1. Педагогикалық зерттеудің негізгі кезеңдері Зерттеу проблемасын анықтау – ғылыми ізденістің бастапқы кезеңі



бет1/3
Дата21.09.2022
өлшемі25,6 Kb.
#39727
  1   2   3

Педагогикалық зерттеудің қисындық құрылымы. Зерттеудің проблемасын және тақырыбын анықтау ғылыми ізденістің бастапқы кезеңі ретінде
1. Педагогикалық зерттеудің негізгі кезеңдері
2. Зерттеу проблемасын анықтау – ғылыми ізденістің бастапқы кезеңі
3. Зерттеу тақырыбы, өзектілігін дәлелдеу
1. Педагогикалық зерттеудің негізгі кезеңдері
Ғылыми ізденістің нәтижелігі зерттеу қадамдарының бірізділігіне байланысты, яғни зерттеу қисыны шынайы нәтижеге әкелуі тиіс. Қисынды жасау – күрделі үрдіс. Оның үш кезеңін белгілеуге болады: мақсат қою, зерттеу және енгізу-рәсімдеу.
Бірінші кезеңде – тақырыпты таңдау, міндеттерді анықтау, болжам жасау (мәселе – тақырып – объект – пән – ғылыми фактілер – бастапқы тұжырымдама – жетекші идея және пікір – болжам – зерттеу міндеттері сызбасы бойынша жүреді).
Екінші кезеңде - әдістерді таңдау – болжамды тексеру – алдын-ала қорытындыларды белгілеу – оларды сынақтан өткізу және нақтылау – қорытынды жасау сызбасы бойынша жүзеге асады.
Үшінші кезеңде – сынақтан өткізу (қорытындыларды талқылау, оларды қоғамға ұсыну), жұмысты рәсімдеу (есеп беру, баяндамалар, кітаптар, диссертациялар, ұсыныстар, жобалар және т.б.) және нәтижелерін практикаға ендіру.
В.И. Загвязинский, Р.Атаханов зерттеу қисынын құрылымдаудың 3 кезеңін бөліп көрсетеді: қойылым кезеңі, өзіндік зерттеу кезеңі, дайындау -ендіру кезеңі.
- Қойылым кезеңі - бұл зерттеудің міндеттерін және ғылыми болжамын, зерттеу тақырыбын таңдау аралығындағы кезең, ол зерттеудің барлық кезеңдеріне ортақ қисынды сұлбамен жүзеге асырылады. (мәселе тақырып-нысан-ғылыми деректер-негізгі ой - зерттеу ниеті- ғылыми болжам-міндеттер).
- Өзіндік зерттеу кезеңінің зерттеу жұмысын орындаудың қисынды сұлбасы жалпы мағыналы түрде беріледі (әдістерді таңдау-ғылыми божамды тексеру-алдын ала жасалған қорытындыларды құрылымдауоны ресми мақұлдау және нақтылау- соңғы қорытынды жасау).
- Дайындау-ендіру - бұл ресми мақұлдау, қорытындылау, талқылау, оны қоғамға ұсыну, зерттеу жұмысын дайындау (есеп берулер, баяндамалар, кітаптар,диссертациялар, ғылыми ұсынымдар, жобалар) және нәтижені тәжірибеге ендіру. Әр зерттеудің қисынының өзіндік ерекшелігі болатынын атап өткен жөн.
Сондықтан әр зерттеу жұмысынан мәселенің сипатына, зерттеудің пәнімен міндетіне және т.б. факторларға қарай ізденудің жүйелі оңтайлы нұсқасын табу қажет. Зерттеудің әдіснамалық және тәртіптік бөлігі болады.
Әдіснамалық бөлім (әдіснамалық аппарат) мәселені, тақырыпты, нысанды, бұйымды зерттеуден, терминдерді нақтылап, мақсатты, міндетті, ғылыми болжамдарды тұжырымдаудан тұрады. Тәртіптік бөлім зерттеудің жоспарын жасау, мәліметтерді жинау техникасы мен әдісін сипаттау болып табылады. Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі (динамикасы) бірнеше сатылық-эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды-теориялық немесе теориялық, прогностикалықжұмыстар орындауды қажет етеді.
Зерттеудің эмпирикалық сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағамы алынады, шынайы оқу-білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтар көрінеді, ғылыми проблема өрнектеледі. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзелетін зерттеу гипотезасынан көрінеді. Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәні: зерттеу объектті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама-қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық (эксперименталдытеориялық) деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау.
Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады.
Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын-ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет