Пәні: Математиканы оқыту әдістемесі Тақырыбы: 100, 1000 көлеміндегі сандарды оқыту
Мақсаты: 100, 1000 көлеміндегі сандар ұғымына түсінік беру және оқыту әдістемесімен таныстыру.
Міндеті: 1) Білімділік: жаңа есептеу бірлігі – ондықпен (жүздікпен) таныстыру, екі (үш) таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстырудың әдістемелерімен үйрету;
2) Дамытушылық: натурал сандар ұғымдары туралы біліктерін қалыптастыру;
3) Тәрбиелік: көрнекіліктерді эстетикалық талаптарға сай дайындауға тәрбиелеу.
Типі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақ түрі: дәріс сабағы
Әдісі, тәсілі: түсіндіру, оқулықтармен жұмыс, сұрақ-жауап, математикалық диктант
Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: абақ, кеспе цифрлар, 2-сынып оқулығы
Сабақтың құрылымдық жоспары: Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ мақсатын қою
Жаңа білімді меңгерту
Бекіту: математикалық диктант жазу
Сабақты қорытындылау, бағалау және үй жұмысына нұсқау беру
Сабақтың моделі/ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу
- Түгендеу. Оқу журналымен жұмыс.
- Аудитория тазалығын бақылау.
2. Сабақ мақсатын хабарлау
3. Жаңа білімді меңгерту. 100 көлеміндегі сандар 1-2 сыныпта оқылады, 1-сыныпта толық ондықтар, жүз, ал 2-сыныпта екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйренеді.
Тақырыптың міндеттері:
Оқушылардың жаңа есептеу бірлігі – ондықпен таныстыру;
Кеспе цифрлар, 2 таңбалы сандар жазылған топшамалар.
«Жүздік» тақырыбында: оқушылар жаңа санау бірлігі – ондықпен және санау жүйесінің ең маңызды ұғымы – разряд ұғымымен танысады; ауызша және жазбаша нөмірлеудің негізін құрайтын екі таңбалы сандардың жасалу, оқылу, жазылу принциптері, сондай – ақ оларды салыстыру қарастырылады.
Бұл тақырыпты оқытудың негізгі нәтижесі ретінде: 100-ге дейін санауды, сандарды оқуды, жазуды және толық ондықтармен санауды үйренуді; разряд, разрядтық сандардың қосындысы: бір таңбалы, екі таңбалы сан; бірлік, ондық терминдерін игеруді атауға болады. Мұнда алдымен 10 көлеміндегі сандарды қайталай отырып, жекелеген бірліктерден ондық құралып, толық ондықтармен санайды, яғни 10 бірлік – ондық.
Шыбықтарды он-оннан санай отырып, бума жасалады, яғни он бірлік, бір ондық құрайтынын көрсеткеннен кейін, 11-ден 100-ге дейінгі сандардың ондықтар мен бірліктерден құралатыны көрсетіледі.
Мысалы:
Санағанда 9-дан кейінгі санды ата. Оны қалай табуға болады?
Кейінгі сан алдыңғы санға бірді қосқанда немесе алдыңғы сан келесі саннан бірді азайтқанда шығатынын қайталап, көрнекілік арқылы көрсету керек.
9-ға бірді қосқанда 10 шығады.
10 шыбықтан бір бума жасайды, демек 10 бірлік 1 ондық құрайды.
10-нан кейінгі санды шығарып ал.
10 және 1, 1 ондық 1 бірлік немесе он бір, әрі қарата шыбықтарды қосу арқылы 1 ондық және 2 бірлік, 10 және 2 немесе 12 және т.б. сандарды шығарып алуға болады. Әрі қарата разрядтық кестені пайдаланып, зат-сан цифр арасындағы байланысты ескеріп, сәйкестендіру арқылы 100-ге дейінгі сандарды құрылуы, оқылуы, жазылуы көрсетіледі.