Дәріс №7 Тақырыбы: Тосқауыл қою тәсіліне оқыту әдістемесі



Дата27.02.2023
өлшемі19,47 Kb.
#70389
түріБағдарламасы
Байланысты:
7 дәріс


Дәріс №7
Тақырыбы: Тосқауыл қою тәсіліне оқыту әдістемесі.

Дәріс мақсаты: Тосқауыл қою тәсіліне оқыту әдістемесі.


Дәрiс жоспары:


1. Волейболда қозғалыс әрекеттерге оқыту әдістемесімен,бағдарламасымен, оқулықтармен танысу,әртүрлі таблицалар құру.
2. Тәжірибелік сабақтарда студенттер екі-екіге бөлініп, бір-бірін қозғалыс әрекеттеріне оқытады.

Волейбол командаларының тұжырымдар бойынша бойынша ойыншылардың жарыс кезіндегі кез - келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауына 0,40 секундқа жуық қана уақыт кетеді деген жорамал бар. Осы кезде олар өз рөлін атқарып қана қоймай, команда мүдделерін қорғайтын, өз жеке басының проблемаларында шешетін әртүрлі ой тұжырымдары мен қимыл -қозғалыстада жасап үлгіреді, оның организмдерінің сапалық өзгеріске келу кезеңдеріне, куә де болады.


Волейбол ойыншылары өте жауапты ойындарда 2 ден 3,5 килоға дейін салмақтан айырылады екен, ойыншыларға тән ойынның барлық уақыттарында даярлық нерв жүйелеріне де белгілі дәрежеде салмақ түсіреді. Бұл жоғарыдағы мәселелерге байланысты, волейбол ойыны спортшыны моральдық және ерік күші жағынан даярлауға ерекше талап қоятын спорт ойындары санатына жатқызуға болады. Бұл жоғарыдағы ерекшеліктер мен себептерді дұрыс шеше білу ойыншылардың тактикалық жағынан дайындықтарын жоғары дәрежеде шешуге мүмкіншіліктер беретіні анық дұрыс жол екендігі спорт мамандарына мәлім педагогикалық - психологиялық процесс демекпіз.
Волейбол ойынының тактикасын дүрыс шешуге негіз болатын, ойыншылардағы күш қуаттың артуы үшін дене жаттығуларына жүйелі уақыттың бөлінгені өте орынды фактор. Мамандардың тәжірибесі брйынша әрбір кездесу 3-3,5 сағатқа жалғасады екен, олай болса жауапты кездесулер алаңдағы тынығу, қосымша шынығу, көңіл - күйді көтеру ұйымдастыру техникалық проблемаларды шешудегі негізгі көздердің бірі деп ескереміз.
Волейбол - спорт ойынына тән техникалық сенімнің кейде команданы жеңіске жетелеуінде байқауға әбден болады. Кейде техникалық жағынан бабына жетпеген команда өз қарсыластарының бұрынғы жетістігіне қарамастан қарсыласымен үзеңгі қағысып, кейде тең ойнағанын, тіпті ойламаған жерде жеңіске жететін уақыттарыда болады. Бұған таңдануға болмайды.
Күшті үнемі оңай жеңіске дағдыланғаннан шамадан тыс жеңістен басы айналып, ойын өрнегін бекемдемей, ширата түсуге аса мән бермей, ойыншыларты техникалық, психологиялық жақтан дайындауды назардан тыс қалдырып, жеңілістің ащы тұзын татуға мәжбүр де болады, командада психологиялық ахуал нашарлап, ойышылардың жігерлі ширақ ойынға деген белсенділігі кеми түседі. Сөйтіп, тактикалық ойын өрнегін көрсетудің орнына, команда қалыптасқан әдіс айлаларын орындауда қабілетсіздік танытып, нашар команданың-ақ оңай "жеміне" айналуға душар болады. Ал команданың жеке ойыншылары өзіне - өзі сенімсіздікпен қарап, ойын барысында жарақат алып қалуы да мүмкін, олардың көңіл - күйі нашарлап, күйгелектік күй кешеді; команданың берекесі қашып, достық пен ынтымақтастық сияқты психологиялық ахуал қарапайым, сүреңсіз тіршілікке айналады.
Ойыншылардың жарыстың ең жауапты кезеңдерінде алаңда өзін - өзі ұстай алмауы, төрешілердің дұрыс шешімдерін тері түсінулері командалық сәтсіздікке ұшырауға мәжбүр етеді. Осындай командалық күйзелісте бапкерлер, жеке ойыншыларды жазалаумен әуестенбей, жаттығу мен ойынның жан стратегиясын өз ойыншыларына ұсынуларының қажеттіліктерін ескертеміз.
Жаңа ойын тактикасын мойындау үшін оның жақсы нәтижеге беретіндігін өткен ойындардағы сәтсіздіктерді екжей - текжейлі саралап, оның нанымдылығына ойыншылардың көздерін жеткізуде техникалық құралдардың көмегіне жүгінген жақсы нәтиже береді. Ескі "ірге тасқа" - жаңа қабырға тұрғызу барлық кезеңдерде де оңтайлы, бұл принцип спортшылар өмірінде көптен пайдаланып келе жатқан тәжірибе.
Жас бапкерлер барлығын да жаңадан бастауға бейім келетіні анық, бірақ жан - жақты ой елегінен өтпеген "белсенділік" "бастаушысы" сәтсіздікке ұшырататынын естен шығармаған жөн, бұрынғы бай тәжірибелерді
шығармашылықпен пайдалана білген жөн және оны құру талабымен ынтымақтастыққа жеткізген тәлімгер ғана ұжым алдында бедел иесіне айналатыны өмір шындығы.
Тактикалық қателіктерді пайда етуге себепші, әдіс - тәсілдік сипаттағы қиындықтар. Олар жеке ойыншылардың селқос ойыны, жолдасының оңтайлы қимылына дер кезінде жәрдемдесуге, кездесуге жарамсыз жәйттер.
Кейбір ойыншылар жаттығу кезінде жолдастық кездесуге немесе команда екіге бөлініп ойнаған кезде тамаша шеберліктер көрсетіп, кейде ойламаған жерден дұрыс жол таба білуге дағдыланғанын көрсетіп таңдай қақтырады, ал арнайы жарыстарда ол өз орнын таппай дәрменсіздігін көрсетіп алады, әсіресе мұндай қателіктерге ұрдыратын төмендегідей сәттер бар екендігін ескертеміз. Олар:
1. Ойын тәжірибесінің аздығы, бұрын - соңды көпшілік алдында жарысқа сирек қатысатындығынан болады;
2. Негізгі құрамада аз ойнағандығыме әліде болса командалық ойындарда оның тұрақты өз ауданының болмауына да байланысты.
3.Жаттығу барысында жарақат алған, бірақ онысын білдірмеуге тырысып, ойын барысында мүмкіншілігінен әлдеқайда нашар ойын көрсетіп, өзіне -өзі наразы болуымен әлекенеді.
Мұндай жағдайды байқаған бапкер, ойын барысындағы шәкірт қиыншылығын дер кезінде зеку арқылы шешпей, оның өз бетінше ой саралауына уақыт бөлгені жөн, тіпті ойыншы өз қателігін түзетудің мүмкіншілігін өзі бапкер көмегімен жүгінер, бұл арада ұстамдылықпен сабыр сақтау керекте шығар - халқымыз "Сабыр түбі сары алтын", немесе "іздеген жетер мұратқа" демейтін бе еді, ұлағатты ұстаздар!
Айтылған уақытша қиындықтарды жеңу үшін спорт заңына сәйкес тәсілдік әдістермен дағдыларды жүйелілік-саналылық қалыптасыру арқылы мезгеген межеге жету мүмкін. Сондықтан да мұндай тәсілдік спорт ойындарына ыждағаттылықпен дағдыландыратын арнайы жаттығуларды әр күні уақыт тауып әлденеше рет қайталау қажеттілігіне ұсыныс жасаймыз. Әлденеше рет талап ететін ойыншылардың тәсілдік әдістері ұқыптылықпен ұштап, нағыз спортшының бойында ерік күшін, қайсар - жігерін, мақсатқа жетуге деген ниетінің орындалуына толық жағдай жасайды. Спортшыға тән шеберлігі мен ойын барысында пайдаланылатын айла - тәсілденбас ойын барысында жарыс кезінде белгілі жағдайда орныққан дағдыға айналған шешімнің дұрыстығы да әсер етеді.
Команда мүшелерінің жалпы спорттық ұжымның жарыс нәтижесінде жеңіске жетуі оның арнайы бағдарламаға негізделген алдын - ала даярлығына және жарысқа түсетін қарсылас командаларының техникалық, тактикалық күшінің шамасына қарай емес, сондай-ақ команда мүшелерімен қоян - қолтық үнемі қатынаста болатын, жетістіктер мен кемшіліктерден болатын қорытынды шығара алауға мүмкіншілігі бар білікті басшылыққа да байланысты болатыны өмір заңы екендігі шындық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет