1999 жылы 19 маусымда Болон декларациясына қол қойылды + артықшылықтары
Болон процесі - жоғары білімнің бірыңғай Еуропалық кеңістігін құру мақсатында Еуропа елдерінің жоғары білім беру жүйелерін жақындастыру және үйлестіру процесі. 2010 жылы Будапештте Қазақстанның Болон Декларациясына қосылуы туралы шешім қабылданды. Қазақстан-Еуропалық білім кеңістігінің толық құқықты мүшесі деп танылған алғашқы Орталық Азия мемлекеті Болон процесінің міндетті параметрлері: • Жоғары білім берудің үш деңгейлі жүйесі;
• ECTS академиялық кредиттері;
• Жоғары оқу орындарының студенттері, оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы;
• Дипломға еуропалық қосымша;
• Жоғары білім сапасын бақылау;
• Бірыңғай еуропалық зерттеу кеңістігін құру. Болон процесінің ұсынымдық параметрлері: • Бірыңғай еуропалық бағалау;
• Студенттердің белсенді қатысуы;
• Аз қамтылған студенттерді әлеуметтік қолдау;
• Өмір бойы білім алу.
Кредит
ECTS (ағылш. European Credit Transfer and Accumulation System-балл жинау және аударудың Еуропалық жүйесі) - білім беру бағдарламасын немесе курсты игеру кезінде студенттердің оқу жұмысын есепке алудың жалпы Еуропалық жүйесі. Іс жүзінде ECTS жүйесі студенттердің Еуропалық Одақтың және осы жүйені қабылдаған басқа еуропа елдерінің барлық аумағында бір оқу орнынан екіншісіне ауысуы кезінде қолданылады.