№ 1.
Cаясаттану ғылымы зерттейді:
A.адамзат қоғамының әскери қуаты
B.адамдардың саяси мінез-құлқының психологиялық факторы
C.қоғамның құрылымы және ондағы адамдардың мінез-құлқы
D.қоғамдық өмірдегі адамдардың психологиясы
E.қоғамның саяси өмірінің, мемлекеттік институттардың, партиялар мен қозғалыстардың даму процесі
№ 2.
Саясаттану пәні-бұл:
A.биснес саласы
B.қоғамдық өмірдің экономикалық саласы
C.саяси биліктің қалыптасуының, қызмет етуінің және өзгеруінің заңдылықтары, саяси үрдістердің
дамуы
D.өнер саласы
E.бізге сезім арқылы берілген объективтік шындық
№ 3.
Әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік беретін саясаттанудың әдісі:
A.жүйелік
B.бихевиористік
C.салыстырмалы
D.әлеуметтанулық
E.тарихи
№ 4.Саясаттануды оқытуда ұлттық ерекшеліктер қаншалықты ескерілуі қажет
A.тек ғана ұлттық ерекшеліктер негізінде оқытылған дұрыс
B.олай болмауы тиіс
C.ол міндетті емес
D.ұлттық идеология мен ерекшеліктер еске алынып оқытылу керек
E.саясаттанудың тек ғана әлемдік нұсқасы ғана алынуы керек
№ 5. Халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастыратын қандай міндет
A.болжау
B.саяси-әлеуметтену
C.танымдық
D.жетілдіру E.реттеушілік
№ 6.
Саясатты ұжымдық мақсатқа тиімді жету жолындағы іс-әрекет ретінде қарастыратын түсінік
A.Позитивтік
B.Жүйелік
C.Телеологиялық
D.Коммуникативтік
E.Құрылымдық
№ 7.
Аристотель бойынша мемлекеттің дұрыс формалары
A.Полития, демократия, деспотия
B.Монархия, охлократия, анархия
C.Демократия, аристократия, тирания
D.Тирания, олигархия, демократия E.Монархия, аристократия, полития
№ 8.
Либерализм идеологиясының негізін салушы
A.Ж.Боден
B.Э.Гидденс
C.Д.Локк
D.Г.Тард E.Г.Спенсер
№ 9.
XІX ғасырдағы Қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы
A.Шортанбай
B.Ы.Алтынсарин
C.Ш.Уәлиханов
D.Ш.Құдайбергенов
E.А.Құнанбаев
№ 10.
М.Вебердің анықтамасы бойынша, қоғамдағы саяси үстемдік-бұл
A.қанау
B.зорлық-зомбылық
C.билікті ұйымдастыру түрі
D.сендіру E.мәжбүрлеу
№ 11.
Саяси жүйе дегеніміз не?
A.Қоғамдастық
B.Басқару жүйесі
C.Саяси талап-тілектерді нақты іс-әрекеттерге айналдыру механизмі
D.Ұжым
E.Саяси институттар жиынтығы
№ 12.
Саяси жүйе орындайтын саяси әлеуметтендіру қызметінің мәні:
A.қоғамдағы адамдардың және топтардың іс-әрекеті туралы ережелер мен заңдарды өндеу
B.саяси шешім шығаратындарға талаптар қою
C.қоғам мүшелерін саяси қызметке тарту
D.қоғам дамуының жолын,мақсатын, міндетін анықтау
E.талаптар мен шағындарды жинақтап қорыту, оларға саяси платформа, мәлімдеме, бағдарлама түрін беру
№ 13.
Саяси режим дегеніміз:
A.белгілі бір мемлекеттегі билікті жүзеге асырудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы
B.мемлекеттің стратегиясы мен тактикасын жетілдіретін өкілеттігі бар тұлғалар емесе органдар жиынтығы
C.соғыстан кейінгі экономиканы азаматтық тауарлар (өнім) шығаратын өндіріске көшіру
D.саяси жүйедегі негізгі өзгерістің өктемдік тәсілі
E.нақты қоғамдық-саяси негізге сүйенетін саяси тәжірибе мен идеология
№ 14.
Тоталитаризм дегеніміз:
A.билік дін басыларының немесе шіркеу басыларының қолына шоғырланған мемлекеттік құрылыс
B.билік формаға келтірілген, нормативті сипаттағы заңды дәстүрлерге негізделген мемлекеттік құрылыс
C.қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылым
D.белгілі бір, барлықтарына тән құндылықтарға негізделген, өздерінің спецификалық мүдделерін қорғайтын құрылыс
E.әлеуметтік топтардың бір тәртіпке келтірген бәсекесін жүйе ретінде тұжырымдайтын мемлекеттік құрылыс
№ 15.
Авторитаризм дегеніміз
A. ғаламдық және өзекті мәселелерді шешуде өзіндік жол табуға ұмтылатын жаңа қоғамдық қозғалыс
B. біртұтас мемлекет шеңберіндегі саяси-ұлттық құрылымның ауқымды түрде ішкі өзін-өзі басқаруы
C. тұлғалар мен қоғамның саяси емес саласындағы автономиясын сақтайтын, саяси оппозицияға жол бермейтін, билікке бір адам немесе бір топ адам келетін тәртіп
D. билік әкери адамдардың қолында шоғырланған мемлекетік құрылыс
E. қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында абсолюттік бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылыс
№ 16.
Тоталитарлық жүйенің демократиялылықтан өзгешелігі
A. көп меншіктің болуы
B. бизнесті бақыламайды
C. коллегиялды басқарады
D. халық алдында жауаптылығы
E. жеке адамның үстінен толық бақылау жүргізуі
№ 17.
Авторитарлы жүйенің тоталитарлы жүйеден айырмашылығы
A.авторитарлы жүйеде өмірдің барлық жағын шырмап алатын идеология жоқ
B.парламенттік
C.тыйым салатын идеология бар
D.халықпен кеңеседі
E.демократиялық
№ 18.
Биліктің шоғырлануына және бөлінісіне қарай саяси жүйелер мынандай болып жіктеледі
A.орталықтандырылған және орталықтандырылмаған
B.жаңартылған және дәстүрлі
C.дамушы және кертартпа
D.демократиялық және автократиялық
E.сайысқа түсетін және әлеуметтік табыстыратын
№ 19.
Мемлекеттің құдайдың қалауымен құрылғанын түсіндіретін тұжырымдама
A.теологиялық (діни)
B.әлеуметтік-экономикалық;
C.келісім-шарттық;
D.психологиялық E.патриархалдық
№ 20.
Бірнеше егеменді мемлекеттік құрылымдар бір одақтық мемлекетке бірігетін мемлекеттік құрылыс формасы
A.Республика
B.унитарлық мемлекеттік
C.федерация
D.Монархия E.конфедерация
№ 21.
Мемлекеттің ішкі саясатының оның кеңістіктегі, территориясы жағдайына аса тәуелділігі мен байланысын ашып көрсететін саяси тұжырымдама
A.Пацифизм
B.Этатизм
C.Протекционизм
D.Плюрализм (көппікірлік)
E.Геосаясат
№ 22.
Азаматтық қоғам - бұл:
A.мемлекеттік органдар мен қатынастардың жүйесі
B.сайлаушылардың ассоциациялары
C.Мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасқан, қоғамдық қатынастардың жиынтығы
D.мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар
E.партиялық жүйе
№ 23.
Құқықтық мемлекет дегеніміз
A.Көзқарастарды, идеялар мен құндылықтарды халықтың қалың бұқарасын білдеретін мемлекет
B.Иерархиялық және демократиялық әдістерді қамтитын ұйымдастыру принципі, мемлекеттік құрылымды басқару
C.Автократия
D.Әлеуметтік құрылымы әрбір деңгейдегі субъектілердің субординациясы болуымен сипатталатын мемлекет
E.Азаматтардың мүдделері қорғалған және заңның үстемдігі қамтамасыз етілген мемлекет
№ 24.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасы
A.бір-бірінен тәуелсіз
B.тек қажет жағдайда ғана байланысады
C.бірі-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, мүмкіндіктері ұштасып жатыр
D.өзара байланысуға мұқтаж емес
E.әрқайсының өз даму жолы мен мүмкіндіктері бар
№ 25.
Басқарушылар мен басқарылатындардың арасындағы ерекше қарым-қатынас түрі ретіндегі “билік” ұғымының анықтамасы
A.жүйелік
B.инструменталистік
C.функционалдық
D.құрылымдық
E.телеологиялық
№ 26.
Басқа билік түрлері үшін "жоғарғы" болып табылатын билік түрі:
A.бюрократиялық
B.теократиялық
C.саяси
D.экономикалық
E.әскери
№ 27.
Бағындырудың қандай мотиві билікті тұрақтандыра түседі
A.сендіру
B.сенім
C.мүдде
D.мәжбүр ету E.қорқыныш
№ 28.
Билікке оң баға беру, оның заңдылығын, басқару құқын мойындау және бағынуға келіспеушілік
A.нигилизм
B.пацифизм
C. патернализм
D.легитимділік
E.трюизм
№ 29.
Саяси биліктің конституциялық тәртіп бойынша сипатталатын саяси режим қалыптасқан мемлекеттің түрі
A.әскери
(полицейлік)
B.зайырлы
C.тоталитарлық
D.әлеуметтік
E.құқықтық
№ 30.
Азаматтардың жүріс-тұрысын және әрекетін бақылауға, реттеуге бағытталған саяси институт
A.мемлекет
B.шіркеу
C.саяси партия
D.қоғамдық ұйым E.әскер
№ 31.
Қандай саяси ілім мемлекетті еркін адамдардың өзара жасаған келісім-шартының нәтижесі ретінде қарастырады
A.Коммунизм
B.Ұлтшылдық
C.Либерализм
D.Консерватизм E.Протекционизм
№ 32.
Саяси мінез-құлық – бұл
A.Жеке тұлғаның әлеуметтік қауымдастығының саяси билікті жүзеге асыруға, өз саяси мүдделерін қорғауға қатысу формасы
B.Адамдардың қандай да бір саяси мақсатты іске асыруға бағытталған әр түрлі іс-әрекеттері
C.Саяси процесті ұдайы өндіру (дамыту) тәсілі
D.Адамның саясатқа араласуы
E.Саяси-әлеуметтік күштердің саяси үрдістегі бірлескен іс-әрекеті
№ 33.
Партияның негізгі саяси қызметі
A.саяси әлеуметтендіру
B.партиялық идеологияны жасау
C.билік үшін күрес, оны қолдану немесе оған бақылау жасау
D.саяси құрамын толықтыру
E. коммуникативтік
№ 34.
Партиялық жүйе дегеніміз-бұл
A.лоббистік топтар
B.партияның билікті жүзеге асыру жүйесі
C.барлық өмір сүріп тұрған және әрекет етуші партиялар жиынтығы
D.өкілдік мекемелер жүйесі
E.партиялар мен мемлекет арасындағы қатынастар жүйесі
№ 35.
Саяси ұйымдардың жетекшілері мен қызметкерлерінің іскерлік әрекеттерінің тәуекелін төмендету негізінде олардың мамандандырылған міндеттерін шешудегі кәсіби көмек түрлері
A.аудит
B.Сауалнама
C.құқықтық баға
D.Анкеттеу E.саяси кеңес беру
№ 36.
Парламенттік, президенттік немесе муниципалдық сайлауларда қандай да бір саяси партияға дауыс беретін сайлаушылар тобы:
A. азаматтар
B.әлеуметтік топ
C.электорат
D.элита
E.люмпендер
№ 37.
Мажиторитарлық сайлау жүйесі дегеніміз не?
A.сайлауға элиталық топтың дауыс беруін
B.сайлаушылардың түгел қатысуын
C.ашық дауыс беруін
D.сайлауға түскен үміткерлердің ең көп дауыс алғаны жеуін
E.сайлаушылардың өзінің сайлануын
№ 38.
Әкімшілік органдар, шіркеу, әскер және т.б. мүдделі топтардың қандай типіне жатады:
A.формалды емес
B.институционалдық
C.бюрократиялық
D.бірен-сарандаған
E.теологиялық
№ 39.
НАТО қандай ұйым?
A.Әскери-саяси ұйым
B.Қоғамдық ұйым
C.Энергия мәселесін реттейтін ұйым
D.Экономикалық бірлестік
E.Экологиялық ұйым
№ 40.
Кім бірінші болып саяси мәдениеттің тұжырымдамалы ұғынылуына әрекет жасады
A.Д.Белл
B.У.Кларк C.Г.Альмонд
D.Дж. Гэлбрейт
E.Д.Истон
№ 41.
Саяси субмәдениет дегеніміз – бұл:
A.Қоғамның бір тобының саяси мақсаттары мен құндылықтары ұлттық саяси мәдениеттен ерекше байқалатындығы
B.Нормативті талаптардың көрініс беруі
C.Рухани құбылыстар мен символдардың жиынтығы
D.Мінез-құлық типтік үлгілерінің жиынтығы
E.Саяси объектілерге бағдарлайтын жүйе
№ 42.
Саяси сана – бұл
A.Іс жүзінде орын алған немесе енді болып жатқан саяси әрекеттердің псевдологиялық негіздемелері
B.Саяси мүдделерді қорғау
C.Саяси объектілерге бағдарлайтын жүйе
D.“Тікелей қарау” нәтижесі ретіндегі саяси білім
E.Саяси билік механизмдерінің іс-қызметтерін көрсететін және саяси қатынастар саласындағы адамдар іс-әрекетін, мінез-құлқын бағыттап отыратын адам руханилығының көптүрлі көрінісі
№ 43.
Саяси мүдде, мақсат, ерік, сезім, көңіл-күй, пікір, нанымды қамтитын саяси сананың саласы:
A.Саяси ғылым
B.Саяси психология
C.Азаматтану
D.Саяси әлеуметтану E.Саяси идеология
№ 44.
«Элиталық демократия » ұғымы нені білдіреді?
A.елдегі демократияны элиталық топ қалыптастырады
B.рефенердумдық демократияны
C.монархиялық демократияны
D.тікелей демократияны E.плебисциттік демократияны
№ 45.
Саяси билік дегеніміз не?
A.бір саясат субъектісінің екінші саясат субъектісін басып-жанжуы
B.қандай да бір саяси идеологияны жүзеге асырудың бірден бір шынайы құралы
C.биліктің бір түрі; мемлекеттің, қоғамның өмірінің белгілі бір саласындағы индивидтің, топтың, қауымның, партияның құқық негізінде өз еркін жүргізуі
D.биліктің бір түрі; қоғамдық істерді басқару, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, сыртқы және ішкі қауіпсіздік пен тәуелсіздікті қорғау мақсатында мемлекет пен оның барлық тармақтары жүзеге асыратын жоғары билік
E.саясатты іске асыру жолы
№ 46.
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы ең жоғарғы құндылық
A.адам мен адам өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары
B.экономикалық және әскери әлеует
C.мемлекеттік билік
D.халық билігі
E.жер мен қазба байлықтары
№ 47.
Саяси плюрализм
A.Іс-әрекеттің әр-алуандылығы
B.Шаруашылықтың әр-алуандылығы
C.Басқару әдісінің әр-алуандылығы
D.Билікке деген кез-келген монополияны жоққа шығаратын ұйымдастырушылық күштердің әралуандылығын, көппартиялықты, парламентаризмді құқықтық бекіту, пікірлердің көптүрлілігі E.Адамның қалаған нәрсесіне бостандығының болуы
№ 48.
Қазақстандағы көппартиялық жүйенің тиімділігі немен анықталады
A.демеушілерінің күштілігімен
B.парламенттегі депутаттық мандат санымен
C.атқарған істрімен
D.қоғамдағы беделмен
E.мүшелерінің көптігімен
№ 49.
Модернизацияланушы елдерде жиі туындайтын дағдарыс түрлері:
A.контрмодернистік ағымдар
B.стереотиптер
C.өтпелі кезең, психологиялық бейімделу, жаңа құндылықтарды игеру қиындығы, болашаққа деген сенімсіздік
D.консерваторлық дәстүр, жаңалыққа деген қорқыныш сезімі
E.идентификациялану кризисі, мәдени және материалдық ресурстарды бөлудегі кризис, саясатқа қатысу кризисі, шешімдерді жүзеге асыру кризисі, легитимділік кризисі
№ 50.
Саяси жанжал
A.Әлеуметтік негіздегі жажалдар
B.Ұлттық-этникалық негіздегі жажалдар
C.Консенсус
D.Экономикалық негіздегі жажалдар
E.Қарама-қарсы күштердің, мүдделердің, пікірлердің, идеялар мен көзқарстардың қақтығысы
№ 51.
Саяси дағдарыс:
A.Қателіктер, жекелегн тұлғалардың бірегей билігі
B.Денсаулықтың күрт төмендеуі
C.Саяси дамудың тұрақсыздығы
D.Мәдениет жүйесіндегі ауыр жағдай
E.Елдегі экономикалық жағдай мен саяси құрылысқа деген бұқара халықтың наразылығы
№ 52.
Саяси жанжалдың құрамдас элементтерін атаңыз
A.идеологиялық қарама-қайшылық, мүдделердің теке-тіресуі, ресурстарды бөлудегі келіспеушілік.
B.ұлттық ерекшеліктердің ескерілмеуі.
C.күштеу, латентті факторлар, иррационалды әдістер, идеялық келіспеушілік
D.жанжалдың қайнар көзі, тұтану себебі, тараптары, субъектілерінің ұстанымдары мен сезімдері, қолданылатын тәсілдері мен ресурстары, сипаты
E.үкімет дағдарысы, парламенттік дағдарыс, конституциялық кризис
№ 53.
Жаһандану жағдайындағы Қазақстан сияқты ұлттық мемлекеттер үшін аса маңызды мәселе не?
A.изоляциялық саясат ұстану
B.ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
C.отандық тауар өндірушілерді қорғау
D.өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалу
E.шекараларды мықтау
№ 54.
Халықаралық саясаттың басым бағыттары
A.терроризм, экстремизм, қару жарақ саудасы, адам сату, наркотрафик
B.қоршаған ортаны қорғау, жалпыға бірдей қауіпсіздік, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары, азаматтар мен мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты
C.әскери-саяси жағдай, шикізат ресурстары, трансұлттық компаниялар
D.халықаралық ұйымдасқан қылмыс, дипломатия, халықаралық ұйымдар, БАҚ, интеграция E.бейбітшілік және соғыс мәселесі, экономика
№ 55.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты -
A.үш векторлы
B.көпполюсті
C.глобалды
D.көпвекторлы
E.екі полюсті
№ 56.
Қазақстанның ТМД-дағы саяси рөлі
A.ядролық қарудан бас тартуды насихаттаушы
B.әскери одақтар құру идеясын ұсынушы
C.интеграциялық бастамалардың генераторы
D.антиглобализация ағымының көшбасшысы
E.дезинтеграциялық процестерді бастаушы
№ 57.
Әлемдік саясатта Қазақстанның қандай мүдделері бар
A.ұлттық мүдделері
B.қауіпсіздікті қамтамасыз ету
C.инвестициялық мүдделері
D.экономикалық мүдделері
E.геосаяси мүдделері
№ 58.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды тармақтары
A.ішкі саяси тұрақтылық, сыртқы жаулардан сақтану
B.азық-түлік, су-электр, жанар-жағар май, трансшекаралық өзендер-көлдер, табиғи ресурстарды сақтау, төтенше жағдайлар қауіпсіздігі
C.терроризм, экстремизм, ксенофобия, фашизм, шовинизм
D.экономикалық, ақпараттық, экологиялық, демографиялық, қоғамдық, әскери, сыртқы қауіпсізідктер E.кедендік, құқықтық, салықтық, төтенше жағдайлар, арнайы-қарсы барлау, ішкі істер қауіпсіздігі
№ 59.
Саяси консенсус -
A.Тараптардың келісім-шарты
B.Тараптардың келіссөзіндегі жанжалдық жағдай
C.Мәдени ынтымақтастық мәселесі бойынша шарт
D.Бітіспес қарама-қайшылық
E.Ерікті компромисс, өзара теңдік негізінде шешімге келу, көзқарастардың ортақтығы
№ 60.
Саяси элита дегеніміз?
A.мемлекеттегі және қоғамдағы билік функцияларын атқару үшін бір субъекті ұсынатын саяси феномен
B.ерекшелігі жоғарыдан төменге бағыттауы болып табылатын билік түрі
C.әлеуметтік позициясы шешім қабылдаумен байланысты басқарушылық мәртебе
D.қауымдастықтың символы және топтың саяси мінез-құлқының үлгісі E.қауымдастықтағы саяси мүдделерді білдіру үшін дайындалған адамдар тобы
№ 61.
“Саяси тап” теориясының авторы кім?
A.Р.Михельс
B.В.Парето
C.Ж.Боден
D.Г.Лассуэл
E.Г.Моска
№ 62.
Билікті заңдастыру тәсілі бойынша лидерлер мынандай түрлерге жіктеледі:
A.басқарушы, оппозициялық
B.формалды, формалды емес
C.дәстүрлі, харизматикалық, рационалды-ресми
D.авторитарлық, демократиялық E.дағдарысты, ескішілдікке негізделген
№ 63.
Салыстырмалы саяси зерттеулер қандай терминмен анықталады
A.Аксиология
B.Логистика
C.Казуистика
D.Беллетристика E.Компаративистика
№ 64.
Әлеуметтік өкілдік жүйесінің қызмет ету процесін қамтамасыз ететін негізгі құрал
A.Дебаттар
B.Забастовка
C.Аштық жариялау
D.Лаңкестік
E.Сайлау
№ 65.
Планетадағы өркениетке және жалпы өмір сүруге қауіп-қатер төндіретін әлемдік соғыс проблемасын болдырмау қай проблемалар қатарына жатады:
A.Экологиялық проблемалар
B.Жалпы дүниежүзілік жаһанды проблемалар
C.жалпы саяси проблемалар
D.Жалпы адамдық жаһанды проблемалар
E.Азық-түлік проблемалары
№ 66.
Глобализация дегеніміз не?
A.Мемлекеттердің оқшаулану процесі
B.Барлық мемлекеттердің бір орталыққа бағынуы
C.Барлық мемлекеттердің бір салт дәстүрді ұстануы
D.Адамзаттық кұндылықтарға негізделген өркенниеттердің өзара ықпалдасуы
E.Бір мемлекеттің екінші мемлекетке ыкпалы
№ 67.
Әлемдік саяси процестің негізгі тенденциялары
A.әр елдің саяси оқшаулануы
B.әскери қақтығыстардың тиылуы
C.ақпараттық шектелу
D.жаһандану
E.экологиялық жаксаруы
№ 68.
Сыртқы саясат – бұл
A.Ұлтаралық және мемлекетаралық қатынастар саласындағы қоғамдық қатынастардың түрі
B.Халықтардың өзара әрекет формалары мен қатынастарының жиынтығы
C.Халықаралық аренада мемлекеттер мен халықтар арасында өзара қарым-қатынастарды реттейтін саясат
D.Саясатта адамдар арасында жүзеге асатын байланыстар
E.Қоғамның саяси жүйесінің әрекет ету тәсілі
№ 69.
Халықаралық саясат – бұл
A.Мемлекеттер мен халықтардың халықаралық аренадағы өзара қарым-қатынастарын реттейтін саясат
B.Әлемдік деңгейде мемлекеттік және топтық мүдделерді жүзеге асыру үшін іс-әрекетті және мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін саясат
C.Қоғамның саяси жүйесінің әрекет ету тәсілі
D.Ұлтаралық және мемлекетаралық қатынас саласындағы қоғамдық қатынастар түрі E.Халықтардың өзара әрекеттестік формалары мен қарым-қатынастар жиынтығы
№ 70.
Халықаралық қатынастар – бұл
A.Қоғамның саяси жүйесінің қызмет ету тәсілі
B.Халықаралық деңгейде мемлекеттер мен халықтар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін саясат
C.Ұлтаралық және мемлекетаралық қатынастар саласындағы қоғамдық қатынастардың түрі
D.Халықтардың өзара әрекеттесу формалары мен қатынастарының жиынтығы
E.Саясаттағы адамдар, халықтар арасында жүзеге асатын байланыстар
№ 71.
Ұлттық ерекшелік пен ұлттық артықшылықты насихаттаудан тұратын идеология мен саясат
A.Ұлтшылдық
B.Трайбализм
C.еуропоцентризм
D.Этатизм
E.Космополитизм
№ 72.
Ұлттық мүдделерді есепке алуға, үйлестіруге және іске асыруға бағытталған мемлекет тарапынан жүргізілетін шаралар жүйесі:
A.Ұлттық сана және санасезім
B.Ұлттық саясат
C.Ұлттық қатынас D.Ұлттық қауіпсіздік;
E.Ұлттық мүдделер.
№ 73.
Еуразиялық одақ құру идеясы қай жылы ұсынылған еді?
A.1995 жылы
B.1993 жылы
C.1991 жылы
D.1994 жылы
E.1992 жылы
№ 74.
Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қай жылы қабылданды?
A.1998 ж
B.1993 ж
C.1992 ж
D.2000 ж
E.1996 ж
№ 75.
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың айтуынша, Жаңа Қазақстанды құру мұратымыз
A.Саяси әділеттілік
B.Құқықтың үстемдігі
C.Саяси еркіндік
D.Демократияға жол
E.Егемен еліміздің болашақтағы бейнесі
№ 76.
Қазақстан Республикасы қашаннан бері президенттік-парламенттік басқару жүйесіне көшті?
A.1995 жылы
B.2005 жылы
C.2000 жылы
D.1991 жылы
E.2007 жылы
№ 77.
Оппозиция ұғымы нені білдіреді?
A.Билікке деген бейтараптық
B.Үстемдік етіп тұрған билеуші элитаға қарсы тұрушы партиялардың, қозғалыстардың саяси лидерлері
C.Бюрократтарға қарсы шығушы қоғамдық ұйымдардың одағы
D.Үкіметтік блок
E.Референдумда билікті қолдау
№ 78.
Құқықтық мемлекеттегі саяси билік деген категорияға не жатады?
A.Өз еркін басқаға орындата білу қабілеті
B.Күштілердің әлсіздерді басқаруы
C.Элитаның өз артықшылықтарын пайдалануы
D.Саяси өкілділікті қоғамның мемлекетке беруі
E.Өзін-өзі басқару органдарының сайланбалы болуы
№ 79.
«Билеуші» шығармасының авторы кім?
A.Т. Мюнцер
B.Н. Макиавелли
C.М. Падуанский
D.Ж. Руссо
E.Т. Мор
№ 80.
2022 жылдың 15 қаңтарда құрылған "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қордың басшысы
A.Бағдат Мусин
B.Серікқали
Брекешев
C.Әлібек Қуантыров
D.Дәулет Тұрлыханов
E.Болат Жәмішев
№ 81.
2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған "Қазақстан халқына" қорының мақсаты:
A. Қоғамдық ұйымдарға тегін көмек
B.Билікке тегін көмек
C.Үкіметтік емес ұйымдарға тегін көмек
D.Саяси партияларға тегін көмек
E.Қиын өмірлік жағдайға тап болған және қолдауды қажет ететін халыққа тегін көмек
№ 82.
ТМД аумағында жүріп жатқан саяси процесс
A.Индефференттілік
B.Интеграция
C.Дезинтеграция
D.Коррупция E.Консолидация
№ 83.
Құқықты демократиялық мемлекетте саяси шешім қабылдаудың басты принципі
A.Либерализм, қабылданатын шешімнің бостандыққа негізделуі
B.Конформизм, бедел мен дәстүрге сүйену
C.Верификация, ақиқатқа көз жеткізу
D.Конституционализм, яғни қабылданатын шешімнің Ата заңға қайшы келмеуі.
E.Корпоративизм, элита мен үстем тап өкілдерінің шешімімен
№ 84.
Саяси ой тарихында ең алғаш «егемендік» ұғымын қалыптастырып, негіздеген...
A.Н. Макиавелли
B.Ж. Боден
C.Г. Гроций
D.Т. Гоббс
E.Д. Локк
№ 85.
Геосаясат мынаны көздейді
A.Басқа мемлекетке адам ресурстарымен жәрдемдесу
B.Басқа мемлекеттерге жер мәселесіне көмектесу
C.Мемлекеттің өз ресурстарын кеңейтуі, көбейтуі
D.Мемлекеттің әлемдік кауымдастықты жалпы басқару
E.Агроәдістермен алмасу
№ 86.
Стивен Р. Ковидің алтын ереже түсінігі қандай?
A.Адамдардың саған қалай қарағанын қаласаң, оларға да солай қара!
B.Табысты адам әдетте жігерсіз адамдарға ұнамайтын істі істейді.
C.Біздің кім екеніміз сөзіміз бен ісімізден маңыздырақ.
D.Табанды адамдар мақсаттарына жетпейінше алған беттерінен қайтпайды.
E.Реактивті адамға ауа-райы әсер етуі мүмкін, ал проактивті адамның өз ауа-райы өз ішінде.
№ 87.
Стивен Р.Ковидің пікірінше адам өзін қандай тұрғыларда жетілдіру керек? A.Рухани,сапалық,құрамдастық,ықпалдық.
B.Шапшаңдық,табандылық,еңбекқорлық,сабырлылық.
C.Эмоциялық,бірегейлік,табыстылық,ашықтық.
D.Физикалық,рухани,зияткерлік,әлеуметтік-эмоциялық
E.Материалдық,қаржылық,тұрмыстық,зияткерлік.
№ 88.
Көшбасшы, лидерге ұмтылудағы «Синергия» сөзінің (грек тілі) мағынасы?
A.Ынтымақтастық
B.Білімділік
C.Бірегейлік
D.Жетістік E.Шапшаңдық
№ 89.
Стивен Ковидің "Жасампаз жандардың 7 дағдысы" атты еңбегіндегі бірінші дағды:
A.Проактив болу
B.Басты іске мән беру
C.Жаңарту жүргізу
D.Синергияға жету E.Тұлғааралық көшбасшылық
№ 90.
Стивен Р.Ковидің «Жасампаз жандардың жеті дағдысы» кітабында «Араңызды қайраңыз» нешінші дағды ұстанымы?
A.Екінші дағды. Өмірге қажетті дүниелердің жиынтығы.
B.Жетінші дағды. Себебі барлық ұстанымдардың шыңы
C.Бірінші дағды. Себебі ұстанымның алғашқы кірпіші
D.Төртінші дағды. Себебі алдыңғы үш дағды арқылы қалыптасады.
E.Бесінші дағды. Себебі ол маңызды, әрі құнды.
№ 91.
Көшбасшысы болғысы келетін адамның бойындағы қасиеттер қандай?
A.Адал, қателік жасаудан қорықпау, еңбекқорлық
B.Замануи болу, қиындықты еңсере білу, сабырсыз
C.Сабырсыз, еңбекқор, қиындықты еңсере білу
D.Көреалмаушылық, жалқаулық, тәуекелшіл E.Еріншек, қиындықты еңсере білу, замануи болу
№ 92.
«Утопия» кітабының идеясы:
A.Саяси режимге толықтай бағынышты болмау керек
B.Ойлаған заттан қайтпау қажет
C.Өзіңді табу үшін жан тыныштығы қажет
D.идеалды қоғам - жалпыға бірдей әділетті қоғам
E.Лидерлік қасиеттердің адам үшін маңызы
№ 93.
"Утопия" еңбегінің авторы :
A.Джон Локк
B.Фрэнсис Бэкон
C.Томас Мор
D.Джеймс Гаррингтон E.Томмазо Кампанелла
№ 94.
«Күн қаласы» деген, автордың көзқарасы бойынша :
A.Идеалды қоғам
B.Әлеуметтік теңсіздіктен тұратын қоғам
C.Құлдар патшаға тәуелді қоғам
D.Бос арамзалар мен паразиттерден тұратын қоғам
E.Қылмыс пен жазасы қатал қоғам
№ 95.
«Қайырымды қала тұрғындарының» авторы кім?
A.Әл-Фараби
B.Жүсіп Баласағұн
C.Әл-Бируни
D.Уоррен Бенис
E.Қожа Ахмет
Яссауи
№ 96.
Саяси әл-ауқаттың жоғары болуы - ақылды басшыға байланысты екендігін көрсеткен Ж.Баласағұның
еңбегі :
A.Шахнаме
B.Жүсіп - Зылиха
C.Тарих и Рашиди
D.Құтты білік
E.Хұсрау –
Шырын
№ 97.
«Биліктің 48 заңы» атты заңдар кітабының авторы?
A.Роберт Грин
B.Томазо Кампанелла
C.Уоррен Беннис
D.Стивен Р.Кови
E.Джеймс Кузес
№ 98.
Роберт Гриннің «Биліктің 48 заңы» атты шығармасында басшы мен қызметкер арасындағы тығыз байланыс қай заңында айтылады?
A.15
B.1
C.3
D.6
E.9
№ 99.
Питер Друкердің «Тиімді басшы» кітабындағы тиімді басшыға тән 5 қасиеттің ең алғашқысы:
A.Үлес қосуға зейін қою
B.Уақытты басқару
C.Дұрыс шешім шығару
D.Істің ең алдымен маңыздысын жасау
E.Адамның мықты тұстарын елепескеру
№ 100.
Рональд Хейфeцтің «Күрмеуі қиын көшбасшылық» кітабындағы лидер болу сатылары:
A.Тек дұрыс жолмен жүру
B.үйрену,оқу,даму
C.бейімделу
D.техникалық
E.екі сатылы: техникалық және бейімделу
№ 101.
2022 жылғы қараша айында өткен ҚР Президент сайлауының ерекшелігі неде?
A.Қазақстан Республикасының Президенті бір мерзімге ғана – 7 жылға сайланады.
B.Қазақстан Республикасының сайлауына тек ер кісілер кандиданттыққа ұсынылуы
C.Ерекшелік жоқ
D.Қазақстан Республикасының сайлауы 2 жыл сайын өткізілуі
E.Қазақстан Республикасының сайлауы 6 жылда бір өткізілуі
№ 102.
2022 жылдың қараша айында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев конституциялық реформа нәтижесінде әзірленген неше маңызды заңға қол қойды?
A.3
B.7
C.8
D.6
E.5
№ 103.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Беласу» атты кітабында ерекше мән беріп, зерттелген мәселе:
A.Тәуелсіз Қазақстанның табиғаты
B.Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуы
C.Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы мен білімі
D.Тәуелсіз Қазақстанның тарихы
E.Тәуелсіз Қазақстанның өнері мен мәдениеті
№ 104.
2022 жылғы 20 қарашада өткен ҚР Президент Сайлауына неше кандидат үміткер болып, тіркелді? A.4
B.6
C.5
D.8
E.7
№ 105.
Қазақстан Республикасы Президентін Сайлауда кандидаттарға қойылатын басты ереженің бірі?
A.Орта білімі бар
B.45 жасқа толған
C.Шетел азаматы болу
D.Сот үкімімен абақтыда отырған
E.Мемлекеттік тілді еркін білетін
№ 106.
2022 жылы 20 қарашада ҚР Президентін сайлаудың ресми қорытындысы бойынша президентке үміткер Қасым Жомарт Тоқаев қанша пайыз дауыс жинады?
A.3,42%
B.81,31%
C.78,1%
D.5,80%
E.2,53%
№ 107.
«Қолынан түк келмейтін басшы төңірегін де тыңдамайды» деген қанатты сөздің авторы?
A.И.Тасмағанбетов
B.Қ.Тоқаев
C.С.Нұрбек
D.А.Аймағанбетов
E.Н.Назарбаев
№ 108.
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Беласу» кітабының қисынды жалғасы болған кітап?
A.«Тәуелсіздік туы астында»
B.«Нұр мен көлеңке»
C.«Тарих толқынында»
D.«Жаһандану жағдайындағы Қазақстанның сыртқы саясаты»
E.«Қазақстан Республикасының дипломатиясы»
№ 109.
Тәуелсіз Қазақстанның бірінші әйел Елшісі, ҚР БҰҰ жанындағы бірінші Тұрақты Өкілі:
A.Ақмарал Арыстанбекова
B.Бірғаным Әйтімова
C.Зағипа Балиева
D.Сара Назарбаева E.Гүлжан Қарақұсова
№ 110.
ҚР Президенті болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау (инаугурация) рәсімі қашан өтті?
A.2022 жыл 19 қараша
B.2022 жыл 30 қараша
C.2022 жыл 5 қараша
D.2022 жыл 26 қараша
E.2022 жыл 12 қараша
№ 111.
Саясат дегеніміз бұл-…
A.қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
B.мемлекетті басқару өнері: мемлекеттің істеріне қатынасу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын, анықтау
C.сайланбалы мемлекеттік лауазымдарға адам таңдау науқаны.
D.Билікті жүргізуші әлеуметтік топтар жиынтығы.
E.қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы.
№ 112.
Politika қай тілден алынған?
A.грек
B.француз
C.ағылшын
D.орыс
E.неміс
№ 113.
Саясаттың субъектісі деп нені атаймыз?
A.Саяси мәдениет
B.адамның сыртқы бейнесі мен оның нақты тұлға түрі арасындағы байланыс туралы ілім
C.мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады
D.табиғат пен қоғамның объективтік даму зандылықтарын теріске шығаруға тырысатын көзқарас
E.көп түрлі саясат дүниесі болып табылады, бұған мемлекетті, саяси институттарды, билік нысандарын және олардың қоғамдық жүйедегі рөлін зерттеуді жатқызуға болады
№ 114.
Aдамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі :
A.Саяси жүйе
B.Саяси режим
C.Модернизация
D.Саяси сана E.Саяси көшбасшылық
№ 115.
Мемлекеттік саяси институттарға: қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа әрдайым және шешуші ықпал ету
A.Кемелдену
B.Саяси режим
C.Саяси көшбасшылық
D.Саяси элита
E.Саяси жүйе
№ 116.
Төмендегілердің қайсысы демократиялық биліктің сипатына жатады?
A.Жеке басқа табынушылық
B.Халық билігі, теңдік пен әділдік
C.Адам бостандығы мен Конституциялық құқықтың жойылуы
D.Абсолютті монархия
E.Теократиялық тәртіп пен диктатура
№ 117.
Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі :
A.Идеология
B.Теория
C.Ғылым
D.Дағды
E.Эстетика
№ 118.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа Жолдауындағы экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты қандай?
A.Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
B.Адам капиталын дамыту
C.Салалық және инклюзивті тұрғыдан халықтың әл-ауқатын жақсарту
D.Экономиканы цифрландыру
E.Орта бизнесті дамыту
№ 119.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халыққа Жолдауында "фискалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін" салық Кодексі қай жылдан бастап әзірленеді?
A.2030 жыл
B.2027 жыл
C.2023 жыл
D.2025 жыл E.2024 жыл
№ 120.
2022 жылғы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы қай айда жарияланды?
A.14 қазан 2022 жыл
B.4 желтоқсан 2022 жыл
C.15 сәуір 2022 жыл
D.1 қыркүйек 2022 жыл
E.16 мамыр 2022 жыл