Сабақтың түрі : жаңа тақырыпты қалыптастыру Сабақтың әдісі : сұрақ жауап,түсіндіру,талдау,ойын



Дата07.01.2022
өлшемі42,27 Kb.
#16868
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы : Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай

Сабақтың мақсаты :а) Сын есімнің шырайлары туралы түсінік беру .Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру; ә) теориялық материалды жүйелі,тиянақты баяндауға дағдыландыру,өз бетінше жұмыс істеуге,шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету, ой мен тілді дамыту,сөздік қорын молайту.

б) Сабақ барысында оқушыларды сауатты,көркем жазуға, жылдамдыққа, топпен жұмыс барысында ұйымшылдыққа дағдыландыру;



Сабақтың түрі :жаңа тақырыпты қалыптастыру

Сабақтың әдісі : сұрақ – жауап,түсіндіру,талдау,ойын

Сабақтың көрнекілігі : интерактивті тақта, маркер, стикер, плакат

Пәнаралық байланыс : әдебиет

Сабақтың барысы :а) Ұйымдастыру кезеңі :

Тренинг. «Көршімнің бір сыны» Тренинг шарты бойынша оқушылар көршісінің бір сынын атайды.

Шеңберде тұрған оқушыларға сөз табының бір атауы беру, сол арқылы топқа бөлу. (Мысалы: зат есім, сын есім т.с.с. Зат есім бір қадам алға шығады.Олар бір топ болады да, сын есім бір топ болады. )



ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Қызығушылықты ояту.Интерактивті тақтадан «Сен маған,мен саған» сұрақ-жауап орындайды,тексереді.

1.Қазақ тілінде неше жалғау бар?

2.Зат есімнің түрленуі.

3.Зат есім жіктеле ме?

4.Көптік жалғауларын ата.

5.«Менің атым» сөзі қалай тәуелденіп тұр?

6.«Білімнен» сөзі қай септікте тұр?

7.«Анамды» сөзінің септелу жолы

8.Зат есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?

б) Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту. «Құпия кілт» сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

1.Бір тектес түр мен түстің, сапа мен белгінің, дәм мен иістің әр қилы реңдерін білдіреді.

2.Оның екі түрі бар.

3.Жұрнақтар арқылы жасалады.

4.Бір заттың сынын екінші затпен салыстыра қарап, бірінен бірі я кем, я артық екенін білдіретін шырай түрі.

Жаңа сабақтың тақырыбы

«Сын есімнің шырайлары. Салыстырмалы шырай»



Топпен жұмыс.

Екі топқа тақырып беріледі. Әр топ берілген тақырыпты қорғап шығуы керек. Қарсы топқа түсіндіріліп, олардың сұрақтарына жауап беріледі. Әр топтан бақылаушы адам тағайындалады. Оқушылардың сабаққа ынтасын қадағалап отырып, сабақ соңында бағалайды. Өз тақырыптарын қорғау барысында қарсы топ стикер арқылы білгісі келген сұрақтарын жауап беруші оқушының үстіне жапсырады.



І топ / Сын есімнің шырайлары.

ІІ топ / Салыстырмалы шырай.

Мұғалімнің қорытындылауы.

І топ. 54- жаттығу. Берілген сын есімдерді салыстырмалы шарай жасаңдар.

ІІ топ. 49-жаттығу. Берілген сын есімдерді түрлі реңге түрлендіріп көріңдер. Шырай түрлерін анықтаңдар.

Деңгейлік тапсырмалар.

Сәйкестендіру.

Өнерпаз ой

Түйінді бала

Басыңқы суретші

Әуесқой сөйлем

Таңдаулы адам

Сөзшең сөз

Суретке қарап әңгіме құра.

Мақалдардан сын есімдерді тауып, салыстырмалы шырай жасау

Жақсы атқа бір қамшы,

Жаман атқа мың қамшы.

Бейнетің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

«Сөз тізбек»

Шарты: әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасау. Сын есім болуы шарт.

Саналы... ыстық...

Өнерпаз... зерек....



Көреген...нәзік.....

Шығармашылық деңгей.

Бекіту. «Сын есімнің шырайларын, салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын жина.»

Білімді бағалау : Бағалау парағы арқылы бағаланады.

Үйге тапсырма:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет