Дәріс №1 Тақырыбы: Жер кадастрының әдістемелік негіздері Қарастырылатын сұрақтар



бет1/70
Дата14.10.2023
өлшемі315,69 Kb.
#114933
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
жер кадастры (копия) (1)


Дәріс №1
Тақырыбы: Жер кадастрының әдістемелік негіздері
Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Жер кадастрының жалпы әдістемелік мәселелері.

  2. Жер кадастрдың құрам бөліктері, түрлері мен принциптері.

Дәріс мәтіні:

  1. Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түрде алу қажеттілігінен тарихи жер кадастры туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемелкеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды.

Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрін жүргізу қажеттілігі туындайды.
“Кадастр” сөзі латынның “capіtastrum” деген сөзінен шыққан. Бұл сөз “салық салынатын заттардың тізімі” деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т.б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен бір жақты түсінікте жер кадастрі – жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте – жерге салық салу үшін жер туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әрекеттер жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді. Жер кадастрі әдістемесінің ерекшелігі жердің ерекшеліктерімен себептеледі. Ол ерекшеліктері келесідей:
Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол арқылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.

  1. Жер кадастрлік құжат текстік және жоспарлы –картографиялық болып бөлінеді. Текстік – кітап, ведомос, карточка, тізім, түсіндірме жазулар түрінде болады. Жоспарлы – картографиялық құжаттар жер учаскелерінің сызба бейнелерін көрсетеді – жоспарлар, карталар, картограммалар. Жер кадастрінің басқа есепке алу түрлерінен айрықшылығы – оның тек жоспарлы-картографиялық негізде жүргізілуі. Кадастр үшін керек мәліметтер жоспарлы-картографиялық материалдарда сызба түрінде көрсетілген. Қазақстанда жер кадастрын жүргізу автоматтандырылған жүйеге салынып отыр, барлық мәліметтер компьютерлерге еңгізіліп сақталады. Бұл ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламалар жасалынған. Картографиялық материалдар да компьютерлерге еңгізіліп, электрондық жоспар-карта түрінде шығарылады.

Тиісті жазулардың заңды негізі ретінде құжаттар жерлердің барлық санаттары бойынша кадастрлік құжаттарды жүргізу тәртібін белгілейді. Ол құжаттар ҚР Үкіметінің қаулысы, атқарушы органдарының шешімдері.
Жер кадастрында тағы арнайы есептік құжат жүргізіледі. Ол текстік құжатқа жатады. Оған қосымша картограммалар, диаграммалар, жоспарлы-картографиялық материалдар тіркеледі. Жер кадастрының әр сатысында –жер учаскесі, кәсіпорын, аудан, облыс, республикалық мәліметтер бойынша белгілі байланысы бар тиісті құжаттар толтырылады. Қосымша кадастрлік құжатта негізгі жер кадастрлік құжатта бар материалдарға қосымшалар және түсініктемелер келтіріледі. Мағлұматтарды алу және кадастрлік құжатты толтыру үшін алғашқы құжаттардың мәліметтері пайдаланылады. Оларға түсіру және зерттеу, жоспарларды түзеу материалдары, түгендеу, жерді үйлестіру, орманды үйлестіру, мелиорация және т.б. мәліметтер жатады. Жер кадастрының кейбір бөліктерін жүргізу үшін қажетті кадастрлік құжаттардың және материалдардың, жұмыстардың түрлері:

  1. Жер учаскелерін тіркеу – заңдық және нормативтік құжаттар, жер учаскелеріне құқықтарды рәсімдеу және табыстау тәртібі, құжаттардың рәсімі, жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап құралдарын, бөлінуі, ауытрпалықтарын және пайдаланудағы басқа шектеулерді анықтау, картографиялық жұмыстар;

  2. Жерлерді есепке алу – тіркеу мәліметтері, есепке алу, және есеп беру құжаттары, картографиялық материалдар, бонитеттеу, жерлерді бағалау мәліметтері, жер учаскелері, санаттары, алқап түрлері, құқық субъектлері бойынша есепке алуды жүргізу;

  3. Жерлерді бағалау – жерлерді аймақтау, топырақтарды бонитеттеу, жерлерді бағалау әдістемесі, жерлерді есепке алу мәліметтері, топырақтық геоботаникалық зерттеу, ізденіс материалдары;

  4. Жер кадастрының автоматтандырылған жүйесі – компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, жекешелеп оқыту, кадастрлық жұмыстардың барлық түрлерін бағдарламамен қамтасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет