1.Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының мақсаты, мазмұны, ерекшелігі.
2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша деңгейлік тапсырмалар
1.Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының мақсаты, мазмұны, ерекшелігі.
Деңгейлеп саралап оқыту – оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді:
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндігін береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді;
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі.
Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Сабақ барысында міндетті 3 деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасалады.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының ерекшелігі
Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы;
Оқушы мен оқытушының шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы;
Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы.