Дәріс №13 Жаһандану контекстіндегі қазақ мәдениеті



Дата03.12.2023
өлшемі41 Kb.
#133758
Байланысты:
13 Дәріс


Дәріс № 13 Жаһандану контекстіндегі қазақ мәдениеті

Рухани жаңғырудың жолында жүріп жатқан бірнеше жоба бар. Соның бірі әрі бірегейі, елбасының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы турасында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән береді: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз.


Жаһанданудың негізгі мағынасы «халықаралық бірігу» дегенді білдіреді. Ол үрдіс ретінде де сипатталады. Бұл үрдіс – экономикалық, технологиялық, мәдени-әлеуметтік және саяси күштердің қисындасуы. Жаһандану экономикалық, ақпараттық, саяси, экологиялық, мәдени және тағы басқа болуы мүмкін. Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы; «жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы. Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін жақындастыру мен халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін. Көпшілік мұны ұлттық мәдени құндылықтарды жоғалту деп түсініп, ұлттық мәдениеттің жандануы үшін күреседі. Қазіргі заманғы кинофильмдер экранға әлемнің көптеген елдерінде бір мезгілде шығады, кітаптар аударылып, әртүрлі елдер оқырмандары арасында бір уақытта танымалдыққа ие болады. Мәдени жаһандануда ортақ Ғаламтордың таралуы үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ жыл санап халықаралық туризм кеңінен етек алуда.
Егерде мәдениетті, ең әуелі, адамдар символикалық қайта қарау тәжірибесі негізінде мағынасын құрастыратын өмірлік салт және тәртіп ретінде қарастыратын болсақ, онда мәдени жаһандану деп мағына құрастыру аясын өзгерту, бірегейлікті, нақты бір жерге тән болуды, жалпы түсініктерді, құндылық, ұмтылыстарды, мифтер мен сенім, қауіпті өзгертуді түсіну керек. Жаһандану үрдісінде мәдениеттің рөлі мәдени-толықтырылған «жергілікті» әрекеттің потенциалды-жаһандық нәтижесімен шектеледі. Басқаша айтқанда сөз әлеуметтік белсенділіктің рефлексивтілігі жөнінде болып отыр: жергілікті дәстүр мен өмір салты қазіргі заманғы кезеңде жаһандық нәтижеге ие, сонымен қоса жаһандық үрдісте жергілікті интервенция жүзеге асады. Алайда жаһандану аясында идеяға консюмеризм бақылауы жан-жақты екендігін ескеру де маңызды. Жаһандық капитализм өз билігіне бағындыруға, телевидение, жарнама, газет, кітап, фильм және т.б. жинақталған барлық идеялар мен материалды өнімді коммерциялау мен коммодифициялауға тырысады. Осыған сай, мәдени тәжірибені жалғастық үрдісі мен одан кейінгі институционализациялаудың басты фактор-катализаторы сауда экономикасы жағдайында пайда әкелетіннің барлығы коммерциализацияға тәуелді болатын коммерциялық потенциал болып табылады. Бүгінгі әлемде, сондай-ақ Казақстанда, жаһандық мәдениет тәжірибесіне сұраныс пен сән бар деп айтуға болады.
Жаһандану мәдениет аясында мағыналардың көптігі, бағалаулық талдаулардың жетіспеушілігі, барлық таныс заттарды жаңа терминмен жазу перекаталогизация, транскодированиясымен анықталатын «қалдық мәдениет» (Ж.Бодрийяр термині) – қазіргі мәдениет құбылысының кең спектрінің құрылуы негізінде жатқан үрдістердің интенсификациясына әкеледі. Алайда мәдени гомогендеу немесе әлемде мәдени әртүрліліктің азайуы жаһандану үрдісі нәтижесі бола алмаса да, жаһандану консюмеризм механизмінің көмегін айтпағанда, әртүрлі мәдениеттің униформдығының өсуіне әкелуге толық қабілетті.Мәдени жаһандану батыстық Реформация, Ағартушылық, Қайта Жаңғыру сынды құндылықтар негізінде туындай алады. Бұл құндылықтар әлемдегі бүгінгі дағдарыстық құбылыстарды туындатқан, немесе ол жаңа рухани революция жүзеге асырылатын жаңа құндылықтар жүйесіне әкелуі мүмкін, сол кезде ол жаңа құндылық жүйесінде жүзеге асырылады.
Бұндай алғышарттар міндетті түрде қалыптасады, және сөзге дәлел ретінде бүгінгі таңда кеңінен таралып отырған жаңа мәдениет тәжірибесінің көптүрлілігін айтуға болады. Олар қоғамдық санада белсенді рефлексияланады, оның ішінде мағыналық әлем мағынасын әлеуметтік-тарихи контекстте қарастыруды болжайтын, әлеуметтік мәдениет талдауы әдісі де бар. Мысал ретінде, мұның барлығын жас әрі дамып келе жатқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінен көруге болады. Ұлттық қайта жандану үрдісі тек қана қазақ тарихына деген қызығушылық негізінде жүзеге асырылуда емес, сонымен қоса өзіндік салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртумен байланысты. Қазақ салт-дәстүрінің қайта жаңғыруы бүгінгі таңда Қазақстанда тарихи жалғастықтың қайта қалыптасуы ретінде қабылданады. Қазақ халқы үшін бұл өте қиын және күрделі мәселе, себебі жоғалған салт-дәстүрді қайта қалпына келтіру туралы мәселенің көтерілуінде болып отыр. Қазіргі қазақтар – бұрынғы малшы-көшпенді халық емес. Сондай-ақ, жиырмасыншы ғасыр бойы саналы түрде салт-дәстүрді жою және қудалау жүзеге асырылып келді. Жетпіс жылға созылған кеңестік кезеңде Қазақстанда салт-дәстүрмен «өткеннің қалдығы» ретінде күресті. Алайда, сол уақытта да, бүгінгі таңда да қазақтар бұрынғы өмір салтының қалдығын қажырлықпен талмай күресіп сақтап келеді. Бұл жерде туыстық қатынасқа ерекше мән беріледі. Ру, руға бөліну – қазақ халқының идеологиясы. Бұл бірегей құбылыс ежелгі заманда шыққан, дегенмен, руға бөліну бүгінгі замандада қолданылады. Бұл «қиын мәселе» барлық басқа халықтық мәдени институттардың аясында әртүрлі әлеуметтік және саяси жағдайларға бейімделуде. Жалпақ бірлестіктердің жауластық пен «жүзге бөлінуді» жоюына қарамастан, қазақ халқының рулық санасы ғасырлар бойы сақталып келеді. Ол ұзақ уақыт бойы қазақ зияткерлерінің арасында бір мағыналы бағаға ие бола алмады. Біреулері оны ұлттық бірлікке деген қауіп деп түсінді, екінші біреулері «жеті атаны» білу ұлттық мәдениеттің құбылысы деп қарастырды. Барлық болжамдарға ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында нүкте қойды, ол қазіргі Қазақстанның мәдени өмірінде рулық сананың мәні мен рөлінің аса маңызды екенін баса айтты. «Жеті ата» принципі барлық халықтың рухани бірлігінің құралы іспетті. Осы принцип қарапайым болғанымен, отбасы-туыстық махаббаттың негізіндегі этникалық тұтастықты анықтайтын күшті ядро болып табылады. Қазақ халқы этномәдени қауымдастық ретінде өздерінің этноұжымдық зердесінің арқасында сақталды.
Бүгінгі Қазақстан ұлттық жандану кезеңін бастан кешіруде. Ұлттық-мәдени жандану үрдісі мәдени парадигманың ауысуын білдіреді. Бұрынғы концепцияларды қайта қарау, ұмытылған немесе тиым салынған атаулардың қайта келуі – казіргі Қазақстанның мәдени өміріне тән ерекшеліктер. Тәуелсіздіктің онжылдығында жаңа қазақ тарихын жасаудың бастамасы қолға алынды. Алайда, «сөз еркіндігі» қазақ тарихшылары үшін ауыр сынақ болды. Алғаш рет, соңғы жүзжылдықта материалдық жағдайы мен ынтасы бар әрбір адамның жазуға да, баспаға шығаруға да мүмкіндігі болды. Бұл жағдайда, бізге көптеген әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі сападағы тарихи шығармалар ағымы келіп түсуде. Бұл тарихиграфияның анализі мен сыны жеке мәселе. Бұл жерде айта кететін жайт, кәсіпқой және кәсіпқой емес жазушылардың қаламынан шыққан тарихи шығармалар бүкілхалықтың өзінің тарихына деген қызығушылығының дәлелі болып табылады. Бүгінгі күнде қазақ халқы өзінің бай, қанықты, қуаныш пен қайғыға толы тарихты [6] аса қызығушылықпен оқуда. Ұлттық жанданудың үрдісі мемлекет және халық үшін де бейнетті болып табылады. Бұл үрдіс өзінің ұлттық және тұрмыстық салт-дәстүрлерін мұқият зерттеуді талап етеді. Ескі салт-дәстүрлерді бүгінгі таң мен болашақтың талаптарына сай жандандыру қажет. Сол кезде ол «салмақ» емес, мемлекеттің ілгерілеуге деген қозғалтқышы болып табылады. Салт-дәстүрімізді жаңарту өткенімізді естен шығармауға, бүгінгімізді жақсартуға және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік береді.


Мәдениет жаһандануын екі феноменмен байланыстырады. Біріншісі Жер шары халықтарының басым көпшілігі арасындағы батыстық индивидуалистік құндылықтардың таралуын сипаттайды. Бұл құндылықтар адамның индивидуалды құқығын мойындайтын және адам құқығын халықаралық деңгейде қорғауға тырысатын әлеуметтік институттармен насихатталады. Екінші тенденция ретінде бүкіл әлемдегі батыстық «ойын ережесін» еншілеуді атауға болады. Бюрократты ұйым мен рационализм, материалистік көзқарас, экономикалық тиімділік пен саяси демократия құндылығы барлық әлемде европалық Ағартушылық кезеңінен бері таралуда. Сонымен қатар, әлемдегі мәдени консенсустың ерекше ролін мойындауға тура келеді. Әлемдік жүйе әрқашан бар және көп мәдениетті болса да, батыстық құндылықтар әсерінің өсуіне көз жұма қарауға болмайды. Әлемнің басқа бөліктерінде таралған бұл құндылықтар: рационалдық, индивидуализм, теңдік, тиімділік. Мәдениет жаһандануы үрдісі экономикалық және мәдениеттанулық пәндер арасында тығыз қарым-қатынас құрады. Соңғысының маңыздылығы сондай, тіпті, мәдениет экономизациясы мен экономика мәдениленуі жайлы сөз қозғауға болады. Толық әсерлесу қоғамдық өндіріс неғұрлым интелектуалдық, мәдени және рухани игіліктер мен қызмет немесе «рәміздер» өндірісіне бағытталуымен анықталады, ал мәдениет аясында сауда мен бақталастық («көпшілік – мәдениет») заңдары көптеп аңғарылады. Мәдени жаһандану аумағындағы мәнді мәселелер бұрыннан бар, тарихи қалыптасқан ұлттық-діни дәстүрлермен және жеткіліксіз түрде дамыған саяси жаһанданумен байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет