Дәріс 12 Тақырыбы: Биологиялық алуантүрлілікті сақтау, биосфералық және экологиялық зерттеулердің даму болашағы



бет1/2
Дата21.12.2023
өлшемі10,73 Mb.
#142344
  1   2

Дәріс 12 Тақырыбы: Биологиялық алуантүрлілікті сақтау, биосфералық және экологиялық зерттеулердің даму болашағы


Жоспар
1. Биосфералық және экологиялық зерттеулердің даму болашағы
2. Биосферадағы энергия және масса алмасу, биологиялық жүйелердің зерттеулері
3. Биосфераның және оның құрама бөліктерінің мониторингі, орта өзгерiстерінiң экологиялық болжамы
Әлеуметтік-экономикалық дамудың ұдеуі, елде халық шаруашылығын қайта құру шараларының жүзеге аусы, өнеркәсіптік жіне агроөнеркәсіптік кешендердің қарқынды өсуі қоршаған табиғи ортада белгілі бір жағымсыз өзгерістердің пайда болуына әкеледі және биосфералық, экологиялық зерттеулерді ұйымдастыруды қажет етеді. Мұндай зерттеулер елдегі экологиялық жағдайлардың аскынуымен және оны емдеуге арналған ғылыми түсіндірілген шараларды қолға алумен анықталады. Көрсетілген зерттеулер биосфералық және экологиялық зерттеулердің кешенді бағдарламасымен жүзеге асатын болады.
  • Академиялық бағдарламаның атында бір бірімен байланысты екі бағыт көрінеді: биосфералық және экологиялық. Біріншісінің төңірегінде экожүйелердің және олардың әртүрлі құрамдас бөліктері - биосфераның құрылымымен қызметтері зерттеледі. Екіншісінің төңірегінде әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі барысындағы қоғаммен табиғат мәселелеріне көңіл бөлінеді.
  • КСРО президиумының КСРО .ылым акдемиясының биосфералық және экологиялық зерттеулері бағдарламасына қатысты қаулысына сәйкес академик В.Е.Соколовтың басқаруымен жұмыс тобы ұйымдастырылды. Жұмыс тобымен жасалған концепция бағдарламаның негізгі бағыты ретінде болашақтың денсаулығы қоршаған ортанығ жағымды дамуына байланысты.

Бағдарламаға келесі негізгі бағыттар енгізілген:
• локальді және ғаламдық деңгейде биологиялық, экологиялық және географиялық жүйелердің тұрақтылық теориясын дайындау;
• биосфераның ноосфераға өту фазасында қоғаммен табиғаттың әрекеттесу теориясын дайындау;
• биосфера және оның құрамдас бөліктернің кеңістік-кезеңдік ұйымдастырылуының теориясын дайындау;
• биосфераның энергия және массаалмасуынзерттеу;
• қазіргі заманғы биосфераның эволюция және динамика теориясын дамыту;
• экологиялық мәселелерді шешудегіэкономикалық және әлеуметтік механизмдердідайындау;
• экологиялық білім беру және тәрбиелеудіңғылыми негіздерін дайындау.
Табиғи ортаның негізгі бұзылулары халық шаруашылығының, биосферадағы энергия және массаалмасудың антропогендік өзгеруіне байланысты.
Әрине мәселені шешудегі ең дұрысы болжау және алдын алу. Осылайша бірінші орынға экологиялық болжам шығады. Алға қойылған мақсаттарға жету үшін табиғи экожүйелердің теңдігін сақтайтын принциптердің зерттеулері қажет. Тірі ағзалардың тіршілігі органикалық заттар мен олардың айналуларының синтезімен өрнектеледі. Қоршаған ортаның химиялық құрамы өзгеріссіз қалады.
  • Биосферадағы зат айналыс- үлкен (геологиялық) және кіші (биотикалық) айналыс деп екіге бөлінеді.
  • Үлкен зат айналысы мың- миллиондағын жылдар бойы жүреді. Бұл аралықта, тау жыныстары үтіліліп, ондағы сумен араласады. Оның еритін бөлігі ерітінді түзіп, әр түрлі өзгерістер ұшырайды.
  • Кіші айналым кезінде, зат айналысы биоценоз деңгейінде жүреді. Мысалы, топырақ құрамындағы қоректік заттар, су, көмертігі қосылыстары- өсімдіктер дүниесін құрайды. Ал, өсімдікттер, өзге тіршілік иелерінің денесін құрауға қажет. 

Жан- жануарлар тіршілігі таусылған соң, құрт- құмырсқа бактериялар нәтижесінде ыдырап, қайтадан минералды заттар айналады. Минералдық заттарды өсімдіктер дүниесі қайта пайдаланып, тіршілік сөйтіп жалғасы береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет