Дауысты дыбыстар (вокализмдер). Жайылым сөзіне буындық талдау жасаңыз Қазақ тіл білімінде дыбыстар екі түрге бөлінетіні баршамызға мәлім. Оларды атайтын болсам, дауысты және де дауыссыз дыбыстар
Дауысты дыбыстар (вокализмдер). Жайылым сөзіне буындық талдау жасаңыз
Қазақ тіл білімінде дыбыстар екі түрге бөлінетіні баршамызға мәлім. Оларды атайтын болсам, дауысты және де дауыссыз дыбыстар. Бүгінгі қозғайтын тақырыбым дауыстыларға байланысты болмақ.
Тіл білімінде дауысты дыбыстарды вокализмдер деп те атайды. Ал анықтамасына келетін болсақ, дауыстылар – біздің өкпемізден шығатын ауаның еш кедергілерге душар болмай, еркін түрде шығуы аталып отырған дыбыстарға байланысты. Қазақ тілінде дауыстылар тілдің, жақтың, ерін мен езудің қатысына қарай жуан-жіңішке, ашық-қысаң, еріндік-езулік деп бөлінетіні мәлім. Жалпы тілде осы вокализмдерсіз ешбір сөз құралмайды және оларсыз бұл жалғанда адамзат бір-бірімен тілдесе алмайтын еді. Алғашқы қауымдастық кезеңнің өзінде сол кездегі алғашқы адамдар бір-бірімен дауыс шығару арқылы, яғни дауыстыларды дыбыстау арқылы өз эмоциялары мен сезімдерін білдіріп, пікір алмасқан болатын. Қазақ тілінде дауыстылардың саны 12. Атайтын болсақ: а, ә, о, ө, ү, ұ, ы, і, и, е, э, у. Және де дифтонг деп аталатын дыбыс түрі де бар. Оларға я,ю дыбыстары жатады. Себебі, дифтонгтар қос дыбыстың бірігуінен жасалады. Мысалы, я дыбысы «й» мен «а» дыбыстарының қосылуынан жасалып тұрғандықтан дифтонг болады. Қазіргі кезде лингвист ғалымдарымыз тілімізде и дыбысы мен у дыбысын дифтонг дыбыстар қатарына жатқызып жүр. Дауыстылар жайлы ең алғашқы зерттеулер әрине де ұлы лингвист, тіл жанашыры, тіл реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен басталады. Ахмет бабамыз біздің тіл біліміміздің қалыптасуы мен дамуына өзінің үлкен үлесі мен жаңалықтарын алып келген ұлы тұлға болып табылады. Сонымен қоса, қазақ тіл білімінде вокализмдерді зерттеп, өз үлесін қосқан ғалымдар қатарына Құдайберген Жұбанов, Нығмет Сауранбаев, Мәулен Балақаев, Кәкен Аханов сынды белгілі тіл білімінің зерттеуші ғалымдарын атап айтпасақ болмайды. Тілдегі дауысты дыббыстар дыбысталу кезінде өзінен кейін тұрған дыбыстарды өзіне ұқсатып алады деген тұжырым да бар. Ол дыбыстарға ерін мен езудің қатысынан жасалған еріндік пен езуліктерлі айтамыз. Мысал келтіре кетейік, «тұрмыс» сөзі «тұрмұс» деп айтылып, яғни дыбыстың өзіне ұқсатуы нәтижесінде жоғарыда келтіргендей айтылып кетеді.
Жалпы, сөз соңында, тіліміздегі дауыстылар, яғни лингвистикадағы терминмен айтатын болсақ, вокализмдер буын, сөз, ой құраушы бөлшектің ең маңыздысы деп айтар едім.
Ендігі кезекте «жайылым» сөзіне буындық талдау жасау.
Жа – ашық буын, йы – ашық буын, лым – бітеу буын.