Дәріс Баға белгілеудің нарықтық әдістері



Дата15.12.2023
өлшемі33 Kb.
#139720

Дәріс 8. Баға белгілеудің нарықтық әдістері

Бағаны анықтау кезінде сұраныс деңгейін ескеру ең маңызды фактор болып табылады. Белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін тауарды сатып алу ғана жеткіліксіз. Осыған байланысты тауардың «тұтыну бағасы» және «тұтыну шығындары» ұғымы туындайды. Мысалы, тауарды әсіресе көп уақыт пайдаланған кезде оны жөндеуге қосалқы бөлшегін сатып алуға энергия, адам еңбегі т.б шығындар қажет болады. Сондықтан, тұтынушы шығындары 2-і бөліктен тұрады:



  1. Тауардың нарықтық бағасы (сатып алу бағасы)

  2. Тұтынудың бағалары

Көп уақыт бойы қолданылатын тауарлардың тұтыну бағасы уақыт өте сатып алынған бағасынан асып түсуі мүмкін . Сол ебепті тауардың тұтыну бағасы бәсекелестік қабілеттіліктің басты факторы болып табылады. Нарық жағдайындағы баға құру кезінде «тауардың пайдалылығын» ескеру маңызды орынға ие. Себебі, сатып алушы тауарлар ішінен өзінің қажеттілігін толығырақ және ең үлкен дәрежеде қанағаттандыратын пайдалылығы жоғары тауарды таңдайды, бірақ осы тұтынушының таңдау жасаудағы басты шектеушісі ол – тұтынушының ақшалай табыс көлемі. Нарық жағдайында баға қоюдың негізгі факторы сатушы шығындары емес сатып алушының тауар құндылығы мен пайдалылығын бағалауы болып табылады. Мысалы, Ұсынылған барлық тауар ішінен тұтынушы өз қабылдауы бойынша сапалы бағасы қолайлы деп санайтын деп сатып алуы және кейбір жағдайда арзан тауарды сатып алуға қарағанда бағасы қымбат тауар тиімді деп қабылдауын ескеру нарықтық баға құру әдісінде маңызды орынға ие . Бағаны анықтаудың нарықтық әдістері тұтынушыға тауардың құнды, сапалы және басқа да артықшылықтарына ие екендігіне көз жеткіздіруді негізге ала отырып тауар бағасын белгілейді. Егер, тұтынушы тауарлар ішінен өзіне құнды деп санайтын тауарды сатып алса , бұл сатып алушының тауар құндылығын қабылдауы (сезінуі) деп аталады, және осы фактор баға құрудың басты негізі болып табылады.
Баға саясатын жүргізуде сонымен бірге клиенттің тауарға көз-қарасы, мінез-құлқы ескеріліп отырады. Икемділік көрсеткішін білу арқылы ең қолайлы сату бағасын анықтауға болады, яғни бағаны қандай бағытқа өзгерту керектігін білу мүмкіндігі бар. Бірақ, бұл әдіс тәжірибие жүзінде өте сирек қолданылады. Жаңа тауар бағасын белгілеуде икемділікті қолдануға болмайды, себебі , сатып алу көлеміне бағаның әсерін көрсеткенімен тұтынушының бағаға қатысты реакциясын тауар құндылығын қабылдауы анықтамайды. Баға құрудағы тағы бір маңызды фактор – бәсекелестік. Бәсекелестік тактикасын ұстанатын фирмалар өз тауар бағасын бәсекелестер бағасынан сәл жоғары немесе сәл төмен деңгейде белгілейді. Сондықтан, баға қою нарық құрылымына тәуелді болып келеді. Осыған байланысты баға құрудың келесі әдістері қолданылады:

  1. Ағымды бағалар әдісі

  2. Тендерлік баға белгілеу әдісі

Ағымды бағалар әдісі – шығынды анықтау қиын болған жағдайда қолданылады. Нарықтағы тауарлардың ағымдағы бағалары ескеріледі. Мұндай әдісті көбінесе нарықта жетекші орынға ие болуға ұмтылатын фирмалар және бәсекелестік дәрежесі жоғары нарықта біртекті тауарлар шығаратын бағаға әсер ету мүмкіндігі шектеулі кәсіпорындар қолданады. Мұндай кәсіпорындардың басты мақсаты: өндіріс шығындарына бақылау жасау.
Тендерлік баға белгілеу әдісі – белгілі бір келісім-шартқа (контракт) ие болу үшін бірнеше компаниялар жоғары дәрежелі бәсекелестікте болатын салаларда қолданылады. Тендерді анықтау кезінде бәсекелестер қойған бағадан бастап сол деңгеймен салыстырғанда төменірек баға қойылады. Егер, тауар басқа бәсекелестер тауарына қандай да бір сапа жағынан айырмашылықта болса тұтынушылар оны басқа тауар түрі деп қабылдаса онда бағаны бәсекелестер бағасына назар аудармай-ақ тағайындауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет