Дениеттану кафедрасы



бет1/3
Дата27.11.2023
өлшемі31,81 Kb.
#129574
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ДІНТАНУ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТТАНУ КАФЕДРАСЫ

Қазақ қоғамындағы гендерлік теңсіздік мәселелері: «Әйел құқығының сипаты»

Орындаған: «6B03102 – мәдениеттану» білім беру бағдарламасы бойынша 1-курс студенті Сәтен Амина Робертқызы
Ғылыми жетекші: Аға оқытушы Кудерина А.Н.
Аңдатпа: Гендерлік тенсіздік – бұл әлем бойынша кең таралған қоғамдық проблема болып табылады. Ерте дәуірде әйел құқығы деген термин мүлде болмағанмен, қазіргі заманда біз ер мен әйелдің толықтай теңдігіне жету жолындамыз. Қазақ қоғамындағы әйелдердің рөлі, қоғамдық пікірдің қалыптасуына әйелдердің әсері зор. Сіз бұл жобадан әйел адамның қоғамдағы, саясаттағы және шешімдер қабылдау деңгейіндегі рөлін анық білетін боласыз. Әйел құқығы - ол адам құқығы және оны әлемдегі әрбір адам түсінуі қажет.
Кілт сөздер: әйел, гендер, еркек, теңсіздік, құқық, қоғамдық проблема, шектеу, ұрпақ, тарих, дәреже, дін, Батыс елдері, қозғалыс, жеке тұлға, феминизм, идеология, азаттық, зорлық-зомбылық, теңдік.

Кіріспе
Гендер дегеніміз – биологиялық жыныстан бөлек, әлеуметтік қатынас, басқаша айтқанда, әрбір жеке тұлғаның арнайы әлеуметтік қатынастар жөніндегі көзқарасы. Гендер терминінің негізгі идеясы айырмашылықтарды жойып, теңдікті қалыптастыруға ғана бағытталмайды, сонымен қатар жеке тұлғаның дамуын шектейтін кедергілерді жоюға негізделеді. Ал гендерлік теңсіздікке келетін болсақ, ең алдымен, бұл әлеуметтік теңсіздік, жалпылама айтқанда, әйел адамды барлық салада еркек адамнан төмен санау. Гендерлік тенсіздік – бұл әлем бойынша кең таралған қоғамдық проблема болып табылады.
Гендерлік теңсіздік негізі антика заманынан бастау алады. Қарапайым мысал, қоғамдық санада әйел табиғатының жетілмегендігін бекітетін нәрсе Еваның Адамның қабырғасынан жаратылуы. Бәріміз білетін Адам мен Ева туралы миф арқылы антик дәуірінің өзінде – әйелдердің деңгейі төмен, тек үйде ұстау үшін пайда болған деген ұстаным қалыптасқан. Ал орта ғасырларда, рыцарьлық кезеңде, «Көркем әйел культі» пайда болды, яғни еркек адам әйелді жоғары көтереді, оның бейнесін идеалдандырады, бірақ нақты өмірде оған басшылық жүргізеді. Еркек ұғымында әйел – адамгершілік, көркемдік, мейірімділік және әдемілік символы, бірақ ешқандай да тең құқылы тұлға емес.
Тек индустриалды революция заманында ғана әйел құқығы ескеріле бастады, өйткені жаңа тарихи кезеңде әйел адамды сол замандағы қоғам қажеттіліктеріне қатыстыру керек болды, оның басты мақсаты әйелді қоғамдық еңбекке тарту болып табылады.
Қазірдің өзінде әлемдегі кей мемлекеттерде әйел адам ер адаммен тең құқылы емес, тіпті еңбек ақысы адамның жынысына байланысты бағаланады. Осы мақалада біз, әйел теңсіздігі мәселесінің кезеңдеріне және қазақ қоғамындағы әйел құқығының сипаттамасына тоқталатын боламыз.

Қазақ қоғамындағы гендерлік теңсіздік мәселелері: «Әйел құқығының сипаты»


Қазақтардың бұрынғы әдет-ғұрыптық заңы бойынша әйел адамның әлеуметтік ортадағы орны мен құқығы есепке алынбаған. Ежелгі замандағы заңдар жүйесі былай деген, еркек адам үйдің басшысы, қамқоршысы, ал әйел адам тек бала туып, үй шаруаларымен айналысатын адам ретінде ғана бағаланады. Этномәдени дәстүрдегі талап пен діни ұстанымдарға байланысты сол замандағы қоғамның түсінігі бойынша әйелдің міндеті - дүниеге ұрпақ әкелу және сол ұрпақты тәрбиелеу. Әрине сол заманда әйел бостандығы, әйел құқығы деген ұғымдар атымен болмағаны бәрімізге белгілі. Қазақстандағы әйел құқығын қолдау қозғалысы тек он тоғызыншы ғасырдың аяғында ғана бастау алған.
Қазақстанда тарихтың алғашқы кезеңдерінде әйел құқығын қорғау жайлы сөздер мүлде болмаған, тек барлығы салт-дәстүрге негізделген. Мысалы, барлығы айтатындай «шариғат бойынша» еркек адамда төрт әйелден кем болмау керек және әрбір әйелінің өзінің атқаратын қызметі болған. Біреуі үй шаруасымен айналысса, екіншісі бала туып, тәрбиелейді. Еркек адам үшін барлығы ойластырылып, дайындалған. Ал әйел адамды әлсіз жыныс ретінде сипаттаған, барынша қорлық көрсетіп, билік жүргізе аламын деп есептеген. Сол заманда әйел адамының құқығы үшін күресетін ешкім болмаған, ол тіпті өзін-өзі қорғауға да шамасы жетпеген. Қарапайым мысал, ерте ғасырларда кез-келген ата-ана бала туатын сәтте ұрпақ жалғастырушы ұлды аңсайды, ал қыз туса оны мал секілді сатады, бесікте жатқан шағынан-ақ біреуге қатындыққа береді. Екі жас біріне-бірі тең бола ма, болмай ма? Оған қарамайды. Тек тұз-дәмі жарасса жақсы, жараспаса, қыз баланың бүкіл ғұмыры жәбір-жапада өтеді, тимесе дау-жанжал шығуға себеп болып кетеді. 13-14-тегі қыздарын малға қызығып, елу-алпыстағы шалдарға шырылдатып, қолынан ұстап береді, көз жасына қарамайды. Осылары жөн бе? Алпыстағы шал 13-14-тегі қызға тең бола ма? Әрине жоқ. Осылайша қыз баласы өзі қалаған жанға емес, қаламаған адамның етегінен ұстап кетуге мәжбүр болады. Ақыр аяғында бұндай оқиғалар қайғылы жағдаймен аяқталатын болған. Сол ғасыр үшін бұл қалыпты құбылыс еді. Осындай әдіспен ата-ана өзінің баласынан бас тартады. Тіпті қазақ тарихында қыз баласы көп туса, оларды өлтіруге дейінгі қорқынышты жайттар болған. Бұл сол заманға тән нағыз төмендік пен жабайылықтың көрінісі болып табылады.
Алла Тағала құранда "Еркектерді биік қылып жараттық. Әйел еркектермен таласпасын. Олар несібесіне қанағат қылсын" делінеді. Дінді айтпағанның өзінде ерте қазақ қоғамында да ерлердің дәрежесі қашан да жоғары болғаны белгілі. Еркек қабырғасынан жаратылған әйел ердің алдына түсіп сөз алмаған, жолын кесіп өтпеген, киімдерін жоғары қойып құрмет көрсеткен.
Сол замандағы саясат пен ел ішінде болып жатқан істерге әйел адамын араластырмау жайтына ерекше тоқталғым келіп отыр. «Еркек – түздің адамы. Бала-шағасының ішіп-жемі мен басқалай да тарықпауына жағдай жасаған. Сол үшін де қадірі артқан. Еркек тапқан табыста береке болады» дейді. Бірақ ешкім сол сәтте әйел адамының қаншалықты данышпан адам ретінде ойлап, қолынан көп нарсе келетіндігі жөнінде ойланбаған. Еркек істейтін істі әйел адамы да жасай алатынын көрсеткен талай сәттер болған. Бірақ ескі заман талабына байланысты оны ешкім елемеген. "Жақсы әйел жаман еркекті хан қылады, жаман әйел жақсы еркектің басын даң қылады" дегендей еркекті еркек қылатын да әйел адам.
Әрбір адам ерте ғасырларда әйел құқығының қорғалуы жөнінде көп нәрсе айтуға болмайтындығын түсінеді. Тек бертін келе ғана әйел теңдігі сынды ұғымдар дүниеге келе бастады. Тек жаңа заманда ғана әйел құқығы ескеріле бастайды, әйел адамдар өздерінің өмірі үшін өздері жауап береді және ешкім жаңа ғасырда әйел, еркектен төмен деп айта алмады.
Қазақ даласына әйел мен ердің арасындағы тартылыс тарихтың соңғы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Оған себеп, кезіндегі қазақты қараңғылау саясаты болған. Жоғарыда айтып өткендей Қазақстандағы әйел құқығын қолдау қозғалысы тек он тоғызыншы ғасырдың аяғында ғана бастау алған. Ол кездерде Ресей империясында әйелдердің білім алуына және ақылы жұмыс жасауына жағдай жасау букілресейлік қозғалыспен тікелей байланысты болды. Ұлттық қазақ әйелдер қозғалысы толығымен тоқсаныншы жылдары Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін қалыптасты. Қазақстанда ұлттық әйелдер тәрбиесінің бастауы 1883 жылы Букеевск губерниясының орталығы Ханская ставка ауылында бастауыш мектептің ашылуымен басталды. Оның алғашқы тәрбиеленушілері 20 қазақ және орыс қыздары болды және бұл тек бастамасы ғана еді.
Әйел құқығының ескерілмеуі жиырмасыншы ғасырдың ең өзекті проблемасы болды. Жалпы айтқанда, жаңа заманда әйел құқығы үшін күресу процесі белсенді жұмысын бастайды. Әйелдер бүгінгі заман ағымына сай жан-жақты білім алып, биік белестерді бағындырып, жаңа технологияларды игеруге құқылы бола бастады. Әйел құқығы жөнінде мақалалар жазылып, көтерілістер де болып жатады.
Мағжан Жұмабаевтың 1913 жылы Айқап журналына жариялаған ең әйгілі мақаласында әйел теңсіздігі жөнінде былай деді: «Қыздан сорлы пенде жоқ деген өлең бөтен халықта жоқ болуға да тиісті емес. Неге десеңіз, олардың қыздары сорлы болмайды. Жас ғұмырын рахатта өткізіп, бой жеткен соң Алланың қосуы бойынша сүйгеніне шығады, ана болады. Ал енді біздің қыздарымыз жас ғұмырында рахат көрмейді. Һәм бой жеткен соң сүйгеніне Алланың қосуы бойынша шықпайды. Торы шолақ байтал есебінде сатып алушыға күң болып, ата-анасына шай-су болады». Жана заманда, әйел құқығының қаншалықты төмен деңгейде болғанын әрбір адам түсінгендей болды. Әйел адам қоғамдық істерге, еңбекке де ерлермен бірдей қатысты. Бірақ ескі көзқарастың шеңберінен шыға алмай қалған адамдар да аз емес еді.
Жаңа заманда әйелдер мен еркектердің қоғамдық өмірдің әлеуметтік, саяси және экономикалық салаларында мүмкіндіктерге, ресурстарға және сыйақыларға тең ие болуы, яғни гендерлік теңдік ұғымы дүниеге келеді.
Әлем әдебиетінде, қазақ әдебиетінде әрдайым әйел болмасын жоғары бағалаған, аналарымыз деп сыйлап, құрмет көрсете білген. В.Б. Белинский өзінің еңбектерінде ана мейірімі жайлы көптеген татымды ойлар айтқан. Мәселен, сыншы «Дүниеде ана шапағатынан асқан қастерлі де аяулы махаббат жоқ. Сондық күшті деген ба- уыр басу, күллі махаббат, даңқ пен дақпырт ана махаббатының алдында әлсіз...», – деп ой толғайды (В.Б.Белинский, 2019: 199). Шынтуайтында ана мейірі жай- лы сөз ету – адамзаттық әдебиетке ортақ дүние. Десе де, қазақ әдебиетіндегі ана болмысының басты ерекшелігі – перзентіне деген тілеулестік және оның бойындағы ағартушылық, тәлім-тәрбиелік, шешімгерлік қабілеттердің ірілігімен ерекше. Ұлттық дүниетанымыздағы анаға, әйелге тән даналық далалық этнопедагогика- мен, тұрмыс-cалт иірімдерімен, әлеуметтік өмір шындығымен үнемі байланысып, қабысып отырады. Әдебиетіміздегі әйел болмысының, бостандығының ерекшелігін, оның ұлт пен ұрпақ тәрбиесіндегі мән-маңызын нақты, жан-жақты айшықтайтын туынды – «Адамдық негізі – әйел (Мұхтар Әуезов, 2014: 57)» [4; б. 56].
XX ғасырда әйел теңдігі үшін жүргізілген бірқатар қозғалыстар нәтижесінде «феминизм» ұғымы пайда болады. Феминизм - мағынасы латыншадан аударғанда әйел деген мағынаны береді; әлеуметтік, саяси, экономикалық жағынан әйелдердің жеке құқықтарын кеңейтуге бағытталған идеологиялар. Сонымен қатар феминизмді саяси, әлеуметтік теңсіздікке қарсы қозғалыстар деп есептеуге болады. Феминизмнің басты идеясы — қоғамның барлық саласында әйелдерге еркектермен тең құқықтарды орнату болып табылады. Феминістік қозғалыстар мақсаты әйелдердің жоғары білім алу, сайлауларға қатысу, мемлекеттік лауазымға ие болу құқықтары, жұмыс істеу және еркектермен сәйкес жалақы алу құқықтары, дүние-мүлікке және жеке меншікке ие болу құқықтары, тұрмысқа өз еркімен шығу құқығы және тағы да басқа көп мәселелерді қамтыды.
Қозғалыс ретінде феминизм XVIII ғасырда пайда болды. Бізге танымал тұжырымдама, ол - феминизм еркектердің және әйелдердің арасындағы саяси теңдікті орнатуды көздейді. Бұл ұғым ең алғаш Батыста пайда болып, ең алғашқы қозғалыстар Батыста өте бастайды.
Қазақ даласындағы феминизмге тоқталатын болсақ, Батыста бұл қозғалыс түрлері XIX ғасырда кең өріс алса, Қазақстанда тек XX ғасырда ғана белгілі бола бастады. Әйелдер қауымы әлеуметтік жағдайдың жақсаруын талап етіп көшеге шықты. Бірақ, өз отбасында зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдердің дауысын билік естімегендей болды. Құқығы тапталған әйелдер әртүрлі ұйымдар құруға кірісіп, өздерін қорғауды бастаған. Ал еліміздегі билік органдары әйелдермен диалогқа баруды қажетсіз санағандай болды. Бірақ әйел адамдары мойымаған және мемлекеттік гендерлік саясат аясында әйелдерді қолдауға арналған бағдарламалардың пайда болуына қол жеткізген. Әйелдер қоғам өміріне қатысу құқығына ие болған. КСРО кезеңінде әйел теңдігінің негізі қалана бастады. Кеңес өкіметі кезінде ерлер мен әйелдердің құқықтарының теңдігін большевиктер билікке келгеннен кейін бірден ресми түрде бекітті және 1918 жылы 19 қарашада өткен бірінші бүкілресейлік жұмысшы әйелдер съезінде нақты бекітілді. Кеңестік Қазақстан Шығыс әйелдерін азат ету жолындағы кең ауқымды науқанға қосылды. 1919 жылы 12 қарашада РКП(б) Түркістан өлкелік комитеті жанынан тұңғыш әйелдер бөлімі – әйелдер жұмысы жөніндегі бөлім құрылды. Жыл ішінде Қазақстанның аймақтарында облыстық әйелдер басқармалары құрылды.
1920 жылдардағы әйелдер қозғалысының басты тұлғаларының бірі – Аққағаз Досжанова. Сонымен қатар Алма Оразбаева – РКП(б) қатарына қабылданған тұңғыш қазақ әйелі болып табылады. Ал алғашқы әйел қызметкерлер «Айқап» журналында жұмыс жасаған Мариям Сейдалина мен Нәзипа Құлжанова. Сонымен қатар, Қазақстандағы қазіргі әйелдер қозғалысын ұйымдастыруда, кеңейтуде және дамытуда 1945 жылы құрылған Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы маңызды рөл атқарған болатын. Бірақ, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі заманда, әйелдер қозғалысының белсенділігі түсе бастайды және көп атқарылуы қажет болған жұмыстар аяқсыз қалады.
Бірақ, Қазақстанда әйелдер теңдігі негіз болған қозғалыстар 1980 жылдары, қайта құру дәуірінде қайтадан жанданады. 1990 жылдардың басында бірқатар белсенділігі жоғары қоғамдық ұйымдар құрылды: Мұсылман әйелдер лигасы, Феминистік лига, Әйел және заң лигасы, Кәсіпкер әйелдерді қолдау қоры «Жанар» және тағы да басқа. Міне осындай белсенділікпен, XX ғасырдың соңы әйелдер теңдігі үшін жүргізілген іс-әрекеттер уақыты болып саналалды.
XX ғасыр басында әлемді өз құқығы үшін үн көтерген әйелдер маршы дүр сілкінтіп, олардың жан-жақты азаттығы үшін басталған қозғалыс пайда болды. Қазір енді тарихи белеске айналған 1910 жылы Клара Цеткин халықаралық Әйелдер күнін белгілеуді ұсынды. Жер бетіндегі талай идеологиялық және формациялық сілкіністерді бастан кешкен, біздің елдегі ең сүйікті де мерейлі мерекенің бірі сол кезден бері тойланып келеді.
Жаңа ғасыр бастауына келетін болсақ, Қазақстанда XXI ғасырдың басындағы алғашқы феминістік қозғалысының негізін қалаушы Гүлзада Сержан есімді батыл әйел болған. "Феминита" ұйымының негізін қалаушысы әрі белсендісі, құқық қорғаушы Гүлзада Сержан қазақ қыздарының теңдікке қол жеткізуі үшін талай еңбек еткен қоғам қайраткері болып табылады. «Қазақстандағы феминизмге келер болсақ, соңғы 100 жылды алып қарастырсақ, бізде қазір әйелдердің сайлау және сайлану құқығы бар. Бірақ, ол қаншалықты орындалып отыр? Рас, ол әйелге мемлекет ісіне, яғни саясатқа араласуға құқық береді. Өкініштісі, бізде кедергі өте көп» деп Гүлзада Сержан өз ойын еркін білдіруде. «Әдет-ғұрпымыз әйелді кемсітсе, оны өзгертуіміз керек» деген қайраткеріміздің сөзі барлық халықты дүр сілкіндірді. Гүлзаданың айтуынша, отыз жыл бойы әйелге мемлекет алдында ана болсаң ғана қадірің бар деп айтып келіп, отызыншы жылы: «сен туарда неге менен сұрамадың» деген сұрақ қояды.Осылай, Гүлзада Сержан барлық қазақ халқының әйел адамдарының ойларын жеткізе алған. Сонымен қатар, жұмыс істеп жатқан уақыт ішінде феминистік ұйымдар бірқатар жетістіктерге қол жеткізді.
Гүлзада Сержан әйелдерге қарсы ең жиі жасалатын қылмыс түрлері мыналар болып табылады деген: зорлау, қорлау, зорлау мақсатында жасалатын ұрып-соғу және тағы да басқа. Бұдан бөлек, әлеуметтік ортадағы ең көп тараған проблема - тұрмыстық зорлық-зомбылық. Еліміздегі көп әйелдер күйеуінен зорлық көреді, яғни отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттер орын алады, әйел денсаулығына қасақана зиян келтіріледі және өкінішке орай, осы қылмыстардың басым бөлігі жасырын түрде қалып қалады. Әйелдердің көбі бұл жайлы айтуға қорқады. Сондай-ақ, әйелдерде бұл жағдайдан кейін ажырасамыз деген қорқыныш туындайды. Міне, тағы да әйел адамның құқығын бұзушылықтың көрінісі. Осы проблеманы түбегейлі жою, ендігі біздің міндет пен парызымыз және бұл салада да қазіргі кезде, өте көп және белсенді жұмыстар жүргізілуде деп сеніммен айтуға болады.
Қазіргі таңда саяси, экономикалық және әлеуметтік-рухани салалардағы әйел адамының алар орны мен атқарар рөлі зор. Біздің қоғамымызда әйелдер, үйде жасайтын жұмысты ұқыпты, сырттағы жұмысты мұнан да аса жауапкершілікпен, отбасы шаңырағының берекесін кіргізіп, балаларының бақыты үшін күрескен ардақты ана, асыл жар, сонымен қатар мойынына жүктелген міндетті мінсіз атқарып, кәсібінен нанын адал тауып жүрген, білікті, белсенді жандар болып табылады. Қазір, Қазақстан әйелдері отбасы жағдайымен, балалар тәрбиесімен қоса ел игілігін арттыруда қоғам алдындағы міндетін адал атқарып келеді. Ғабит Мүсіреповтің “Мақтасақ әйелді мақтайық, құрметтейік те әйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш емес пе? Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік те” деген асқақ рухты жолдары қазіргі заманның ұранына айналған.
Тәуелсіз Қазақстанның гендерлік саясаты - демографиялық дамуды, әйелдердің іскерлік қабілетін қоғамдық-саяси өмірімізде кеңінен дамытуды көздейді. Қазақ әйелдері бұрын-соңды тарихымызда дәл бүгінгідей қайраткерлік жасампаздық дәрежеде болып көрген жоқ. Мемлекеттік басқару саласында талай аруларымыз дара тұлға ретінде көріне алды. Бүгінде Қазақстанда әйелдер саясатта болсын, бизнесте болсын және экономиканың барлық секторында, шаруашылықтың әртүрлі салаларында болсын, ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігін, қабілет-дарынын, іскерліктерін айқын көрсетіп келеді. Жаңа ғасырда әйелдердің саяси-экономикалық жылжуы үшін еліміздегі гендерлік саясаттың ұлттық дәрежесі көреріліп, әлеуметтік-экономикалық саясаттың жаңа белесі ашылды.
Гендерлік теңсіздік проблемасын жою үшін елімізде көп жұмыстар атқарылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары БҰҰ-ның әйелдерге қатысты қысым көрсетудің барлық түрлерін жою туралы конвенциясына қосылды. Бұл әйел құқығы үшін күрестің алғашқы қадамы еді. Билік басындағылар ерлер мен әйелдердің қоғамдық өмірдің барлық саласындағы әлеуметтік теңдігін іске асыруға кірісті. Еліміз гендерлік тепе-теңдік мәселесінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезеңінде прогресті қадамдар жасай білді. Оның бірден-бір дәлелі «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері» туралы және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы заңдардың қабылдануы болып табылады.
Қазақстанда гендерлік теңсіздік мәселесін толықтай жою үшін не істеу керек? Көп жағдайда қазақ әйелдері өз құқықтарының толық қорғалғандығын сезінбейді. Себебі, олардың саясатқа немесе бизнес секілді басқа да жоғары мансапты иеленуіне мүмкіндік­тері аз. Ең алдымен, билік органдарындағы әйел адамдарының санының аздығын байқауға болады. Статистикаға сүйенетін болсақ, Сенат депутаттарының арасында әйел депутаттар – 2 (бар-жоғы 4,3%); Мәжілісте – 18 (небәры – 17%); барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ішініде әйелдер саны 567 (17,1%), барлық мемлекеттік қызметшілер санатында әйелдер 58% болғанымен, саяси мемлекеттік қызметшілер қатарында – 7% ғана құрайды.
Қазақстанда білімді әйелдер еркектерден көбірек. Жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандардың арасында олар 62%-ті құрайды. Бірақ, еңбек нарығында әйелдерге деген сұраныстың немқұрайлығы тағы бір шешуді қажет ететін проблема. Еңбекке орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған әйелдердің арасынан небәрі әрбір 6-шы әйел ғана жұмысқа ие болды. Жұмыс берушілер мұны әйелдердің еңбек рыногында бәсекелестікке қабілетінің төмендігімен түсіндіреді. 45 жастан асқан орта арнайы білімі бар әйелдердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі төмен. Әйелдердің еңбек­ақысы ерлер еңбекақысының 61%-ын ғана құрайды. Денсаулық сақтау мен оқу-ағарту саласында ғана әйел адамдар көп жұмыс атқарады. Тағы да бір мәселе, әйелдердің саяси күрес пен құқық саласындағы біліктіліктері әлі де төмен және жеткіліксіз. Еліміздегі көп әйел адамдары өз жеке бас құқығын толықтай білмейді және соның салдарынан құқық бұзушылық әрекеттер жиі орын алады. Бірақ, осы проблемаларды аясында, оларды толықтай жою үшін бірқатар нәтижелі жұмыстар жасалуда. Ана мен баланың құқықтық және әлеуметтік қорғалуы, олардың денсаулығы жайына арналып жылда өткізілген бірнеше халықаралық конференциялар, ірі жобалар соның айғағы болып табылады. Құрылған әртүрлі ұйымдар әйел-анаға, отбасына қатысты өзекті проблемаларды жоғары мемлекеттік деңгейде шешуге үлкен мүмкіндік береді. Еңбек туралы заңнамаға әйел еңбегін толық пайдалануды қамтамасыз ететін нормалар енгізілген. Бірнеше аймақтарда үй шаруасындағы әйелдердің қашықтықтан жұмыс істеу жобалары жүзеге асты. Еліміздегі экономикалық белсенді әйелдер саны күннен – күнге көбеюде. Әр түрлі саладағы әйелдердің көбеюі және олардың дауысы естілуі үшін заңнамалық деңгейде үлкен жұмыс атқарылды. Әйел азаматшалардың әр істі дөңгелетіп әкететінін, қай салада да көшбасшы бола білетінін өмір тәжірибесімен дәлелген.
«Жаннат - ананың табанының астында» деген қанатты сөз бар халқымызда. Өмірге ұрпақ әкеліп, тәрбиелеп-өсіріп, тіршілікке тірек болған асыл мұраттары мен қажыр-қайраттары үшін ардақты ана мен асыл жарға, аяулы қарындасқа әрдайым құрметпен қараған. Бүгінде Қазақстанда әйелдер саясатта болсын, бизнесте болсын және экономиканың барлық секторында, шаруашылықтың әртүрлі салаларында болсын, ер-азаматтармен қатар еңбекке белсене араласып, өздерінің біліктілігін, қабілет-дарынын, іскерліктерін айқын көрсетіп келеді.
Кәсіпкер – әйел басқосулар мен келіссөздерді сенімді жүргізіп, халықаралық, қазақстандық нарықтық жағдайды дұрыс бағамдай біліп, әлемнің бесігін тербетуге құдіретті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет