Дәріс №2. Басқарудағы жүйелілік көзқарас, басқару функциялары мен құрылымы



бет1/3
Дата26.12.2023
өлшемі38,67 Kb.
#144010
  1   2   3

Дәріс №2. Басқарудағы жүйелілік көзқарас, басқару функциялары мен құрылымы
1.Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі
2.Мемлекеттік басқару теориясының әдістемелік негізі


1. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі
Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу - мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субъектісі - мемлекет, ал объектісі - қоғам. Бірақ бұлай қорытынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет (өйткені мемлекет үғымына әр түрлі анықтама беруге болады): субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті қарастырамыз ба? деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.
Жалпы, «кім басқаруға тиіс» деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды тандаулы тұлғалар — көсемдер мен лидерлер басқару керек деп есептейді.
Мемлекеттік басқару теориясында субъект түсінігі біржақты емес. Сондықтан саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі, лауазымды қызмет субъектісі түсініктерін ажыратып алу керек. Оларды ажырату шарттары мынадай: мемлекеттік билікке қатысына қарай және басқару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай.
Саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары) арқылы өзінің билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға катысатын субъектіні айтамыз. Оған халық, оны құрайтын әлеуметтік топтар (халықтың көрнекті өкілдері, еңбек үжымдары, қоғамдық-саяси ұйымдар және тағы басқа қоғамдық бірлестіктер) жатады. Олар тікелей немесе өз өкілдері арқылы маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады. Билік құрылымдарының өкілдерін сайлау және референдум - осындай шешім қабылдаудың негізгі процедуралары болып табылады.
Мемлекеттік басқару субъектісі - билікті жүзеге асыруға және қоғамдық процестер мен мемлекеттің жеке қызметін тікелей басқаруға конституциялық өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдары. Билік күші мен заңда бейнеленген қоғамның еркіне сүйене отырып, олар әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік шешімдерді әзірлейді және қабылдайды, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Қоғамдық-саяси ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттік басқару субъектісі құрамында бола отырып, мемлекеттік институттар жүзеге асыратын болжамдар мен шешімдер жобасын, саяси бағдарламаларды әзірлеуге қатысады. Көптеген негіздемелер бойынша бөлінетін саяси басшылық пен әкімшілік басқару институттары мемлекеттік басқару субъектілері болып табылады.
Мемлекеттік басқару субъектілері: 1)мемлекеттік билік түрі бойынша, 2) билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне карай, 3)қызмет саласына қарай, 4) басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, 5) құрамына қарай бөлінеді.
Мемлекеттік билік түрі бойынша - бұл заң шығарушы, атқарушы және сот билігі субъектілері. Олардың әрқайсысы басқару жүйесінде белгілі бір функцияларды орындайды. Өкілетті органдардың зандарды әзірлеуі мен қабылдауы мемлекеттік басқару жүйесіндегі негізгі функциялардың бірі. Заң мемлекеттік билік құралы және қоғамдық қызмет пен қоғам мүшелерінің арасындағы, олардың мемлекетпен өзара қарым-қатынастарын формальды реттеуші. Зандардың әрекетгілігі оның орындалуында. Атқарушы билік субъектісі билік жүргізу функциясын басқарушылық іс-әрекетпен үйлестіреді. Мысалы :Үкімет зандарды орындауға, сонымен қатар накты, қоғамдық маңызды қызмет түрлерін жоспарлауға, шешімдерді жүзеге асыруға, олардың орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға міндетті. Оның құрамына билік құрылымдарымен қатар шаруашылық қызметті, халыққа білім беруді, ғылымды, денсаулық сақтауды, мәдениетті және тағы басқа салаларға әкімшілік басқару мен саяси жетекшілік ететін органдар кіреді.
Сот билігі субъектісі басқару процесінің ажырамас элементі болып табылатын сотта іс жүргізу арқылы әділ сот функциясын жүзеге асырады.
Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: орталық, аймақтық және жергілікті басқару органдары болып бөлінеді. Олардың өзара қарым-қатынастары қызмет саласы мен өкілеттігінің, яғни билік жүргізу мен басқару әрекеттерін жүзеге асыруға қатысты құқықтары мен қызметтеріне байланысты анықталады.
Қызмет саласына қарай — экономиканы, әлеуметтік саланы, мәдени өмірді, әскери қызметті, халықаралық істерді басқаруды жүзеге асыратын аталған үш деңгей субъектілері.
Басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай: саяси басшылық, әкімшілік-мемлекеттік, экономикалық және тағы басқа болып бөлінеді.
Құрамына қарай: ұжымдық (мысалы,заң шығарушы билік органы) және жеке (басқарушы түлғалар) субъектілер болып бөлінеді.
Мемлекеттік басқару субъектілерінің қызметі бірнеше белгілермен сипатталады: а) заңмен реттеледі,ресми рұқсат етілген әдістермен жүзеге асады; ә) атқаратын қызметтерінің сипатына сай болып табылатын белгілі қызмет түріне құқығы бар; б)субъектілер мемлекет алдында жауапты, қандай да бір күштердің әсерінен тәуелсіз.

Формальды ережелерден тыс ірі қаржы-өнеркәсіптік капиталдың, әскери-өнеркәсіп кешенінің, саяси элитаның мүдделерін білдіретін лоббистік топтар (заң шығарушы институттардың жанында) жұмыс істейді. Мысалы, АКШ-да конституциялық билік пен басқару органдарынан басқа үш негізгі конституциялық емес: саяси, экономикалық және әскери билік институттары бар. Осы институттардың жетекшілері мемлекеттік билік жүйесінде әміршілдік-стратегиялық қызмет атқарады. Сонымен бірге теледидар мен радионың, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін атап өткен жөн.


Лауазымды қызмет субъектісі- мемлекеттік қызметтің лауазым¬ды тұлғалары, саяси жетекшілер, әкімшілік басқару лауазымды тұлғалары. Олар мемлекеттік шешімдерді әзірлеуге, қабылдауға және орындауға жауапты. Мемлекеттік билік органдары мен лауазымды тұлғаларын субъект ретінде бөлу ел Конституциясында көрсетілген. Лауазымды тұлғалар бір жағынан мемлекеттік басқарудың біріңғай субъектілеріне кіреді, ал екінші жағынан оның функциясы айрықша болғандықтан жеке, бөлек субъект ретінде бөлінеді. Онда билік жүргізу мен басқару өкілеттігі ұштастырылған - мемлекеттік орган өкілеттігі мен жеке кәсіпқойлық аспектісі және ұжымдық орган қызметінің нәтижесіне жеке басының жауапкершілігі.
Саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі және лауа¬зымды қызмет субъектілерінің сипатталған айырмашылықтары салыстырмалы. Мемлекеттік билік пен басқару жүйесінде олардың рөлдері жекелеген аспектілерде ұштасып жатады және сәйкес келеді деп айтуға болады. Мемлекеттік басқару органдары өздерінің функцияларын халық жиындарының, әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамдастықтың атынан іс-әрекет жасайтын саясат субъектілерінің мүдделерін баламалы түрде білдірген жағдайда табысты атқара алады. Мемлекеттік аппарат қызметтерін халық жиындары қалай қабылдап жатқанын үнемі бақылап отырғанда, басқарылатындардың талап-тілектері мен үміттері басқарушылардың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келген жағдайда ғана тиімді жұмыс істей алады. Олар саясат субъектілерінің қолдауына сүйенсе, олардың тәжірибелері мен ой-пікірлерін қабылдап және қолданса, қалың көпшіліктің ұтымды ұсыныстарын басқару шешімдерін дайындағанда ескерсе жоспарланған нәтижелерге қол жеткізеді. Өз кезегінде кез қелген лауазымды тұлғаның бір-жағынан, мемлекеттік орган анықтап берген өкілеттік шеңберінде ғана әрекет етуі, екінші жағынан мемлекет пен қоғам мүдделеріне қызмет етуі өзінің функциясын жүзеге асыруының кепілі болып табылады. Осы талаптарды ұштастыра отырып іс жүзінде орындау әркімнің қолынан келе бермейтін жағдай.
Мемлекеттік басқару субъектілері ұжымдық немесе жеке болсын өзінің анықтамасына сәйкес келетін қасиеттерді бойына жинақтаған кезде ғана ол басқару субъектісі болып табылады. Бұл қасиеттерді келесі топтарға жіктеуге болады :дамыған саяси және құқықтық сана мен дара сана; мемлекеттік басқару және қазіргі заманғы менеджменттің теориясы мен практикасын білу; ұйымдастырушылық қабілет; әлеуметтік өмірге белсене араласу мен басқару ісін жүзеге асыра алатын тәжірибенің болуы. Осы аталғандардың бәрі кәсіптік қасиеттер болып табылады. Мемлекеттік басқару субъектісі үшін басқару процесінің бағыты мен мазмұнын, сондай-ақ оның қоғам үшін саяси және басқа салдарларын анықтайтын ұлттық-мемлекеттік мүдделер мен мақсаттарды түсіне білу үлкен мәнге ие. Субъектілердің басқару ісіндегі қызметтері ұтымды болуы үшін ол құқықтық жағынан қамтамасыз етілуі, заңмен белгіленген нормаларға сәйкес болуы керек. Бұл шенеуніктердің өздеріне талап қоя білуін — заңға жаңа көзқарас қалыптастыруын білдіреді. Мемлекеттік басқарудың ғылыми негізделуі мемлекеттік қызметкерлердің оның теориясы мен практикасын білуі мен өз білімдерін қызмет барысында колдана алуына байланысты. Эмпирикалық тәжірибе мен қисынды ой басқарудың тек дәстүрлі түріне ғана негіз болса да, ұтымды басқаруға негіз бола алмайды. Мемлекеттік басқарудың тиімді субъектісі деп басқарушыларға тек биліктің күшімен емес, өзінің беделімен, белсенділігімен, мемлекеттік орган шешетін мақсаттар мен міндеттердің маңыздылығы және тартымдылығымен әсер ететін үжымдық және жеке жетекшіні айтамыз. Егер басқарушылық іс-әрекеттің мақсаттары мен бағдарламалары басқарылатындарға түсініксіз болса, олардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерінен туындамаса, онда оны ұтымды басқару деп айту қиын. Жоғарыда аталған мемлекеттік басқару субъектілеріне тән қасиеттердің қалыптасуы және іскерлік белсенділігі ынталандыруларға байл¬анысты. Осыған орай М.Вебер мемлекеттік аппаратты іс-әрекет етуге ынталандыратын материалдық мүдде мен әлеуметтік құрмет деп айтқан. Алайда, басқарушылардың қызмет аткаруына түрткі болатын негізгі себептер мұнымен шектелмейді. Оған жеке муддемен қоғамдық мүдделердің қабысуы, халықтың белсенділік танытуының көптеген саяси-әлеуметтік себептері кіреді.
Мемлекеттік басқару объектісі де терең талдауды қажет ететін проблема.Объектінің шегін анықтау- пікірталас тудыратын мәселе болып табылады. Басқаша айтқанда, мемлекеттің басқарушылық ықпалы бүкіл қоғамға тарай ма, оның белгілі бір шегі бар ма? деген сұрақ туындайды. Классикалық либерализм ұстанымы бойынша мемлекеттік басқару объектісінің шеңбері шектеулі. Ол мемлекеттік саяси сфераны әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани сферадан, азаматтардың мемлекеттік емес бірлестіктерінен бөліп қарайды. Либералдар демократияның дамуына қарай қоғамның мемлекеттік емес сферасы кеңейеді және мемлекеттің адамдардың іс-әрекеттеріне тікелей әсер ету кеңістігі азаяды деп санайды.
Сонымен классикалық либерализм көзқарасы бойынша мемлекеттік басқару объектісі қоғамдық өмірдің саяси-құқықтық сферасымен шектеледі.
Мемлекеттің басқару объектісін түсінудің басқа жолы- этатизм тұжырымдамасы. Осы тұжырымдама бойынша мемлекеттік баска¬ру барлық коғамға таралады деп қарастырылады. Ол тоталитарлық жүйеде жүзеге асты. Этатизм мәні - қоғамды мүлтіксіз бақылау, саяси және әкімшілік қызметтің қоғам өмірінің барлық сфераларынан басымдығы, мемлекет пен қоғам арақатынасы мәселелерінің жасанды түрде алынып тасталынуы мемлекет пен қоғам арасында ешқандай проблема жоқ дегенді білдіреді.

Кейбір теоретиктердің пайымдауынша әміршілдік-әкімшілік жүйеде мемлекет халықтан талап етті, бақылады, концлагерлер мен абақтыларға отырғызды, тыйым салды және тағы басқа да қалың көпшілікке қарсы бағытталған іс-әрекеттер жасады.Тоталитарлық жүйеде мемлекет әрқашанда қоғамнан басым болды, ал қоғам өз кезегінде мемлекетке мүлтіксіз бағынды. Осының нәтижесінде халық мемлекетті адамдардан оқшау тұратын және тәуелсіз болатын билік жүргізу машинасы деп түсінді.


Қазіргі заманғы саяси ой мен тәжірибенің дамуы әлеуметтік субъектілердің экономикалық және мәдени функцияларына мемлекеттің реттеушілік және басқарушылық әсерін ұлғайту туралы ойларын білдіреді. Бұл өз кезегінде нарық зандары толық және тиімді қолданылатындай мемлекет араласуының оңтайлы шегін анықтауды білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет