Тақырыбы: Өндірістік орта және еңбек процесі факторларының зияндылық және қауіптілік дәрежесі бойынша еңбек жағдайының кластары
Дайындаған: Тұрсын М.Қ
Тексерген: М.Ғ.Д. профессор Карабалин С.К
Курс: 3
Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау
Тобы: 301 Б
Алматы 2023
Жоспар
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
1.Өндірістік орта
2.Өндірістік үрдіс факторлары
3.Өндірістік құрылғы құрылымының қауіпсіздігі
4.Еңбек үрдісі факторлары
5.Еңбек жағдайын құрайтын факторлар
6.Қызметкердің еңбек жағдайлары
Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Технологиялық процесс — бастапқы мәліметтен талап етілген нәтижеге жету үшін реттелген, өзара байланысқан әрекеттер. Технологиялық процесс еңбек бұйымы күйінің өзгеруі мен анықталуына бағытталған әрекеттерді құрайтын өндірістік процестің бір бөлігі.
Кез келген технологиялық процесті күрделі процестің бір бөлігі және қарапайым (элементарлы) технологиялық процестердің жинағы деп қарастыруға болады. Элементарлы технологиялық процес немесе технологиялық операция деп технологиялық процестің барлық ерекшеліктеріне ие ең кіші бөлігін айтады. Технологиялық өтулер деп технологиялық операцияның бір ғана технологиялық құрылғымен өңделетін, аяқталған бөлігін айтады. Көмекші өту деп технологиялық операцияның аяқталған бөлігін айтады. Ол адам әрекеті және (немесе) технологиялық өтуді орындауға қажетті жабдықтардан тұрады. Технологиялық процесті жүзеге асыру үшін технологиялық жабдықтау құрылғылары деп аталатын өндірістік жабдықтарды қолдану қажет. Мысалы: үйде ақылды технологиялық процесстер арқылы тұрақты температураны, жарықтың автоматты қосылуын, техникалық құрылғыларды басқару оңайырақ болады
Топтық технологиялық процесс (ТТП) арнайы жұмыс орындарында өндірістің нақтылы шарттарында әр түрлі конфигурациядағы бөлшектер тобын жасауға арналған (МЕСТ 14.316 — 75). ТТП – тің негізгі мақсаты: бірлік, аз сериялы немесе сериялы өндіріс шарттарында үлкен сериялы және массалы өндірістің әдістері мен амалдарын экономикалық жағынан тиімді қолдану. ТТП өңдеуде өндіріс бөлшектерін өндірісті ұйымдастырудың негізгі факторларына сүйене отырып, өндірістің бөлшектерінің классификациясы мен комплексті анализ нәтижелеріне байланысты топтастырады. Дайындаманы шығарудың программасы мен құрамы, өндірістің бөлімшелерінің структурасы және өндірістің технико-экономикалық көрсеткіштері зерттеледі.
ТТП белгілі-бір бөлшектер тобын жасаудың технологиялық маршрутына сәйкес кезекпен арнайы жұмысшы орындарда орындауға арналған топтық технологиялық операциялардың комплексінен тұрады. Топтық технологиялық операцияны өңдеу кезінде экономикалық абзал период ішінде толық қайта өңдеусіз технологиялық жабдықтандырудың құралдарын үздіксіз жүктеуді қамтамасыз ету үшін технологиялық бірдей жұмыстардың жалпы жұмыс сыйымдылығының қажетті мөлшерін қарастыру қажет. ТТП өңдеу мен бөлшектер тобын бірге өңдеу үшін қажет технологиялық жабдықтарды таңдаудың негізі – комплексті бұйым.
Комплексті бұйымды өңдеген кезде оның конструкциясында топтағы барлық бұйымдардың өңдеуге қажет негізгі элементтері болуы керек екенін ескеру қажет. Комплексті бұйым осы топтағы бұйымдардың бірі болуы мүмкін, яғни шынайы бұйым, бірақ топта жоқ немесе жасанды бұйым, яғни шартты. Егер конструкцияларының әр түрлі болуынан жасанды бұйым жасау мүмкін болмаса, оны топтағы ұқсас екі немесе бірнеше бөлшектермен алмастырады. Топтық технологиялық процесстер мен операциялар барлық өндіріс типтері үшін тек кәсіпорын деңгейінде стандарттарға сәйкес өңделеді.Топтық технологиялық процессті өңдеудің кезеңдері. Бірінші кезеңде бастапқы берілгендерді технологиялық процессті өңдеу үшін зерттейді, өндіріс бөлшектерінің тағайындалуы мен конструкциясы туралы және олардың жасалуы мен эксплутациясына қойылатын талаптар жайлы ақпарат беріледі (бұйымды шығару үшін жоспарлы программаны және зерттелетін бөлшектің конструкторлы құжаттамасы қолданылады). Ең маңызды кезеңдердің бірі – бұйымдарды топтастыру. Бұл кезеңде бұйымды дайындауда әрекеттегі бірлік, типтік және топтық технологиялық процесстерді зерттейді; бірдей технологиялық сиппатамалары бар ұлғайтылған бұйымдар жасайды; әр топқа комплексті бұйым жасайды немесе таңдайды (өндіріс бөлшектеріне жұмысшы сызулар мен техникалық талаптар,классификаторлар, техникалық, оқу-әдістемелік және анықтамалық материалдар қолданылады).
Келесі кезең — әр комплексті бұйым үшін өндіріс типін анықтау (бірлікғ сериялы, массалы). Сонымен қатар, өндіріс бөлшектерінің әр тобына жұмыс сыйымдылығын белгілейді. Осыдан кейін комплексті бұйымды дайындаудың маршруттық картасын дайындайды. Осы кезеңде топтық технологиялық операциялар саны мен орындау кезегін анықтайды (топқа кіретін бөлшек үшін жұмышы сызулар мен техникалық талаптар қолданылады). Берілген операцияны орындауға кететін уақыт нормасы негізінде әр оперцияға жұмыс сыйымдылығын бағалаудың ұлғайтылған түрі жүргізіледі. Топтық технологиялық процесстер үшін дәлдік есебі, өнімділігі мен экономикалық нәтижелілігі есептеледі. Технологиялвқ процестің оңтайлы шешімі таңдалады. Бағалау процесінің сатысында, уақыт разрядтар жұмыстары мен кәсіптерінің стандарттарын және сыныптауыштар әзірлеу әдістері бойынша бастапқы деректерді құру және рұқсат уақытты есептеуне сәйкес, көп операцияларды орындау үшін жұмыс пен кәсіп орындаушылар санатын анықтайды.
Техникалық процестерге машиналар мен мамандандырылған жұмыс күші қолданылады. Мысал ретінде үй немесе ғимарат құру процесі жатады, ол үшін жерді дайындау, материалдар мен машиналар жинау және т.б. сияқты бірнеше сатылар қажет болады.