Ойнайық та,
ойлайық»
(ҰОҚ)
|
9.30-10.20
|
Дене шынықтыру-3
Тақырыбы:
Балақайлар хайуанаттар бағында Негізгі қимылдары: алаңның бір жағынан екінші жағына жүгіру (арақашықтығы 10 м). Тепе-теңдікті сақтай отыра бір-бірінен 20 см қашықтықта жатқан кедергілер арқылы аттап жүру. Гимнастикалық қабырғаның екінші сатысына бекітілген көлбеу тақтайдан сырғанау. Мақсаты:тепе-теңдікті және қимыл үйлесімділігін сақтау дағдысын қалыптастыру.
Сурет салу
Тақырыбы: « Сүйікті ойыншықтарым ». Өз бетінше. Мақсаты: Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту, өз бетінше бейнелерді ң суретін салу дағдыларын нығайту. Міндеті: Өз ойыншықтарын сипаттап әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту. Сүйікті ойыншықтарының суретін салуға жаттықтыру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру, ойыншықтарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу . Өнерлі он саусақ
Құстар
(сурет салу) Балаларға «Құстар» туралы ертегі оқып беру. Тақпақ жаттау. Балаларды табиғаттағы құстарды аялап, баптап, күте білуге үйрету. Құстарға деген қамқорлық көзқарастарын тереңдету
|
Дене шынықтыру-3
Тақырыбы:
Аңдарға арналған жаттығу (таза ауада) Негізгі қимылдары: бір орыннан ұзындыққа секіру. Допты қақпаға домалату. Мақсаты:бір орыннан ұзындыққа секіру. Допты қақпаға домалату. Міндеттері: аяқ пен қолдың қимылын үйлестіруді жетілдіруді жалғастыру. Кедергілер арасынан «жыландай» ирелеңдеп жүгіруге жаттығу, оң және сол жақтағы кедергілерге соқтықпай өтіп кетуді жетілдіру, ептілікті дамыту.
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Өзінің отбасы туралы әңгіме. Мақсаты: отбасы туралы әңгімелеуге,тілде сын есімдерді, етістіктерді дұрыс қолдана білуге үйрету. Міндеті: а) Білімділік: балалармен өз отбасы туралы әңгімелесу. ә) Дамытушылық: өз отбасы жайлы әңгімелеу барысында сөздік қорларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру, «г», «п», дыбыстарының айтылуын бекіту. б)Тәрбиелік: балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
|
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тәулік бөліктері Мақсаты: тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйретуді жалғастыру. Міндеттері:тәулік бөліктерін – таң, күн, кеш, түнді атау және ажырату біліктерін бекіту; бұл терминдерді сөйлеу тілінде белсендіру; тәулік бөліктерін реттілігі туралы ұғымдарын қалыптастыруды жалғастыру; уақыт бойынша бағдарлана білуге үйрету; ертегіден үзіндіні тыңдап, шешуін табуға үйрету; мұқияттылығын, логикалық ойлауын дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту; қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Музыка
Ән тыңдау: «Құстар», «құстар шоқиды» (Т.Ломова)
Дауыс жаттығулары:
«Жоғары, төмен».
Ән айту:«Апам үшін»
(Қ. Мырзалиев; И. Исаев).
Ырғақты би: «Көңілді полька».
Мүсіндеу
Тақырыбы: Пирамида. Мақсаты: пирамида ойыншығын мүсіндеуді үйрету. Міндеттері: пирамида ойыншығы туралы түсініктерін кеңейту, түстерді, көлемдерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыру; бөліктерді біріктіре отырып, бейне құрастыруды дамыту; ұқыпты жұмыс істеуге, гигиеналық шараларды сақтауға тәрбиелеу.
|
Дене шынықтыру-3
Тақырыбы:
Орман,тоға йға серуенге барамыз Негізгі қимылдары: биіктігі 10 см заттың үстінде екі аяқпен секіру. Бағытты өзгерте отырып жүру және жүгіру. Биіктігі – 20 см, ені 20 см гимнастикалық сәкінің үстімен жүру. Мақсаты:тепе-теңдікті, қимыл үйлесімділігін сақтау дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері:екі аяқпен ептілікпен еденнен итеріліп, кедергіден секіріп өтуге үйрету.
Музыка
Ән тыңдау: «Құстар», «құстар шоқиды» (Т.Ломова)
Дауыс жаттығулары:
«Жоғары, төмен».
Ән айту:«Апам үшін»
(Қ. Мырзалиев; И. Исаев).
Ырғақты би: «Көңілді полька».
|
Жаратылыстану
Тұқымнан не өсіп шығады? Мақсаттары: а) Асбұршақ тұқымы және оны егу жолдары туралы түсіндіру. ә) Зейін қою, ойлау, сөйлеу қабілетін, қолдың моторикасын дамыту. б) Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, табиғатты аялауға үйрету.
|