«Цифрлық сауаттылық- заман талабы»



Дата14.10.2023
өлшемі12,44 Kb.
#114983
түріБағдарламасы
Байланысты:
цифрлы сауаттылық


«Цифрлық сауаттылық- заман талабы»
«Цифрлы мұғалім» жобасы аясында мектеп мұғалімдері үшін «Цифрлық сауаттылық- заман талабы» тақырыбында коучинг өткізілді. Іс-шара барысында мұғалім "Tarsia" цифрлық платформасын түсіндірді. Тарсия – кез келген пәнді оқытуда топтық, жұптық жұмыстарда қолданылады. Тарсия бағдарламасының көмегімен тіктөртбұрышты және үшбұрышты кеспе қағаздардан тұратын әртүрлі сұрақтардан тұратын тапсырмалар, пазлдар жасауға болады. Оның қарапайым түрі 6-15 тапсырмадан, күрделі түрі 22-30 тапсырмадан тұрады. Тарсия: оқушының белсенділігін, пәнге құштарлығын, сыни ойлау қабілетін және ізденімпаздығын арттырады, «жасырынып» жатқан қабілеттерін ашуға көмектеседі, өзіне деген сенімділік пайда болады. Оқушы негізгі ұғымдарды еске сақтайды, білім сапасы жақсара түседі, өз сыныптастарымен диалогқа қатысады, бір-біріне қолдау көрсетеді, топта жұмыс жасай білуге дағдыланады, басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік алады. Сабақтың түріне, кезеңіне байланысты оқушыларды жалықтырмай тиімді пайдалану – мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Ұйымдастырушы: тарих пәнінің мұғалімі Хайруллина Г.М

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет