Тауар белгісі және брендинг



Дата10.04.2023
өлшемі84,54 Kb.
#81230

Тауар белгісі және брендинг

Тауар белгісі сол тауарға өндіріушінің толық құқығы барлығын және оның сапалылығын білдіреді. Бұл өз кезегінде өндірушінің жауапкершілін арттырып, тұтынушының тауарға деген сенімін туғызады.


Тауар белгісі дегеніміз – заңдық тұрғыдан қорғалған және басқа тауарлардан сөз, бейне, көлем жағынан айырмашылығын білдіре алатын ұғым. Тауар белгілеріне: 1) термин; 2) таңба; 3) сурет; 4) символ; 5) әріптер немесе сандар жатады.



«Тауар белгісі» термині «тауар таңбасы» және «брендинг» деген ұғыммен тығыз байланысты. Маркетинг бойынша экономикалық оқулықтарда олар синоним ретінде көрсетіледі.


Тауар маркісі немесе бренд дегеніміз, сатып алушы танымындағы тауар бейнесімен ұштасқан тауар белгісін білдіретін ұғым. Тауар таңбасы болған кезде ғана біз ол тауарды «бренд» деп атаймыз. «Бренд» терминінің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ, ағылшын тілінен аударғанда ол «таңба, мөр» деген мағынаны береді. Бренд – атауы, символы және сыртқы түрінің ықпалымен тұтынушы санасында бекінген, нарықта танымал сауда маркасы.
Қазақстанда брендтің даму деңгейі батыс елдермен салыстырғанда төмен. Оның негізгі себептері – тауарды өткізудегі бренд рөлін дұрыс бағаламау және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі. Қазіргі заманда нарықта сатып алушылардың санасын жаулап алу үшін әйгілі тауар белгілерінің арасында қатаң күрес жүріп жатыр.

(С.Р. Есімжанованың «Маркетинг» оқулығынан)


Тауар – товар
Тауар белгісі – товарный знак
Тауар маркісі – товарная марка
Мағына – смысл, значение
Таңба – метка
Бренд – бренд
Сатып алушы – покупатель
Сана – сознание, разум
Жаулп алу – завоевать
Әйгілі – известный
Сауда – торговля




Лексикалық минумум

1


Берілген мәтінге түйіндеме жазыңыз (3-4 сөйлем) және жоспар құрыңыз, 5 сұрақ-жауап құрастырыңыз.





Қажетті сөздер мен сөзтіркестері: аталған мәтінде, қарастырылады, сипатталады, тауар, тауардың сапасы, тауар белгісі, тиімді.

2


Берілген тауар белгілері қандай тауардыкі екенін анықтап, олардың тауарларының сапасы туралы жазыңыз.






Тағада жазу

3


Сұрақтарға жауап беріңіз.



- Тауар белгісі деген не?
- Тауар белгілеріне не жатады?
- Бренд дегенді қалай түсінесіз?
- Қазақстанда брендтің даму деңгейі қандай?
- Отандық брендтік тауарларды өндіру үшін не қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет