10-ДӘріс. Буын (силлабизм) Мақсаты: Буынның табиғаты, түрлері туралы пікірлер мен зерттеулерге талдау жасау. Кілт сөздері



бет1/4
Дата11.11.2022
өлшемі19,68 Kb.
#49371
түріҚұрамы
  1   2   3   4

10-ДӘРІС. БУЫН (СИЛЛАБИЗМ)


Мақсаты: Буынның табиғаты, түрлері туралы пікірлер мен зерттеулерге талдау жасау.
Кілт сөздері: буын, ашық буын, тұйық буын, бітеу буын, буын ығысуы, буын жылысуы т.б.
Негізігі қаралатын мәселелер:
1.Қазақ тіліндегі буын табиғаты, түрлері.
2.Буынның дыбыстық құрамы
3.Сөздердің буын құрамы.
4. Сөздердің буын жігі мен морфемалар жігін ажырата білудің маңызы.

Буын – ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар(дауыссыз, дауысты) тобы. Қазақ тілінде буынның маңызы ерекше. Дыбыстық негізгі заңдар осы буынның төңірегінде өрбиді. Буынға тән сипаттар:


1. Буын болуы үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуы тиіс және оның саны біреуден артық болмауы керек. Сонда сөздің құрамында қанша дауысты фонема болса, сонша буын болады деген сөз.
2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе грамматикалық мағынасы бар бөлшектерге (морфемаларға) тура келуі мүмкін.
3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды (а-на-ла-ры-мыз-ға), не жіңішке (бөл-ті-рік-те-рін) болып келеді. Мұның өзі тілдің үнемді қызметіне негізделеді. Егер тілімізде аралас буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөздер болғаны: мұғалім, қажет, педагог т.б.
4. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты.
Тіліміздегі байырғы сөздер, сондай-ақ буындар да қос дауыссыздардан басталмайды. Орыс тілінен енген біраз сөздің біздің тілімізде жазылуы соның айғағы: бөрене(бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), үстел (стол) т.б.
5.Бас (бірінші) буын болмаса, қалған буындар дауыстыдан басталмайды.Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны осыдан.
Қазақ тіліндегі буынның түрін Қ.Жұбанов алтыға, Н.Сауранбаев төртке, С.Кеңесбаев үшке бөледі. Соңғы бөліс (ашық, тұйық, бітеу) барлық оқулықта жүр. Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы.
Есте дұрыс сақтау үшін буын құрамында кездесетін дауыстыны шартты түрде А, дауыссызды В әрпімен таңбалап, буынның түрлерін, оның дыбыстық құрамын былай өрнектеуге болады( С.Мырзабеков Қазақ тілінің дыбыс жүйесі):


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет