Дәріс №13 Тақырып: Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар



Дата10.12.2023
өлшемі164,91 Kb.
#136525








Стандарттау және техникалық реттеу


Дәріс №13
Тақырып: Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар



Серикбаева Аяна Нургалиевна- лектор, магистр ТӨҚжС/ТӨТ 2023 ж.



Дәріс мақсаты: Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарымен танысу


Жоспар
1 Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар
2 Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарының функциялары
3 Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарының құқықтары
4 Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарының міндеттері


Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнімді (көрсетілетін қызметті) өндірушілерден (орындаушылардан), өнімді (көрсетілетін қызметті) берушілер мен тұтынушылардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда бекiтiлiп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар.
Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс.
Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөнiндегi органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдар сәйкестікті міндетті растау мақсаты үшін аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануға тиіс.
Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi;
2) сәйкестікті міндетті және ерікті түрде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi;
4) сәйкестiк туралы декларацияларды тiркейдi;
5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге инспекциялық бақылау жүргiзедi, оның белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда, берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданылуын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданылуын уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;
6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.
Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарының құқықтары:
1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;
2) алып тасталды
3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.
Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарының міндеттері:
1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;
2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;
3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, берілген сәйкестік сертификаттары туралы, сертификаттаудан бас тарту туралы деректердің электрондық есебін және оларды беруді жүзеге асыруға;
4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті міндетті растау қағидаларын бұзғаны және сәйкестік сертификатын заңсыз бергені, сәйкестік туралы декларацияларды заңсыз тіркегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және осы қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген болуға тиiс емес.
Сәйкестiктi растау жөнiндегi органның меншiк, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқығы негiзiнде сәйкестiктi растау жөнiндегi органның аккредиттеу саласында көзделген объектiлерiне уәкілетті орган айқындайтын көлемде сынақ жүргiзудi қамтамасыз ететiн зертханасы болуға тиiс.
Бақылау сұрақтары:
1 Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарна қандай органдар жатады?
2 Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарының функцияларын атаңыз
3 Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарының құқықтары неде?
4 Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарының міндеттері қандай?




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет