Дәріс: №14 Тақырыбы: Аудиториядан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары Орындаған



бет1/3
Дата04.12.2022
өлшемі65,31 Kb.
#54761
түріСабақ
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология және көп тілді білім беру институты

Пән: Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Дәріс: №14
Тақырыбы: Аудиториядан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары


Орындаған: Толебай Маржан
Тексерген: Бораш Р.Б


Алматы, 2022 жыл
14. Практикалық сабақ
Аудиториядан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдары.


1.1.Әдіскер-ғалым Т.Қ.Жұмажанова, т.б. әдіскер ғалымдар еңбектерін талдау
Жұмажанова Төкен Қонысбайқызы (5.1.1944 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай уданы, Ақсуат ауылы) - ғалым, педагогика ғылымының докторы (1997), профессор (1998). ҚазПИ-ді (қазіргі Алматы мемлекет университеті) бітірген (1965). 1966 – 80 жылдары орта мектепте мұғалім, 1980 – 97 жылдары Семей педагогика институтында (қазіргі Семей мемлекеттік университеті) доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1991 – 97) болған. 1998 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде профессор. Негізгі ғылым-зертттеу еңбектері қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мәселелеріне арналған. Жұмажанов – осы сала бойынша Қазақстандағы алғашқы ғылым докторы.
Білім беру саласында танымдық білім мен тәрбие беруді ұйымдастырудың негізі-сабақ. Сабақ өзіндік қатаң ішкі құрылымы бар, дидактикалық заңдылықтарға бағынған, мазмұн жеткізудің әдіс-тәсіл, амалдарын сақтаған оқыту жүйесі. Сабақ педагогикалық еңбек, жоғары оқу орындарындағы сабақ ол оқытушы мен болашақ кәсіби маманның білім мен тәрбиедегі біртұтас танымдық ой қызметін қалыптастырудың шығармашылық түрі. Сондықтан да қазіргі қазақ драматургиясын оқыту сабақта білім мен тәрбие берудің дидактикалық заңдылықтарына бағынады. Сабақта драматургиялық шығармаларды оқытудың басты мақсаты танымдық ой қызметін жоғарылатумен бірге, өнер, пәні арқылы шығармашылық тұлға тәрбиелеу, адамгершілік, тұлғалық рухани құндылық қалыптастыру. Яғни, драматургиялық шығармаларды оқытудың педагогикалық еңбек ретіндегі өзіндік әдістемелік ерекшеліктері сабақта өнерді сезіндіру, өнер арқылы толғандыру, сонымен бірге танымдық білім-біліктерін қалыптастыру. Оқытушы сабақтың осындай ерекшеліктерін білген сайын, сабақты өнер заңдылығын танытуға құру, соның ішінде драматургияның қатал заңдылығымен жүргізуге талпынады. Қазақ драматургиясын танытудың мақсат, міндетіне жету әр сабақ сайын өнер құндылықтары драмалық шығармалармен бетпе-бет келуді әдістемелік шеберлік арқылы ұйымдастыру ғана драматургиялық шығарма мәнін түсінуге бір қадам жақындатады. Өнер сабағын әрбір драмалық туындымен танысқан сайын оқырманда болатын ерекше толғаныс, көл-көсір сезім, кейіпкер жан-дүниесіне шынайы көңілмен ене білу, автор ұсынған өмірлік проблеманы тануға құлшыныс таныту, ой қосуға еріксіз шақыру түрінде шебер ұйымдастыра білу нәтижелі болмақ. Драмалық шығармаларды оқу сабағының міндеті – шығарма тереңінде жатқан, автор ұсынған көркем ойдың қуатын, нәрін, адамгершілік тәрбие мәселесін түсініп тұщыну, толғану, әсерлену күйін бастан кешіре білу қабілетін тәрбиелеу. Ұйымдастыру іс-әрекеті кәсіби маманға өнер жайында әңгіме айтып беру емес, тікелей өнердің өзі оның сана-сезіміне, ойына әсер ететіндей мағынада құру.
Қазіргі қазақ драматургиясын оқыту әдістемесінің ерекшелігі «толғана отырып, ойландыру» мағынасында болуы. Біз бұл тұғырымызды қалай танытамыз, біраз зерделеп қарастыратын болсақ, көркем өнер құдіретін тани білу күрделі және ұзақ уақытты, тәжірибені талап етеді. Көркем өнер құдіреттілігін тану адам өмірінің мәні деуге де болады, бұл айнала қоршаған дүниені тану, адамның адам болып қалу құндылығын білу, тіпті өз өмірінің қалай қожасы болу керектігін бағалауға үйрететін дүние. Ой арқылы, таным арқылы өмірді танып білу бір басқа да, өмірді өнер арқылы тану, сезіну, бастан кешіру ерекше күй, ерекше құбылыс. Өнерді тану мәні адамның өмірді бағалай білуімен, оны тануымен ерекшеленеді. Адамның жас шағында айнала дүниеге көзқарасы қалыптасып, өзінің өмір жолын таңдауға тәжірибесі жетіледі. Алайда көркем өнердің құдіреті адамның өз өмірін қалай әрлендіруіне, байытуына жасайтын зор ықпалында. Драмалық шығарманың қуаты әлемнің құдіретін, құпиясын, автор көзқарасындағы шешімі жоқтай көрінетін қиын мәселелерді ойлантып, көре, сезе отырып кейіпкерінің жан-дүниесін бастан кешіртіп, шешім қабылдауға мәжбүрлеуінде. Драматургиядағы қуанышты жайды көңілмен, таңданумен, ырза болумен сезіну, кейіпкерінің жан күйзелісіне ортақ болуы драманы танудан алатын жеке жан қуаты десек, осы таным, әсер шығарманы толық бағалауға әкеледі. Драманы танудағы ішкі дауыс көрермен еркінен тыс драма оқу не көру үстінде «Керемет», «Ғажап», «қандай күлкілі», «Сұмырай» т.б. деп баға беруге әкеледі. Драматургиялық туындыны оқи отырып ерекше сезімді бастан кешпесе, толғандырмаса, өз өміріне үлгі тұтпаса көркем шығарманы оқу жай ғана есте қалады, көру мен тыңдаудан келетін жан толқынысы болмаса, онда ешқандай кейіпкерден үйрену де, жанына жақын балау да, әсер де ұзақ болмайды. Сезімнен қуатты ой құрау, танымдық, тәрбиелік жол ашылса ғана драматургияның өнер құралы ретінде адамға әсері танылады. Ал драматургияны оқытуда осы толқуды, сезімді, уайымды қалай шақырамыз? Драматургиялық шығарма оқу арқылы қалай оқушыны өмір заңдылықтарын тануға, оны шеше білуге жетелейміз? Сонда драматургияның тұлға тәрбиелеу мүмкіндігін танытатын, сол арқылы оқушының танымдық білімі артатын сабақты қалай ұйымдастырамыз?
Драмалық шығармаларды мектепте, жоғары оқу орындарында оқыту әдістемесінің тарихына сүйене отырып, ежелгі гректерде «үлкендер мектебі» аталған театр өнерінің көп ғасырлық адам тәрбиелеу құралы бола алуы бұл міндетті шешудің жолы болмақ. Драматургиялық шығармалардағы өмірдегі шешілмес қиындықтан шығудың жолын көрерменге нақты көрсететін, өз шешімін шығартуы арқылы көрерменді өзіне тартатын сахна өнері бәрінен биік екенін таныту арқылы нәтижеге жету мүмкін болмақ.
Ұлт мәдениетінің бір көрінісі театр. Кезінде қазақта болмаған театр өнерін құруда оның қоғам дамуындағы, әлеуметтік ортадағы орны туралы қайраткерлер құнды пікірлер айтқан. Алғаш қазақ театрын құруға басшылық жасаған халық комиссары С.Садуақасов: «Кітап оқу үшін хат білу керек. Театрды көзі көретін, құлағы еститін адам ұға алады. Театр - жанды кітап. Кітаптан театрдың өрісі кең. Кітап - жалғыз хат танушылардың қаруы, театр-көпшіліктің қаруы»,-деп театрдың болашағын жасап берген[1.11б].
Н.В Гогольдің: «Театр – ұлы мектеп, оның орны ерекше, ол тұтас қауымға, мыңдаған қауымға әрі жанды, әрі қажетті сабақ», - деуінен театрдың адам тәрбиелеушілік, эстетикалық мәні ашылады[2.210]. Сонымен бірге С.Садуақасов театрды көңіл көтеретін үй емес, мәдениеттің мектебі деп театрдың ұлт мәдениетінің тарихындағы орнын құнды пікірімен білдірген.
ХХ ғасырдағы орыстың көрнекті режиссеры Г.А.Товстогонов «Режиссер мамандығы туралы» кітабында театрдың тәрбие құралы екендігін былай анықтайды: «Театр - школа, в которой не учат в обычном смысле слова… В этой школе нет учеников и учителей. С высокой кафедры - сцены, вопреки школьному этикету, подсказывают зрителям ответы. И чем незаметнее эта подсказка, тем лучше «ученики» - зрители воспринимают урок-спектакль.
Сонымен театр – халықты тәрбиелейтін мектеп, көрермен оқырман осы мектептен алған, көрген тәжірибесін өмірде қайталамауға, қателеспеуге, орындауға тырысады.
Сонымен бірге театр – көрініс, мереке, думан, көңіл көтеру. Театрдың бұл ерекшелігі тек думан, мереке ғана емес адамзатқа тән көз жасы, қайғыру, мұңаю, азап шегу, адам тағдырының философиялық түйінді мәселелерін шешу қоса жүреді. Сонысымен театр халықты өзіне тартады. Бұл шындық театрдың табиғи өзіне тән ерекшелігі, театрдың, драматургияның осындай құндылығымен тұлға тәрбиелеу ол оқыту әдістемесінің міндеті. Тұлға бойында драматургиялық шығарманы түсініп, толғана оқитын оқырмандық қабілет, театрдан шыққанда көрген спектаклін өмір тәжірибесіне жарата алатындай күймен шығатын көрермен түйсігін қалыптастыру қазіргі қазақ драматургиясының мазмұндық тереңінде. Көрермен-оқырман осы тереңдікке драматургиядан өтілген әр сабақтағы оқытушы мен студенттің бірлескен еңбегінің нәтижесі арқылы жетпек.
Драма кейіпкерлерінің арасындағы түйіні шешілмес тартыс адамдардың қарапайым өмірінің сәулесі сияқты, оқырман осы тартыстың шешуін іздеу арқылы көркем шығармаға бойлап ене бастайды. Драма кейіпкерімен бетпе-бет келіп өнердің тылсым күші арқылы онымен тілдесіп қуанады, жек көреді, қиналыс азабын тартады. Драманың осындай тартылыс күшін басқа өнер түрі бере алмайды. Драматургиялық туындымен осылай кездесу оқырманды өмірінің мәнді нәрсесін тапқандай, тірліктегі ең жақын сырлас досымен кездескендей, соған жүрек түкпіріндегі барын жайып салғандай әсер қалдырады. Қазіргі қазақ драмасымен таныстық аудиторияда басталып, студенттің ішкі сұранысына жауап беретіндей тілегі, аңсауы болғанда ғана ол өз бетінше ізденіп, іздеп жүріп оқуға жетеді. Қазақ әдебиетін текке, түрге бөлудің негізінде өмір шындығын бейнелеу тәсілдерінің ерекшеліктері жататын болса, ол шығармаларды оқу мен тыңдау кезінде оқырманға берер әсері де түрлі болады. Мысалы, мынадай жағдаятты алайық, аудиторияда М.Мақатаев лирикасы оқылып жатты, оқытушы бар ықыласымен түсіндіруде, студенттер ақын лирикасының ерекше шабытпен оқылуын тыңдап отыр, сол сәтте соңғы қатарда отырған студент телефонымен сөйлесе бастады. Аудиторияны жаулаған керемет сезім үзілді де қалды. Аздаған үзәһілістен кейінгі жалғастырылған оқу сол сезімді, сол күйді қайта жалғай алмады. Яғни лириканың сезім күші бәріне бірдей жете қойған жоқ деген сөз. Ақын поэзиясының жан, жүрек, ой-сезімді баурап алып, ерекше тәтті күйге бөлеген әсері студенттерді сол күйге қайта түсіре алмайды. Осындай жағдаяттар театр көрермендері арасында спектакль көруде кездеспейді. Бұл оқырман мен көрерменнің эстетикалық тәрбиесінің төмендігі не жоғарылығында емес, яғни драманың аудиторияны баурап алып еркінен адастыруында. Драмалық туындыны сахнадан көруде бар сезім, ынта-ықылас бір нүкте сахнаға, кейіпкер бейнесінің өзгерісіне ғана қадалады. Айналадағы тыныс-тіршіліктің бәрі сахна құдіретіне еріксіз бағынады. Бұл драматургияның ерекше өнер түрі болуында. Әдебиеттің екі өнер түрі драма мен лириканың тыңдаушыларын бір сәтте бірдей сезімге бөлеп, бар ынта-ықыласын аударатын өнер заңының орындалмауында, сол күйге жеткізе алмаған оқытушының сабақты өнер заңдылығына құра алмауында. Бұл заңдылықтар драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінде де есепке алынуы тиіс. Ежелгі дәуір театр мәдениеті қоюшылардан спектакльді жасауда драматургия заңдылығын қатал сақтауды талап еткен. Ол заңдылық сендіру, иландыру арқылы барлық көрерменнің ынта-ықыласын бір арнаға аудару, спектакльді бір деммен көруге құру. Театр көрерменінің жеке басын баураған сезім, әсердің барлық көрерменге ортақ болуы, барлық шиыршық атқан сезімді бір арнаға құю, кейіпкер тағдырынан барлық көрермен бір сәтте өзінің тағдырын елестете алуы көрерменді өзімен-өзі болуға, бей-жай отыруға мүмкіндік бермейді. Театр қойылымының жоғары деңгейі ғана барлық көрерменінің көңіл-күй, сезімін бір арнаға тоғыстыра алады, әр көрерменді әсерлену дәрежесінің шамасына қарай кейіпкерінің өмірлік таным болмысынан, іс-әрекетінен өзін көре алуға, оның орнына өзін қоя алуға жетелейді. Осындай күйге жеткізетін драматургиялық шығармалардағы тартыс көрерменнің кейіпкерімен үндестік табуына, іштей сырласып, бірігіп кетуіне оның әсерленуі мен ой қиялының дамуына, шыңдалуына әкеледі. Театр сахнасында қойылатын драма мазмұны қай кезең оқиғасын баяндаса да, кейіпкері қай қоғамнан шықса да оның көрермені жаңа заман адамы. Көрермен драма мазмұнындағы өзін толғантқан мәселенің шешуін қазіргі кезеңмен салыстырып, өз уақытының идеялық, адамгершілік мәселелері төңірегінде жаңаша ойлана бастайды. Болашақ маманды осындай толғанысқа салып, адам, қоғам, және өз өмірі жайында, жақсы жаманның арақатынасы жайында түсінік қалыптасуына театр көрермені болуы, театрдан үйренуі жеткізеді. Драматургияның озық үлгілері мәңгілік, өйткені ол өз көрерменімен адамзатқа ортақ проблеманы көтереді және көрермені қай кезеңде өмір сүрсе де өміріне азық болар жауап табады. Мысалы, қазақ драмасының тарихындағы М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» алғашқы қойылымы 1917 жылдан бері махаббаттың мәңгілік символындай талай уақыт жастарын толғантып келеді. Қазақ халқының бір ғасырлық тарихындағы қаншама ұрпағы қай кезеңде болмасын осы трагедиядан махаббат сабағын алды.
Драматургиялық шығармаларды оқу мен театрдан көруде оқырманды дүр сілкіндіретін, толғандыратын, сонысымен өнердің құдіретіне бас идіретін жағдай қоюшы режиссердің, сабақтағы оқытушының шеберлігі. Оқытушы оқырманы мен көрерменін жақсылық пен жамандық, мәңгілік тіршілік күресі, қатыгездік, қайырымдылық, өмір, өлім жайлы ойландыратын, толғандыратын ой тастай алса, соның жауабын өздері табуға жетелесе, драманы танудың жүзеге асқаны. Оқытушы болашақ әдебиетші маманды драма өзегінен өзіне қажеттіні алуға себепші болса ғана оқырман мен көрермен үшін драманы оқу, спектакльді көру шын мәнінде ізденіске жол ашады. 
Драманы театрдан көру көрерменге барлық мазмұнды көз алдынан өткізіп, қазір болып жатқандай, өзі қатысып отырғандай әсер берсе мәтінді оқуға құлшыныс туады. Драманы авторлық түпнұсқадан оқу көркем ойды, қабылдауды, түйсікпен сезінуді талап етеді. Драманың толық мазмұны, көркем суреті оқу кезінде анық танылады. Театрға баруға жетелейтін ой драманы оқуға әкеледі. Театрдан алған әсер түпнұсқада драма мазмұнын автордың қалай бергенін білу үшін көркем оқылымға жетелейді.
Студенттермен театр, драма жайлы сөз қозғау қазіргі күнгі өзекті әңгіме. Қазіргі уақыттағы театр, кино, теледидар, радио, ақпараттық уақыт кеңістігі жастардың аймағы. Жастардың театр әлеміне, драмаға көзқарасы өзгерген уақыт. Теледидардан көрген драмалық шығарманың мазмұнына көрермен қалтқысыз сенеді және тура сол қалпында есте сақтайды, оның түпнұсқада авторлық идеясының тереңірек екеніне, шынайы мазмұн мәтінде екеніне бойлай бермейді. Сондықтан да көрермен мен оқырман байланысын кеңейту, оқу мен көру бір нәрсенің екі қыры сияқты қажеттілік екенін ұғыну драманы тануға жол ашады. Сондықтан жоғары оқу орындарында драматургияны оқыту сабағы осы өзекті әрі маңызды көрермен мен оқырман мәселесіне құрылу керек. Қазіргі қазақ драмасын оқыту кәсіби маманның әдебиеттің қиын жанрын түсіне білуін, классикалық дүниелердің қойылымының қазіргі жаңаша интерпретациясын қабылдауын қалыптастыруға әкеледі. Студенттің драматургтың қатысуынсыз драманың қойылымын көру арқылы режиссердың ұсынған идеясын түсініп, сол түсінудің нәтижесінде драманың басты өзегін тани білу, ең бастысы таныс сюжеттің жаңа түрге ауысуын көруден ляззат алуына жеткізу де аудиторияда драманы оқудан басталады. Драматургиялық шығармаларды оқыту арқылы болашақ әдебиетші мұғалімнің әдеби білім мазмұнын байыту мүмкіндігі шешілмек. Ал нағыз театр көрерменін қалыптастыру телеқойылым, театр спектакльдерінің талғампаз көрермені ретінде болашақ кәсібінде театр әлеміне көшбасшы болуға, автор ұсынған түпнұсқа мен қойылымдардың мәнін ажырата білуге жеткізеді.
Драматургия табиғатының өмір шындығын бейнелеу тәсілінің өзгешелігі, өзіне ғана тән қатал құрылымы оны оқуға деген қызығушылық пен қиындықты қатар туғызатыны рас. Драманың қиындығы, оның синтездік өнер болуында екенін әдебиеттанушы ғалым С.Мақпырұлы: «шынында да, драмалық туындыда авторға қатыссыз сыртқы дүние де (бұл эпостың сипаты), сондай-ақ кейіпкердің ішкі әлемі де (бұл лирикаға тән сипат) бейнеленеді. Алайда бұл аталған жақындықтар драманың әдебиеттің дербес бір тегі ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін жоққа шығармайды, қайта драманың күрделі жанр екендігін таныта түседі», -деп түсіндіреді [4,37б]. Драмада авторлық баяндаудың, кейіпкер мінезін танытудың, көркем дүниені суреттеу тәсілінің жоқтығы, драма тілінің диалог пен монологқа құрылуы мәтінді оқудағы оқырман қиындығы. Оқырманның драмадағы іс-әрекеттің өрістеуін талдай алуы, жағдаяттар, кейіпкер әрекеті, тілі арқылы ғана сюжетті көз алдына елестетіп оқуын қалыптастыруға болады. Яғни драманы оқудың оқытушы ұстанатын басты бағыты елестете отырып оқу, яғни драма кейіпкерін ойша көз алдына келтіру, онымен тілдесу. Драманы оқу алдында оқырманның кейіпкер бет-бейнесінің мазмұнға қарай құбылуы, дауыс ырғағы, қимыл-әрекеті, сөйлеген сөзінің кейіпкер бейнесін жасауда басты шарт екенін білуі оқу дағдысын қалыптастыру психологиясының мәселесі. Осы шарттылықтарды тәжірибеде өзін қоршаған орта арқылы, айнала қоршаған кеңістікте адамдардың іс-әрекетін бақылау арқылы қалыптастыру, бұл драманы оқуға дайындық тренингі десе де болады. Сонымен бірге театр көрермені ретіндегі тәжірибесі де драманы оқу мен тануға арналған сабақтың тиімділігін арттыра түседі. Әдіскер-ғалым Н.И.Кудряшевтің «Элементарные сведения по истории театра и посещение спектаклей с последующим их разбором значительно расширят восприятие учашимися драматических произведений как на сцене, так и в чтении»,- деп тұжырымдауы ойымызды қорыта түседі[5,63].
Семинар сабақтарында студенттердің оқыту мәселесін зерттеген әдіскер-ғалымдардың ғылыми еңбектерін пайдаланып, драматургиялық шығармалардың бұрын және қазіргі уақытта қай бағытта, қалай оқытылуын білу де драма тануда атқарылатын тиімді жолдардың бірі.
Драматургиялық шығарманы оқуға таныстық мектептен басталғанымен, жоо-да әдебиеттің ерекше түріне деген қызығушылық таныту, театрға баруды жиі ұйымдастыру арқылы оқырман ғана емес көрерменді де қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектеп бағдарламасына қарағанда кәсіби білім алуда драмалық шығармаларды оқыту аясы кеңірек және театрмен байланыс, өнерге көзқарас, оны түсіну мәні жоғары. Болашақ маман драматургияның өзіндік ерекшелігін танудың бір қыры театр екендігін жете түсіне бастайды. Пьеса тек сахнада ғана өмір сүретінін, сахналық қойылым арқылы драмалық шығарманың толық аяқталған үлгісін көруге болатыны жайында толық білім қалыптасады. В.Г.Белинскийдің: «Драмалық поэзияның сахналық өнерсіз сәні келмейді, белгілі бір тұлғаны тану үшін оның қалай сөйлегенін, қалай толғанатынын, қалай әрекет ететінін білу аз, жетімсіз, оның қалай сөйлеп, қалай толғанатынын, қалай әрекет ететінін көру және есту керек»,- деп талап қоюы драманың сахналық өмірінің шынайы екенін көрсетеді[6]. 
Осы жөнінде К.С.Станиславскийдің тек театрда ғана драманың мазмұны кең ашылмақ, сол үшін халықтың театрға құмарлығы артады, ондай болмаған жағдайда драманы үйде отырып–ақ оқи беруіне болар еді деген ойынан драманы оқытудағы театрмен байланыстың жоғары екенін байқаймыз[7].
Көркем әдебиетті оқуда қалыптасқан оқырман мәдениетінің драматургиялық шығармаларды оқудан да эстетикалық ләззат алу сезімін ешқандай театр мен спектакль көру айырбастай алмайтыны шындық. Сонда драманы оқудың ерекшелігі қандай?
Драманы оқу тұлғаның психологиялық қиял, елес, түйсік сияқты ерекше қабілеттерінің жан-жақты дамуы негізінде шығармашылықпен игеріледі. Драманы оқу қимыл-әрекет, оқиға театрдағыдай көз алдында өтіп жатқандай елестете оқуды талап етеді. Әдіскер ғалым Т.Қ.Жұмажанова: «Әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту оқушылардың оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін, образды ойлау, қайта елестете алу қасиеттерін дамытуға ықпал етеді»,-деп қайта елестете алудың шығармашылық қабілет екенін айтады[8,32]. Оқырман автордың көмегінсіз драмадағы монолог, диалог, реплика, ремаркаларға сүйене отырып, қимыл-әрекеттің өту орнын, оқиғаның кезеңін, хал-ахуалын ондағы кейіпкер бейнелерінін сыртқы бет-бейнесін, сөйлеу, жүріс-тұрыс мәнерін көз алдына елесте отырып оқуы драма мазмұнын терең түсінуге әкеледі. Психология ғылымында елестету, елес түсінігіне ерекше мән беріледі. Онда «Елестету болмысты жаңа ұштасулар мен байланыстарда бейнелеу», деуі драмалық шығармаларды оқу кезінде оқу арқылы табатын жаңа білім, таным, тәрбие шындығы[9,80]. Ғылымда елестету екі бағытта белсенді және енжар болатыны анықталған. Қазіргі қазақ драматургиясын оқытуда елестетудің белсенді әрекеті шығармашылық және жаңғыртушылық сипатта көрінеді. Болашақ rәсіби маман қазіргі драматургияның тақырыбына, идеялық мазмұнына, театр әртістерінің сахна шеберлігіне жетілуін театрдың өткен тарихымен салыстыра отырып ой санада қалыптасқан бұрынғы білімді шығармашылықпен жаңғыртады. Бұл қазіргі драматургия бойынша жаңа болжамдар, жаңа түсініктердің қалыптасуына әкеледі. Адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің жедел өрбуін, сахнадағы әрекеттердің ауысып отыруын, адамдар арасындағы қызу қарым-қатынастың кейіпкер сөзі арқылы айтылуын ойша елестетумен оқу драманың ерекше табиғатын танытуға жеткізеді. Драма мазмұнын елестете отырып оқу кейіпкерді сахнада және сахнадан тыс та ойша бейнесін салуға көмектеседі.
Драматургиялық шығармаларды оқуда оқырманның елестете оқу дағдысын қалыптастыру жұмыстары көбірек орындалуы керек. Ондай жұмыс қатарына оқытушының өзінің елестету арқылы танып білгенін образды әңгімелеуі арқылы тыңдаушының елестету қабілетін дамытуға ықпалы немесе оқырманға қарата қойылған сұрақтар маңызды болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет