Орындаған: Кали М.С.
Социальная работа, 2 курс
Қабылдаған: Сембинова А.А.
Денсаулық сақтау статистика көрсеткіші
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Републикасы азаматтарының денсаулығын қорғау тұрғысындағы мемлекеттік саясат мына принциптерге негізделген: мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелері көрсететін дәрігерлік-санитарлық, дәрігерлік-әлеуметтік, дәрі-дәрмектік көмектің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету; олардың орындалуын қадағалаудағы жауапкершілігі; денсаулығынан айырылған азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, кепілденген дәрігерлік жәрдем шеңберіне сәйкес дәрігерлік жәрдем алудың әлеуметтік әділеттігі және теңдігі.
"Денсаулық сақтау статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10084 болып тіркелген.
ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ СТАТИСТИКАСЫ БІРНЕШЕ ТАРМАҚТАРҒА БӨЛІНЕДІ. ОЛАР:
Емдеу – алдын-алу мекемелерінің статистикасы
Санитарлық және эпидемияға қарсы күресетін мекемелер статистикасы
Әйелдердің босануына көмектесетін және денсаулығын қорғайтын мекемелерінің статистикасы
Медецина қызметкерлерінің статистикасы
Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын қорғайтын мекемелер статистикасы
"Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы көрсетілген қызметтердің көлемі" көрсеткіші негізгі қызмет түрі бойынша орындалған қызметтің жалпы көлемін көрсетеді. Көрсетілген қызметтердің құны қосылған құн салығын және акциздерді есептемегенде ағымдағы бағалармен көрсетіледі. Бұл сомадан халықтың және қызметті тұтынушылардың басқа санаттарының (кәсіпорындар және бюджеттің) меншікті қаражаты есебінен төленетін қызмет көлемі бөлінеді. Бұл көрсеткіш оларды орындау кезінде оларды төлеу уақытына қарамастан (көрсетілген қызмет көлемін есепке алу есептеу әдісі бойынша жүргізіледі) көрсетілген қызметтердің құнын білдіреді.
Көрсетілген қызметтердің көлеміне көрсетілген қызметтердің барлық шығындары кіреді:
1) көліктік-дайындау шығыстарын есепке ала отырып, қызмет көрсету үдерісінде қолданылатын барлық материалдардың құны;
2) қызмет көрсету үдерісінде қолданылатын отынның барлық түрлері мен сатып алынған энергияның (электр, жылу) құны;
"Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (коды 631112004, индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Еңбек қызметімен байланысты жарақаттану және кәсіптік аурулар туралы есеп" (коды 631112004, индексі 7-ТПЗ, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын (бұдан әрі - статистикалық нысан) толтыруды нақтылайды.
2. Осы статистикалық нысанды толтыру мақсатында келесі анықтамалар қолданылады:
1) адам өліміне әкелген өндірістік жарақат - осы жарақаттың себебі болған өндірістегі жазатайым оқиға күнінен бастап бір жыл ішінде өлімге әкеліп соқтырған өндірістік жарақат;
2) өндірістік (кәсіби) жарақаттар - жұмыс берушілермен еңбек қатынастарында болған қызметкерлермен еңбек міндеттемелерін орындау үдерісінде жазатайым оқиға немесе денсаулыққа өзге де кері әсер ету нәтижесінде болған, ағымдағы жылы тексеріс жүргізілген барлық жарақаттар, кәсіби сырқаттар, уланулар және денсаулыққа өзге де кері әсер етулер
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің
Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізсін
Статистикалық нысанға өндірісте жұмысшылармен, қызметшілермен, олар бойынша Еңбек кодексіне сәйкес жазатайым оқиға тіркелген барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда тәжірибеден өтуі немесе жұмыстарды орындауы кезінде оқушылармен және студенттермен болған жазатайым оқиғалар туралы деректер кіреді.
Есепке алуға жұмыс берушілермен еңбек қатынастарында болған қызметкерлермен еңбек міндеттемелерін орындау үдерісінде жазатайым оқиға немесе денсаулыққа өзге де кері әсер ету нәтижесінде болған, ағымдағы жылы тексеріс жүргізілген барлық жарақаттар, кәсіби сырқаттар, уланулар және денсаулыққа өзге де кері әсер етулер жатады.
Назарларыңызға рахмет !
Достарыңызбен бөлісу: |