«Дамудың жаңа құрылымдары және психологиялық дағдарыстар». Салыстырмалы кесте: Оқу іс-әрекеті субъектілерінің жас сипаттамасы;



бет1/2
Дата19.10.2022
өлшемі53,98 Kb.
#44044
  1   2
Байланысты:
Әбіш Әдемі психология 2СОӨЖ


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Педагогика және Психология институты


2 СОӨЖ

Тақырыбы: «Дамудың жаңа құрылымдары және психологиялық дағдарыстар». Салыстырмалы кесте: Оқу іс-әрекеті субъектілерінің жас сипаттамасы; (глоссарий, 3-5 термин).






Орындаған: Әбіш Әдемі
Тексерген:Момбиева.Г.А
Алматы 2022
Жоспар:

  1. Даму психологиясы

  2. Дағдарыс

  3. Психологиялық дағдарыстың түрлері

  4. Жас ерекшелігі физиологиясы психологияда



Даму психологиясы – психология ғылымының бір саласы. «Даму психологиясы» пəні адамның онтогенездегі психикалық дамуының заңдылықтарын жəне дамудың əрбір жас ерекшелік кезеңіндегі психиканың, сананың, тұлғаның жəне оның ісəрекетінің даму ерекшеліктерін жəне байланысты психикалық өзгерістерін, психикалық қасиеттері мен психикалық үдерістерін жүйелі зерттеумен шұғылданады (ағзаның ана кұрсағында ұрықтанудан өмірінің соңына дейінгі даму жолы). Даму психологиясының тармақтары: балалар психологиясы, бастауыш мектеп оқушысының психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересектер психологиясы жəне геронтопсихология.


Дағдырыс (кризис) - адам дамуындағы бір кезеңнен екінші кезеңге өту кезіндегі қиыншылықтар жиынтығы, сапалық және сандық өзгерістер. "Дағдарыс" ұғымы қандай да болмасын құбылыстың деградацияға ұшырап өмір сүруі мен қызмет етуі мүмкін емес болатын ерекше күйін сипаттайды. Сонымен, "дағдарыс" ұғымы құбылыстың ішкі ерекшеліктерін бейнелейді: оның табиғи қызмет етуге және эволюцияға қабілетсіздігі, онда өзінің сапаларын, қасиеттерін сақтау мен өсіруге және өзінің негiзгi мәнді сипаттамаларын сақтай отырып дамудың мейлінше жоғары сатысына көтерілу мүмкіндіктерінің болмауы. Әрине, дағдарыстың келтіріліп отырған тусiндiрмесi тым жалпы бiрак шынайы өмірде кез келген құбылыс белгілі бір кезенде өзінің қайта құрылуы мен қирауы, жоғалуына бастайтын дағдарыстық сатыға өтеді. Сондықтан дағдарыстан шығу жолы құбылыстың сапалы жаңаруында жатыр.
Психологиялық дағдарыс – адамдардың психологиялық қалпының дағдарысы. Ол стресс күйінде білінеді, сонымен қатар сенімсіздікпен, болашақ үшін қорқуымен, жүмысымен қанағаттанбауымен, қобалжумен, уайымдаумен байқалынады.
Дағдарыстың формасының пайда болуына байланысты: анық, жасырынды болып бөлінеді.
-Анық дағдарыс – тез байқалатын және жылдам қолға алуға болатын дағдарыс.
- Жасырын дағдарыс – байқаусызда жүретін дағдарыс болып табылады. Сондықтан да ол қауіпті дағдарыс болып табылады.
Ағымдық мінезіне байланысты дағдарыс: терең, жеңіл болып бөлінеді.
- Терең дағдарыс – дағдарыстың өте қауіпті түрі. Ол көп шығынға алып келуі мүмкін.
- Жеңіл дағдарыс – керісінше нәтижесі жамандыққа алып келмейді,бірақ мұны да дағдарысқа жатқызамыз. Бұл дағдарыстың түрін алдын– ала көріп білуге болады
Ақыл-ойдың денсаулығына байланысты дағдарыс кез-келген жағдайға немесе оқиғаға емес, сондай-ақ адамның оқиғаға реакциясына байланысты емес. Бір адамның оқиға болғаны қатты әсер етуі мүмкін, ал басқа біреу аз зиян тигізбейді немесе зиянды әсер етпейді. Дағдарысқа қарсы қытай сөзі дағдарыстың компоненттерін тамаша бейнелейді. Қытай тіліндегі дағдарыс қауіпті және мүмкіндіктегі кейіпкерлермен қалыптасады. Дағдарыс кедергі, жарақат немесе қауіп-қатерді білдіреді, бірақ ол өсімді немесе құлдырауды қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет