Дәріс №2 Токсикологияның қысқаша даму тарихы. Токсикология және токсикодинамика. Дәрістің оқыту нәтижелері



бет1/2
Дата20.08.2022
өлшемі77,21 Kb.
#38197
  1   2
Байланысты:
2 лек


Дәріс №2
Токсикологияның қысқаша даму тарихы. Токсикология және токсикодинамика.


Дәрістің оқыту нәтижелері: 1. Токсикология ғылымының даму тарихы жайлы мағлұматтарды біледі.
2. Улардың әсер ету механизмін түсініп, оларды зертханалық жағдайда анықтау үшін нұсқаулықтарды анықтап, ажыратады.
3. Токсикодинамика тарауының медицинадағы маңызын жіктеп, қолданады.


Жоспары:

  1. Таксикологиян ғылымының пайда болуы..

  2. Тәжірибелік токсикология.

  3. Токсикодинамика. Удың əсер ету механизмі

Дәріс мазмұны: Улы заттар және олардың тipi жан-жануарларға әcepi туралы адамдар өте ерте замандардан-ақ білетін еді. Улы заттар ол заманда әдетте аңға шыққанда жабайы жануарларды өлтіру үшін немесе соғыс жағдайларында адамдарды қырып - жою мақсаттарында қолданылатын. Бірақ ол кездегі белгілі улардың саны өте аз жэне олардың барлығы да табиғи улар қатарына жататын (жылан уы, у корғасын және т. б.). Токсикодинамика –удың мал ағзасына əсер етуі токсикологияның негізгі бөлімі болып табылады. Ғылымның бұл саласы нақ қай мезгілден бастау алатыны әлі белгісіз, сонда да болса, бұл ғылым мен адамзат тарихы бірге жасасып келе жатқаны даусыз. Дәрілер жасау (фармация) ғылымының алғашқы негіздері ежелгі Үндістан мен Мысырда табылған болса, токсикологияда сол жерлерде бастау-қайнар бұлақ алған деп тұжырымдауға болады.
Ілгеріректе токсикология медицина ғылымының бip бөлігін құрайтын. Көне дәуірлер мен осы заманға дейін фармакология мен токсикологияның даму тарихы бір екені даусыз. Олай дейтін себебі, бұл екі ғылымның зерттеу нысандары, биологиялық зерттеу тәсілдері бір арнаға тоғысып жатыр. Сонымен қатар, кез-келген дәрі көп мөлшерде у екендігі ал керісінше, қалыпты мөлшерде емдік әсер беретіндігі дау тудырмайтын шындық.
Біздің дәуірімізге дейінгі ғасырлардағы Эбере Папирустын қолжазбаларында Египет емшілері қолданған көптеген дәрі дәрмектердің жасалыну тәсілдері мен қолданылуы баяндалған. Бұл қолжазба ең алғашқы фармакопея еп есептелінеді. Ол дәуірлердегі фапмация мен токсикологияның тығыз байланысты болғандығы табиғи құбылыс. Себебі, ол кездерде қолданылып жүрген дәрі-дәрмектердің барлығы түгелдей табиғи заттар еді.
Мыңдаған жылдар көлемінде улы заттарды жасау мен оларды қолданудың бұлтартпас айғақтары да жеткілікті. Мысалы, Ганнибал (б.д.д II гасыр), Демосфен (б. д„.д. IV г.), Сократ және тағы басқада улы адамдардың уландырылып өлтірілгендігі мәлім. Гректердің көне мифологиясы мен эпостарында да (Гомердің Одиссейі т. б.) улағыш заттардың кең қолданғандығын айғақтайтын деректер бар.
Токсикология туралы ең алғашкы жазған біздің дәуіріміздің I-ғасырында өмір сүрген Педаний Диоскорид болды. Ол өзінің «Алексифармака» атты еңбегінде сол кезеңдегі белгілі дәрілік және улы заттар туралы мағлұмат берген. Сол кездерде белгілі болған , жануарлардан алынатын, өсімдік тектес және минералдық дәрі-дәрмектерге өзінің De materia medica (Дәрілер турасында) Сол кездерде деген еңбектер жинағында толық жүйелі анықтама берген. Шығыс елдерінде Диоскорид есімі қазірде зор құрметпен аталынады. Диоскоридтің замандасы, «Табиғи тарих» жинағын кұрастырушы, Рим жазушысы Кай Плинийдің (б.д.д. 23-79 ж.ж.) 37 томдық еңбегінің 12 томы медицина мен мал дәрігерлігін қамтиды.
Тәжірибелік токсикологияның дамуына ұлы француз физиолок және биохимик Клод Бернар /1813-1878жж/ өте зор үлес қосқан. Ол кураре тәріздес улардын мал ағзасына әcepiн толық зерттеген, әpi оның жүйке бұлшық ет косылысына таңдамалы әсер бepeтіндігін анықтаған. Клод Бернардың шәкірттері орыс физиологтары И. М. Сеченев /1829-1905/ жэне И. Р Тарханов /1846-1908/болды, ал оның еңбектерін дамытушылар және тәжірибелік зерттеулеріне ден қоюшылар улы орыс физиологы И.П.Павлов /1849-1936/, фармаколог Н.Т. Кравков /1865-1924/ және токсиколог Е.В. Пеликан /1824-1884/ болған.
Улармен у басқыш заттарға ғалымдардың және өкімет басындағы адамдардың қызыққандығы соншалық, орта ғасырлар даулардың эсер етущ ел!м жазасына буйырылган адамдарга да колданып, тәжірбиелер жасалынды.
Токсикодинамика- бұл токсикологияның бір бөлімі болып саналады,ол сонымен қатар удың əсер ету механизі мен даму заңдылықтарын, сонымен қатар удың əр түрлі формаларының пайда болуын қарастырады. Токсикодинамика (токсико…жəне греч...dynamis - күш)-дегеніміз удың əсерінен болатын улану динамикасы, яғни улану процесі оның дамуы болып табылады. Сонымен қатар бұл терминді азық-түлік токсикологиясында да пайдалануға болады. Улану процесі физика-химиялық эффектілер арқылы жүзеге асады, яғни токсиканттың ағзаның, жасушаның белгілі бір бөлігінде еруімен түсіндіріледі. Соның əсерінен физика-химиялық қасиеттері өзгереді. Ксенобиотиктердің полярлы емес молекулаларының қатары қаныққан көмірсутектерде,
спирттерде, эфирлерде, галоген туынды көмірсутектерде, төменгі молекулалы циклді көмірсутектерде липидті биқабаттарында қозған биологиялық мембраналарда жинақталады. Сол кезде белгілі көлемі, тұтқырлығы, мембранадан иондардың өтуі мен олардың физиологиялық қасиеттері модифицирленеді. Қышқылдар мен негіздердің рН ортасының өзгеруі жасуша мен тіннің сулы фазасында еруі. Бұндай қарқынды əсер ету жағдайда
макрамолекулардың денатурациясына жəне бұзылуына əкеп соғады.
Удың əсер ету механизмі. Удың əсер ету механизі ағзаның токсикант молекулалық теңдеуімен əрекеттесіп улы процесстің дамуына əсер етеді. Бұл механизм физикохимиялық жəне химиялық реакциялар негізінде токсиканттың биологиялық
субстратпен əрекеттесуі болып табылады.Улану процесі физико-химиялық
эффект бойынша белгілі бір ағзада, жасушада токсиканттың еруі, соған
байланысты физико-химиялық қасиеттері өзгереді. Токсикодинамика –удың мал ағзасына əсер етуі токсикологияның негізгі бөлімі болып табылады.
Ол мал ағзасына улардың уытты əсер ету механизімі мен процестердің əр түрлі формаларының пайда болуын қарастырады. Удың əсер ету эффектісінің қалыптастыруы төрт кезеңмен талқыланады:
1) ағза-нысанаға токсикантты жеткiзу.
2)нысананың молекулаларымен токсиканттың əрекеттесуі.
3) ағзаның немесе функционарлі ағзаның құрылымының келесi бұзылуы.
4) молекулалық, ағзалық жəне тіндік қалпына келтiргiш тотықсыздану процестері.
Нысана рөлiн əдетте макромолекулалар, əсересе жоғарғы беттік немесе кейбір ағзаның ішкі жеке топтары, көбнесе ішкі ағзаның ферменттері улануға түседі. Нуклеин қышқылдары (əсіресе ДНК), ақуыздар жəне ағзалы мембраналар маңызды нысаналар болып табылады. Уландырғыштың рецепторларының терминдері максималды түрде
қолданылады, токсиканттың iшкi белсендiлiгі, рецепторға токсиканттың ұқсастық əрекетін анықтайтын факторлар талқыланады. Улылық эффектісінің сандық бағасын екi тəсiл бойынша талқылайды: түзілген өнiмнің тепетеңдік константасына байланысты токсикант пен рецептормен əрекеттесуіне байланысты жəне жылдамдық пен байланыс механизмі бойынша токсиканттың рецептормен байланысуы. Зиянды заттардың улы əсерлерінің рецепторларға əсер:
1) ксенобиотиканың физикалық-химиялық қасиеттері.
2) биологиялық ортаның физикалық-химиялық қасиеттері.

Токсикологияның ең маңызды негiзі əсер ететiн заттың құрылысына улану процесі тəуелдi болып табылады. Заттың құрылысы молекуланың өлшемдерiн, оның массасын, ерiгiштiгін, ұшқыштығын, қалыпты жағдайлардағы агрегаттық күйін жəне химиялық белсендiлiгiн анықтайды.


1. молекулалық массасы. Молекулалық массаның өсумен токсиканттың ағзаға түсуі жəне
сонымен қатар ағза мен ұлпаға таралуы қиындайды. Газ немесе əдеттегiдей ерiтiндi түрiндегі төменгі молекулалы, инерттi химиялық заттарға тосикант
өкпе арқылы қанға тез тарайды, ЖКТ, кейде теріге де, сонымен қатар биологиялық кедергiлер арқылы ұлпаға да жеңiл өтіп, таралып кетеді.
2. токсиканттың ерiгiштiгі. Төменгі молекулалы қосылыстар үшін кедергiлер арқылы ағзаға əр түрлi ортада өту қабiлеттiлiгi көп жағдайда ерiгiштiкпен анықталады.
Жоғары молекулалы қосылыстар үшiн кедергi арқылы өту қиындалған, бiрақ молекулалардың елеулi өлшемдерiне қарамастан липофильді заттар,
биологиялық кедергiлерден салыстырмалы түрде жеңiл өтедi. Заттардың үлкен молекулалары (жасанды жəне табиғи полимерлер) суда да, липидтерде де нашар ериді, ағзаның ішкі ортасына ене алмайды жəне жалпы уыттылығы да əрекет ете алмайды.
3. Заттың стереометриясы. Молекула сан үлкейген сайын заттың улылығы заттың стереометриялық молекуласына байланысты айқын байқалады. Зат молекуласының
размерінің өсуіне байланысты токсикант-изомер санының өседі,олардың
массасы бірдей жəне құрылысы ұқсас,сонымен қатар конфигурациясы
əртүрлі,ендеше олардың улылығы да əртүрлі. Тетрахлор-пара-дибензодиоксиннің 100 изомерінің ішіндегі өте жоғарғы улылықты тек қана бір
изомері көрсетеді. Ол-2,3,7,8-тетрахлор-пара-дибензодиоксин. Төменгі молекулалы заттарда, яғни дихлорэтаннің кеңестіктегі əр түрлі изомерлерінің орналасуы олардың биологиялық активтілігіне əсер етпейді. Осындай молекулалар əр уақытта биологиялық мембранның бұзылуы əлсіз спецификалық эффект арқылы көрсетіледі, яғни ақуыз молекулаларымен, нуклеин қышқылдарымен жəне т.б. ковалентті байланыс түзеді.
Улылыққа изомерлердің əсер етуінің негізгі заңдылықтары.
-заттар мен рецепторлардың əрекеттесуі спецификалық болса,онда изомерлердің əсер ету айырмашылығы өте айқын көрінеді. Заттың улылығы жоғарлаған сайын, онда олардың биологиялық активтілігі бойынша изомерлерінде айырмашылық байқалады.
- изомерлердің əсер ету айырмашылығы өте айқын көрінеді, егер молекуладағы атомдардың ассиметриясы токсиканттың негізгі орны бойынша улылық эффекттісін анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет