Денсаулыққа арналған пайдалы кеңестер



Дата09.05.2022
өлшемі13,84 Kb.
#33561
түріҚұрамы
Байланысты:
пайдалы кенес


Денсаулыққа арналған пайдалы кеңестер

Адам үшін денсаулықтан артық байлық жоқ. Бақыттың 90 пайызы дұрыс денсаулықта екенін ұмытпаңыз. Осы орайда, назарларыңызға денсаулыққа қатысты пайдалы кеңестер тізбегін ұсынамыз.
Жаңғақ жеңіз, ол өмірді ұзартады Жаңғақты күн сайын жесеңіз де артық емес. Өйткені, оның құрамында Е дәрумені бар. Сондай-ақ, жаңғақ адам ағзасының қартаю процесін баяулатады. Ең пайдалы жаңғақ деп грек жаңғанын атауға болады. Грек жаңғанын күніне 100 грамнан артық жемеңіз, өйткені, шамадан тыс жеудің де өзіндік проблемалары бар. Күнбағыс шемішкесін де аздаған мөлшерде пайдаланған денсаулыққа қауіпті емес. Тек тісіңізді сақтау үшін оны қолмен шағыңыз.
Суды көбірек ішіңіз Ағзаны қалпында ұстау үшін күніне 2 литр су ішу керек. Одан артық ішудің қажеті жоқ. Екі литрден артық су ішсеңіз, су ағзадағы зиянды бактериялармен бірге пайдалысын да алып кетуі мүмкін. Егер нақтырақ айтатын болсақ, әр адам өзінің бір келі салмағына 30 мл су ішкен дұрыс. Мысалы, сіздің салмағыңыз 70 келі болса, онда күніне екі литр су ішесіз. Ал салмағыңыз 80 келі болса, 2,5 литр су пайдаланасыз.
Суды бірнеше рет қайнатпаңыз Су қайнаған сайын өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтады. Ал суды бірнеше рет қайнату арқылы оның ағзаға тигізетін зиянын да арттыра түсеміз. Негізі, суды қайнатпай-ақ, оны фильтрден өткізіп алған дұрыс. Құдықтан алынған судың да зиянды тұстары бар. Соңғы кездері құдық суынан мышьяк табылуда, бұл ағза үшін у болып есептеледі.
Қатты ыстық тамақ ішпеңіз Ыстық тағамдар ағзадағы микробтармен күресетіні белгілі. Алайда, сол бактериялардың ішінде пайдалылары да бар екені рас. Адам ағзасындағы тіндер өте нәзік келеді, сол үшін ыстық тағам олардың тіршілігіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Әсіресе, қалқанша безінің жұмысына бұл кедергі келтіреді. Ауыздан жағымсыз иістің шығуы да осыдан. Сіз ішетін тағам мен сусындар цельсий өлшемі бойынша 45 градустан аспауы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет