Денсаулық сақтау педагогикалық технологияны таңдау төмендегілерге тәуелді



Дата08.06.2023
өлшемі17,23 Kb.
#99597


Құрметті Алтын бесік ұжымы және меңгерушісі Лариса Николаевна сіздерге келгенімізге қуаныштымыз,тәжірибе алмасып,ынтымақтастық орнатып отырғандарыңызға рахмет айтамыз.Алдымызға қойылған мақсатымыз бен міндетіміз бала тәрбиесінің өзекті мәселелерін бірлесе шешу болғандықтан,бұдан ары қарайда бірлесе жұмыс жасаймыз деген сенімдемін.Мектепке дейінгі ұйымның басты міндеті баланың қауіпсіздігіне,баланың денсаулығына бірден бір жауапты мекеме.Күн тәртібінен бастап,баланың сауықтыру,жаңа ақпаратқа бейімдеу бізбен сіздің міндеттеріміз табылады.Қазіргі өзгерістер орай ойын іс—әрекетінде баланы дамыту,балаға ұғындыру,баланы қалыптастыру ,ойын арқылы ақпаратты үйретудегі ең басты мәселе баланың денсаулығы,сондықтан денсаулық сақтау технологиясын терең ұғынып,тәжірибемізде қолдануымыз керек.
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты баланың денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, оған салауатты өмір-салты туралы қажетті білім, қабілет пен дағдылардың қалыптасуы болып табылады.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологияларға педагогтың баланың денсаулығына деген әртүрлі деңгейде – ақпараттық, психологиялық, биоэнергетикалық деңгейде ықпал етудің барлық аспектілері кіреді. Заманауи жағдайда адам дамуы оның денсаулық жүйесін құрусыз мүмкін емес.
Денсаулық сақтау педагогикалық технологияны таңдау төмендегілерге тәуелді:
Мектепке дейінгі ұйым типіне;
— Мектепке дейінгі ұйымда балалардың болу ұзақтығына;
— Педагогтар жұмыс істейтін бағдарламаларға;
— Мектепке дейінгі ұйымның нақты жағдайларына;
— Педагогтың кәсіби құзыреттілігіне;
— Балалардың денсаулық көрсеткіштеріне.
Заманауи денсаулық сақтау технологиялары
1. Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: стретчинг, ырғақ пластикасы, динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика.
2. Салауатты өмір салтына үйрету технологиясы: дене шынықтыру сабағы, проблемалық ойын (ойын тренингі және ойын терапиясы), коммуникативтік ойындар, «Денсаулық» сериясынан сабақтар, нүктелі массаж, өз-өзіне массаж жасау, биологиялық кері байланыс (БКБ).
3. Түзету технологиялары: арттерапия, музыкалық ықпал ету технологиясы, ертегі терапиясы, түспен ықпал ету технологиясы, мінез-құлықты түзету технологиясы, психикалық гимнастика, фонетикалық және логопедиялық ритмика.
Сонымен, қарастырылған әрбір технологияның әрқайсысы денсаулық сақтау бағытында болуы, ал кешенде қолданылатын денсаулық сақтау іс-әрекетінің нәтижесінде балада салауатты өмір-салтына тұрақты мотивация, толыққанды және күрделі емес дамуының қалыптасуы аса маңызды.
Егер мектепке дейінгі ұйымдарда мамандану мен нақты жағдайларға тәуелді болатын технологияларды түзету мүмкіндіктері үшін жағдайлар жасалса, егер балалардың денсаулығының статистикалық мониторингіне сүйеніп, технологиялық ықпал ету қарқындылығына қажетті түзетулер енгізілсе, әрбір балаға жекелей оқыту қамтамасыз етілсе, мектепке дейінгі ұйым педагогтары мен ата-аналарда оң мотивация қалыптасатын болса, мектепке дейінгі ұйым жұмысында денсаулық сақтау педагогикалық технологияларды қолдану тәрбие мен білім беру үдерісінің нәтижелілігін арттырады, педагогтар мен ата-аналарда тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құндылық бағдарын қалыптастырады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда денсаулық сақтау іс-әрекетінің негізгі бағдарына мыналарды жатқызуға болады:
— балалардың тіршілік әрекетіне санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп пен гигиеналық жағдайларды жасауды ұйымдастыру;
— тамақтануды ұйымдастыру;
— балалардың балабақшада болу кезіндегі олардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
— балалар мен қызметкерлерге емдеу-профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру;
— балалардың дене тәрбиесі.
Жалпы денсаулық сақтау шаралар жүйесі төмендегілерден тұрады:
— балаларды өз дене мүшесіне күтім жасауды оқытудан;
— дене шынықтырудан;
— тағамдарды дәрумендеуден;
— фитопрофилактикадан;
— натуропатиядан;
— өзін-өзі психологиялық реттеу жаттығуларын меңгеруден;
— балалардың қозғалыс әрекетін оңтайландырудан.
Сонымен, кез келген педагогикалық іс-әрекетті әрбір баланың денсаулық жағдайы туралы және дене дамуының деңгейі туралы ақпарат алынғаннан кейін ғана бастаған жөн. Денсаулық сақтау әрекетінің тиімділігі көп жағдайда педагогтың тәрбиеленушілер отбасының өмір сүру жағдайын білуіне, сонымен қатар ұжымның кәсіби дағдылары, бар жағдайларды ескеруі мен оны ұйымдастырудың кешенді тәсілдемесіне байланысты. Саны көп, сапасы жоқ болғаннан, саннан сапасы жоғары, кәсіби болғаны жөн.
Денсаулық сақтау шараларын өткізу кезінде олардың психологиялық – педагогикалық аспектілері күшейтілуі керек. Бұл балалардың өзінің денсаулығына саналы қарым-қатынасын тәрбиелеуді және өзінің денесі туралы автоматтандырылған дағдыларды қалыптастыруды білдіреді.
Сауықтыру педагогикасының негізгі сипаттамасы келесідей:
— бала дамуының қол жетімді нормасы мен мінсіз үлгісі ретінде дені сау бала туралы түсінік;
— дені сау бала біртұтас дене және рухани организм ретінде қарастырылады;
— сауықтыру емдеу-профилактикалық шаралар ретінде емес, балалардың психофизикалық мүмкіндіктерін дамыту, кеңейту ретінде қарастырылады;
— балаларды сауықтыру бойынша жұмыстар тек медициналық әдістермен ғана жүзеге асырылмайды;
— медициналық әдістерді қолданудың тиімділігі оларды психология- педагогикалық әдістермен толықтырған кезде артады.
н дамыту.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет