы факторларға байланысты міндеттерді атқаратын және ішкі қажеттілікті қанағаттана өтейтін бірлік болып табылады.
В. Сатир отбасы құрылымын төрт бөлікке бөлді. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және күтілетін үміттері болады:
- нуклеарлы отбасы -екі ұрпақтық байланыстағы ерлі- зайыптылар, балалары;
- кеңейтілген отбасы - үш ұрпақ жалғастығы: ата-аналар, ерлі- зайыптылар, олардың балалары;
- толық емес отбасы – екі адамнан тұруы немесе бір ата - анасының болмауы;
- аралас отбасы – жесір әйел немесе ажырасқан ата-аналардың баласымен бірге қосылуы. 
С. Якобсонның айтуынша отбасылық қарым – қатынастың бұзылу себебі ер мен әйелінің отбасы мақсаты, оның қызметіның нақты мазмұны және оны жүзеге асыру тәсілдері, отбасындағы рөлдерді бөлісу жөніндегі ұғымдарының қақтығысуы болып табылады. Егер жұбайлар неке үшін өмірлік маңызды мәселелерде бірін-бірі түсінбесе, соған сәйкес әрекет жасамаса, егер көзқарастардың ортақ жүйесін құрмаса, онда жұбайлық қарым – қатынастар бірте-бірте бұзыла береді [3].
Қақтығысқа ұшыраған отбасына кеңес беру өте маңызды мәселе. Психологиялық кеңес-отбасындағы ахуалдың қалпына келуіне жағдай жасайтын үрдіс болып табылады. Отбасылық кеңес беру әдіс-тәсілдерінің әртүрлілігі теориялық концепциялармен шарттастырылған, айта кетер болсақ олардың ішінде қазіргі кезде негізгісінің бірі когнитивті–жүріс-тұрыстық психотерапия, А.Эллистің рационалды-эмотивті терапиясы (RET), жүйелік бағыт пен эмпирикалық болып табылады.
М.С.Мацковский, Т.Гурконың пікірлерінше некеге тұрғаннан кейін жас жұбайларға бірін-бірі жақсы біліп бір-бірінің дағдыларына бейімделулеріне, өзара әрекеттестікке үйренулеріне тура келеді. Сондықтан, отбасының маңызды бір бөлігі – оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады деп, Э.Г.Эйдемиллер, В.В.Юстицкий өз пікірлерін айтып кетті [4].
Көптеген отбасылардың тұрмысын қазіргі таңда үш қателік басқаруда: психологиялық сауатсыздық - әйел және ер адам психологиясын, отбасындағы қарым-қатынастың эмоциялық негіздерін білмеу; жыныстық мәдениетсіздік - әйел және ер адамның жыныстық табиғатының араздығын және оны жұмсарту тәсілдерін, адамзат жыныстық қабілетінің заңдары мен этикасын білмеу; тәрбие сауатсыздығы – балалар мен ересектер психологиясының түпкі ерекшеліктерін білмеу, балаларды олардың психологиясы негізінде және қазіргі өмір жағдайына сай тәрбиелей алмау.
Барлық адамзат қатынасының ішіндегі отбасы мүшелері арасындағы қарым- қатынас әлдеқайда терең және берік болады. Олар төрт негізгі қарым-қатынас түрін қосады: психофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік және мәдени. Психофизиологиялық- бұл ашықтық, сенімділік, бір-біріне күтім жасау, өзара моральдық және эмоциялық қолдау. Әлеуметтік- рөлдерді бөлу, отбасындағы материалдық тәуелділік, қарым-қатынас мәртебесі, басшылық, бағынушылық. Мәдени- бұл белгілі мәдениет шартында қалыптасқан салт-дәстүр, әдеп-ғұрыпқа негізделген отбасындағы ерекше байланыс. Бұл жүйе отбасындағы өзара түсіністік пен бала тәрбиесіне үлкен ықпал жасайды. 
Мәселелі отбасы баланың тұлға болып қалыптасуында басты рөл атқаратынын айта келе, Т.М.Трапезникова өз зерттеуінде ата-аналардың тәрбиеде екі модельді ұстанатындарын-«отбасы қатынасында демократиялық
стиль» және «балаға назар бұруды» дәлелдеп, одан бала қоршаған ортаға жеңіл бейімделіп, қызығушылығы, ақыл-ой көрсеткіші артатынын айтады. Бұл ойды түйіндесек, бала мен ата-ана қатынасында ересектерге деген шексіз тәуелділік байқалады [5].
В.Сатир бойынша отбасының әрбір мүшесі белгілі кезеңдерден өтеді. Бұл кезеңдер дағдарыспен, жоғары қобалжумен байланысты болатындығын атады:
- бірінші дағдарыс- баланы жоспарлау, жүктілік және баланың туылуы;
-екінші дағдарыс: баланың сөйлеуді меңгеруінің басталуы;
-үшінші дағдарыс: баланың сыртқы ортамен қарым-қатынасының реттелуі, ол мектепке барумен байланысты ата-ананың да, баланың да бейімделуі;
-төртінші дағдарыс: бала жеткіншектік кезеңге өтеді;
-бесінші дағдарыс: баланың есеюі мен үйден тәуелсіздік іздеп кетуі. Бұл дағдарыс ата-аналар үшін айырылу ретінде сезіледі;.
-алтыншы дағдарыс: жастар үйленіп, отбасына келін мен күйеу баланың кіруі;
-жетінші дағдарыс: әйел өмірінде климакстың пайда болуы;
-сегізінші дағдарыс: ер адамдардың жыныстық белсенділігінің төмендеуі, бұл физиологиялық емес психологиялық мәселеге айналуы;
-тоғызыншы дағдарыс: ата мен әже атанумен байланысты көп қиындықтар мен қуаныштардың күтілуі;
-оныншы дағдарыс: ерлі-зайыптылардың біреуінің өмірден өтуі. 
В.Сатир осы дағдарыстардың үшеуі немесе төртеуі бір уақытта қатарланса, өмір қиындайтынын және олар көптеген адамдардың басынан өтетіндігін атады және бұл даму кезеңдерін оларға тән мәселелерге байланысты бөліп көрсетті: 
-некеге дейінгі қарым-қатынас кезеңі-басқа жыныстағы адаммен қатынас тәжірибесін жинақтау, некелік жұбын таңдау, онымен іскерлік және эмоциялық қатынас жасау тәсілін меңгеру, ерлі-зайыптылар рөлдерін қабылдау. 
- «бал айы» кезеңі- отбасының алғашқы құрылымын қалыптастыру, қарым-қатынасты эмоциялық қалыптастыру жатады;
- жас отбасы кезеңі- ұрпақ жалғастыру туралы шешім қабылдау-әйелінің жұмысына оралуы, баланың білім беру мекемесіне баруы. Әкелік және аналық міндеттердің бөлінуі, олардың бірлесіп, материалды жағдайды қамтамасыз етуі; 
- нағыз қалыптасқан отбасы. Өз қызметтерін нәтижелі орындау, отбасының жаңа мүшелермен толығуы, ата-аналар рөлдерінің өзгеруі және кезеңнің балалардың өсіп, тәуелсіз болуымен аяқталуы;
- үлкен жастағы адамдардың отбасы. Бұл кезеңде жұптық қатынас жаңарып,. жаңа міндеттер пайда болады (немере) [6].
Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс- отбасы өмірлік айналымының кез -келген кезеңінде кездесетін дағдарыс, ол өмірдегі жағымсыз жағдайды қобалжу дағдарыс ретінде Р.Хилл отбасы өткеретін дағдарыста үш факторды бөліп қарастырды:сыртқы қиындық (жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы ), күтпеген жағдай, күйзелістер (жол апаты, зорлық т.б.), ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы, қақтығысты немесе күйзелістік сапалардың қарастырылуы ( ауыру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы). Ал
отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері мынадай:
-отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы;
-отбасы мүшелерінің болған жағдайға көзқарасы, қабылдауы;
-отбасы мүшелерінің өзгеруі;.
-жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі.
Білім беру жүйесінде және әлеуметтік ортада психологиялық кеңес берудің ең көп қолданылатын саласы мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына, әркімнің өзінің жеке тұлғалық және отбасылық мәселесімен келетіндерге психологиялық көмек көрсету болып отыр. Бұл сала бастауыш мектеп оқушыларының бейімделуден өтуі, жеткіншектер мәселелері, балалар мен олардың ата-аналарына кеңес беру, жас жұбайлармен жүргізілетін жұмыс, некеге дейінгі кезеңде үйленгелі жүрген жастарға кеңес беру, отбасын бұзып ажырасушыларға кеңес секілді көптеген жеке бағыттардан тұрады. Жалпы, бірінші кездесуді белгілеу және жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын, ең алдымен маман негізгі мәліметтерді алуы қажет: отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің немесе олармен бірге тұратын басқа да адамдардың жасы, жынысы); осыған дейін отбасы мүшелерімен қандай да бір психологиялық (түзету, жеке кеңес алу) жұмыс түрлері жүргізілді ме, жүргізілсе қандай түрде және қашан?; осы немесе басқа мәселеге қатысты отбасының қай мүшесінің мазасыздануы жоғары және кімде оның байқалуы басым?; тағы кімнің осы мәселеге қатысы бар?; бұл мәселе қашаннан бері басталды?; отбасының қай мүшесі психотерапияға қатысуға дайын? 
Бірінші сессияға кімді шақыру керектігін анықтауда, бұл деректер маман үшін қажетті ең қарапайым мәлліметтер ретін құрайды. Көмекке жүгінген отбасы мүшелерінің мінез-құлық ерекшеліктері, олардың психикалық қысымды жеңуге деген талпыныстарын көрсетеді. Психологтың отбасымен жүргізетін жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі отбасының өзекті жағдайының диагностикасы болып табылады. Осыған орай «отбасылық диагноз» терминін Э.Г.Эйдемиллер енгізді. Отбасылық диагноз отбасы қызметінің бұзылу сипатын және нығайту жұмыстарының стратегиялық бағыттарын жоспарлауға мүмкіндік берді. Отбасылық қатынастарды диагностикалауда- құжаттарды сандық-сапалық талдау, сауалнама, бақылау, тест, эксперимент, социометрия, қолданылады [7].
Әдебиет:
1. Алешина Ю. Е. Индивидуальное и семейное психологическое консультирование.- М.: Независвимая фирма «Класс», 2000.
2. Шнейдер Л. Б. Психология семейных отношений: Курс лекций. – М.: Апрель, ЭКСМО-Персс, 2000.
3. Хилл Р. Современные тенденции в теории семьи // Социальные исследования. Вып. 4. М., 2009, С. 137
4. Эйдемиллер Э.Г., Юстицкий В. Психология и психотерапия семьи - 3-е изд. - СПб.: Питер, 2002
5. Фримен Д. Техники семейной психотерапии – СПб.: Питер, 2001. – 384
6. Сатир В. Психотерапия семьи. – СПб: «Речь», 2001. 
7. Эйдемиллер Э.Г., И.В Добряков И.В., Никольская И.М. Семейный диагноз и семейная психотерапия: Уч. пособие для врачей и психологов.СПб.,

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет