«Ұбт-ге психологиялық тұрғыдан қалай дайындалу керек» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен сұхбаттасу Мақсаты



Дата07.01.2022
өлшемі15,77 Kb.
#18074

«ҰБТ-ге психологиялық тұрғыдан қалай дайындалу керек» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен сұхбаттасу

Мақсаты: ҰБТ - ге дайындау кезінде оқушылардың өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру, өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамыту, көңіл-күйін көтеру. Оқушылардың Ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай психологиялық жағынан дайындалуға болатындығы жайлы сұхбаттасу, пікір алмасу және танымдық процестерді қалай жақсартуға болатындығы жайлы психологтардың кеңесңн жеткізу болып табылады

Мерзімі: 27.11.2020ж

Ұйымдастыру түрі: ZOOM платформасы арқылы оқушылармен пікір алмасып, сұхбат жүргізу

Объектісі: 11 сынып оқушылары

Қатысушылар саны: 93

Қолданылған материалдар: «ҰБТ-ге психологиялық дайындық» презентациясы

«Позитивті көңіл-күй» видеоролигі



Жүмыстың барысы:

Бүгінгі таңдағы білім беру жүйесі оқыту мен тәрбиелеудің құрылымы, мақсаты мен мазмұны, технологияның түбегейлі өзгерістерімен ерекшеленеді. Мұндағы мақсат жеке тұлғаның білім, білік дағдысын механикалық түрде дамыту емес, танымдық қабілеті дамыған және өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлғаның ақыл – ойын, тұлғалық психикалық қасиеттерін дамыту.
ҰБТ - ны өткізу елімізде өте үлкен жауапты шараға айналды. Түлектің әрі қарай жоғары оқу орнына түсіп білімін жалғастыру, жалғастырмауы осы ҰБТ - нің қорытындысына тікелей байланысты. Сол сияқты біздің де мойнымызда алда үлкен жауапкершілік артылған тапсырма тұр. Ол ҰБТ - дан сүрінбей өту, қалаған балыңызды алу. Бірақ, ол өздігінен келе қоймайды. Кез – келген талапкер үшін уақыт пен еңбекқорлық, ізденіс керек.
ҰБТ - ны тапсыру кезінде оқушылардың өзін - өзі реттеу дағдыларының қалыптаспауы, өзін - өзі бақылаудың, стреске қарсы тұру қабілетінің төмендігі және емтиханды қабылдау ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар кездеседі.  Сұхбаттасу барысында оқшыларға психолог тарапынан ортаға сұрақ қойылды, әрбәр оқушы өз жауаптары мен пікірлерімен алмасты.

Қорытынды:
Күн сайын биіктеген әр сатымыз,
Біздің бір тілегіміз мақсатымыз.
Әрдайым ашық болсын аспанымыз,
Сеніммен шыға берсін жақсы атымыз.-
дегендей қаламгеріміздің өлең жолдарына назар аударайықшы, балалар. Егер өмірде өзіңе - өзің сенімді болғың келсе, өмірмен бетпе-бет кездесуден қорықпа, үнемі өмір сынағының әр түрінен қашқақтап, жеңілдікпен өтірік көңіл көтеруді пайдалансаң, кезең - кезең қиындықтар туындай береді, өзіңмен - өзің әлектене бересің. Сондықтан өмірдің қиындығын қасқайып қарап қабылда. Жеңіл жол іздеме, қиындықпен күрес. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкеледі.
Бүгінгі тренинг сабаққа қатысқандарыңа рахмет, сау болыңдар!

Психологтың ұсыныстары:

Емтиханға бір күн қалғанда...

"Бұл психологияға қарағанда нейролингвистикаға жатады. Біз көп ақпаратты жаттаған кезде ол қысқа мерзімді жадыға түседі. Ал ол көп ұзамай ұмытылады. Мысалы, үй салғанда әр кірпішті асықпай, цементі қатқан соң бір-бірден саласыз. Сол секілді адам бір ақпаратты толық меңгеріп алуы керек. Кейін сәл үзіліс алып, сол ақпаратты миына сіңіру қажет. Алған жаңа ақпараттар бойынша өзіне сұрақтар қойып, тесттен өтіп, маңызды жерлерін анықтау керек. Содан кейін келесі материалға өте беруге болады. Ақпаратты аздап алып, миға демалыс беріп тұру керек. Ақпаратты үсті-үстінен ала берсеңіз, ол есте ұзақ тұрмай, тез ұмытылады. Нейрон байланысы оны қабылдай алмай қалады. Мысалы, математикаға дайындалғанда бір алгоритмді қалай шешуді үйрендіңіз делік. Тәжірибе жүзінде, 2-3 тапсырманы орындаңыз. Кейін серуендеп қайтыңыз не еден жуыңыз, әйтеуір ми ештеңені ойламауы керек. Теледидар қараудың не әлеуметтік желіге кірудің қажеті жоқ. Ол жақтан да жаңа ақпараттар келіп түседі де, миға ауыр салмақ қылады", - дейді ол.



Психолог емтиханға бір күн қалғанда демалған жөн дейді. Ұйқыны қандырып, бойды еркін ұстап, босаңсу керек. Маңызды тестілеу алдында мидың демалуы қажет. Әйтпесе, ҰБТ алдында алған көп ақпарат миға жүк болып, ертеңіне емтихан кезінде қарапайым сұрақтардың жауабын ұмытып қалуыңыз мүмкін екен. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет